Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында жаңа дәріхана ашылды. Бұл туралы Боранқұл ауылының әкімі Мәжит Төреғожин мәлім етті. Оның мәліметінше, ауылда халық саны жеті мыңнан асады. Бұрын ауылда екі дәріхана болған. Енді жергілікті тұрғындарға қызмет көрсететін үшінші дәріхана да іске қосылды. Мәжит ТӨРЕҒОЖИН, Боранқұл ауылының әкімі Бұл дәріхана Бейнеу ауданының коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық барысында ашылды. Нәтижесінде, ауылдың үш тұрғыны жұмыспен қамтылған. Біреуі дәріхана меңгерушісі болса, екеуі дәріхана сатушысы. Нысанды ашуға 3,5 млн. теңге қаржы жұмсалды. Қазіргі таңда екі айға жеткілікті дәрілік қорымыз бар және дәрілер бағасы да қолжетімді.
Автор: Сайт әкімшілігі
Белорусь республикасында «Көршілер шеруі» деген жаңа атаумен үкіметке қарсы наразылық акциясы өтті. Адамдар шеруге көршілерін бірге ертіп шыққан. Бұл – Минск, Гродно, Гомель, Брест және басқа да қалаларда болып жатқан 17-ші наразылық жексенбісі. Суық ауа райына қарамастан көшеге шыққандар саны мыңнан асқан. Жексенбі күні кешке Белорусьтің «Весна» құқық қорғау тобы 170 адам ұсталғанын хабарлаған. Жергілікті Телеграм арналарында полицияның наразылық білдірушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ бен резеңке таяқ қолданғанын анық көрсететін бейнежазбалар жарияланды. Белорусь Республикасындағы наразылық 9 тамызда өткен президенттік сайлаудан бері басылмай келеді.
«Дара тұлға, дана тұлға – Елбасы» тақырыбында Индер аудандық мәдениет үйінде Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты жиналыс өтті. Жиында аудан әкімі аймақтың соңғы отыз жылда жеткен жетістіктерін Елбасы саясатының жемісі екенін сөз етті. Шара барысында аймақтың еңбек ардагерлеріне «Индер ауданының құрметті азаматы» атағы беріліп, бір топ сала қызметкеріне аудан әкімі мен мәслихаттың Алғыс хаты табысталды. Жиынға облыс орталығынан Академиялық Дина Нұрпейісова атындағы халық аспаптар оркестрі арнайы келіп өз өнерлерін паш етті. Олар бабалар ғұмырынан сыр шертетін күйлер мен әуезді әуенге толы сыршыл әндерді паш етіп, көптің ықыласына бөленді. Жергілікті өнерпаздар да тыс қалмай, мереке шырайын аша түсті.
Франция прокуратурасы қара нәсілді продюсер Мишель Зеклерді ұрып-соғуға қатысқан 4 полицияға айып тақты. Оларға лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қызметтерін асыра пайдаланып зорлық-зомбылық көрсетті деген кінә тағылуда. Сондай-ақ, оқиғадан кейін берілген есепте жәбірленушіге қатысты жалған түсініктеме берген. Прокуратура 3 айыпталушыны айғақтарды үйлестіріп, куәгерлерге қысым көрсетпеу мақсатында қамауға алуды сұраған. Ал төртіншісі бостандықта қалады, бірақ үнемі тергеу судьяның бақылауында болады. Бұл істі қадағалап отырған прокурор Реми Эйтц баспасөз мәслихатында айыпталушылардың алғашқы жауап алу кезінде берген айғақтары туралы айтып берді. Реми Эйтц, прокурор Олар жәбірленушіні соққыға жыққандарын мойындады, бірақ оны қарсы тараптың көрсеткен қарсылығы мен оны ұстау мақсатында жасалды деп түсіндірді. Зеклерді басқаша…
«Тұңғыш Президент күні» Назарбаев Зияткерлік мектептерінде дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар марафонымен басталды. NIS-тің барлық YouTube арналарында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Нұрғиса Тілендиевтің белгілі туындылары орындалды. ⠀ Бірінші желтоқсанға Зияткерлік мектептер желісінде ауқымды бағдарлама жоспарланған. Мерекелік марафон Өскеменде «Елбасы сүйген ел әні» бейнечелленджімен басталып, кейін эстафета Қарағандыдағы және Петропавлдағы Зияткерлік мектептерге жолданды.⠀ ⠀ Оралда «Президенттің бастамалары» тақырыбындағы NIS Tallks мәжілісі өтті. Қостанайда «Елбасының кітаптары» атты виртуалды көрме әзірленуде. Қызылордадағы зияткерлік ойынға оқушылармен біргек олардың ата-аналары да қатысатын болады. Павлодарда «Замандастар жырлары» жобасы аясында дикторлар клубы көркем оқудан «Тәуелсіз елдің ұландары» байқауын ұйымдастырмақ.⠀ Талдықорғанда кездесуге Алтын домбыраның екі дүркін иегері, «Дарын» мемлекеттік…
Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің әскери кафедрасында екінші курстың 100-ден аса студенті алғаш рет онлайн форматта іріктелді. Карантиндік шектеулерге байланысты оқыту қашықтан жүзеге асырылуда. Әскери кафедраға іріктеу кезінде студенттер Атырау қорғаныс істері жөніндегі Басқармасының медициналық комиссиясынан және университеттегі психологиялық тестілеуден өтті. Үміткерлердің дене дайындығы «Дене шынықтыру» пәні бойынша бағаланды. Алайда сутедентті қабылдау үшін 1 курстағы үлгерімі негізге алынды. Серік АБСАМАТОВ, әскери кафедра бастығы, запастағы подполковник Карантиндік шектеулерді ескере отырып, студенттер қашықтықтан оқыту қызметтерін пайдалану арқылы оқытылуда. Оқу процесі белгіленген күндері үзіліссіз өтеді. Барлық пәндер бойынша конспектілер мен тапсырмаларды студенттердің электронды поштасына жібереміз. Бүгінгі күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің әскери кафедрасында, болашақ запастағы…
ҚР Тұңғыш Президент күніне орай, Жылыой аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне жаңа ғимарат берілді. Он сегіз кабинеттен тұратын, қосқабатты нысанда мұрағат істерін сақтауға арналған бөлме, бейнеконференция өткізетін мәжіліс залы және өз-өзіне қызмет көрсету аймағы орналасқан. Заман талабына сай жасақталған сәулетті құрылысқа 175 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалды. Ғимаратты жобалау барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы да назарға алынған. Нұржарық САУЫТОВ, Жылыой аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Бұл ғимараттың құрылысы былтыр наурыз айында басталған. Енді, міне, тапсырып жатыр. Жұмысымызды жаңа ғимараттан бастап жатырмыз. Өте жақсы салынған, жаңа талапқа сай, ішінде барлық жағдай…
Атырауда әлі қата қоймаған мұздың үстіне шыққандарды тоқтату мүмкін болмай отыр. Қалыңдығы 5 см ғана болатын жұқа қатқақта басын бәйгеге тігетіндердің көбі – балықшылар. Қауіптің алдын алу мақсатында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері кезекті рейдке шықты. Дегенмен өз өміріне қауіп төндірген тұрғындарға түсінік жұмыстары жүргізілмеді, хаттама толтырылмады. Еламан ХАБИБУЛИН, Дамбы инспекция бөлімінің басшысы Бүгінге дейін 50 шақты заңсыз ау құралын шығардық. Жайық бойын жағалаған атыраулқтарға мұздың өте қауіпті екенін айтқым келеді. Ойнайтын жер емес. Заңсыз балық аулаумен айналысса да, біз үшін, ең алдымен, олардың өмірі маңызды.
Маңғыстау облысында Департамент бастығы Жанарбек Бақтыбаев кезекті гарнизондық жиынды өткізді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Департамент бастығы Ж.Бақтыбаев қарамағындағы қызметкерлерге жедел жағдайды жеткізіп, полицейлердің алдында тұрған міндеттерді нақтылады. 17 қарашадан бастап елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше режиміне көшірілгені белгілі. Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің басшысының айтуынша, эпидемиологиялық жағдай шиеленіскен кезде ішкі істер органдары жеке құрамының қатысуымен санитарлық және блок-бекеттерді қою ұйымдастырылады. Бұдан басқа, Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес 23–30 қараша аралығында республика аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, онда ІІО-да есепте тұрған адамдарды, бұрын сотталғандарды, маскүнемдерді, нашақорларды, психикалық аурулары бар адамдарды және…
1 желтоқсаннан бастап Ла-Манш маңындағы француз жағалауын бақылайтын патрульдер мен техникалық құралдар саны екі есеге көбеймек. Париж бен Лондон арасындағы мұндай келісім шекарадан өтетін мигранттар ағынын тоқтату үшін жасалып отыр. Ұлыбритания дрон, радар, камера және түнде көруге мүмкіндік беретін дүрбілер үшін 31 миллион еуродан аса қаражат жұмсамақ. Ортақ келісімге келу үшін бірнеше ай бойы келіссөздер жүргізілген. Тіпті, Ұлыбритания Францияны мигранттарды тоқтату үшін нақты әрекеттерге бармай отыр деп те айыптаған. Жыл басынан бері 8 мыңнан астам адам британ жағалауларына жеңіл қайықтар арқылы, кейбіреуі құтқару кеудешелерін киіп өздері жүзіп жетуге тырысқан. Ресми мәліметтерге сүйенсек, олардың жетеуі көз жұмған. Бірақ суға кеткендердің саны…
