Автор: Сайт әкімшілігі

Тұңғыш Президент күні қарсаңында мақаттық тұрғындар марапатқа бөленді. Мәдениет үйінде өрбіген шарада Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының өмірбаяны мен саяси еңбек жолына шолу жасалды. Мінберде сөз алған аудан әкімі жұртшылықты тарихтағы таңдаулы күнмен құттықтап, елімізді жетістікке жетелеген Тұңғыш Президенттің ерен еңбегіне тоқталды. Салтанатты шарада ауданның дамуына үлес қосқан 12 қызметкерге елеулі еңбегі үшін Алғыс хат табысталды. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне жаңадан қабылданғандарға партиялық билет табысталды. Еңбектері еленгендер билікке алғыстарын білдірді. Олардың қатарында темір жонушыдан бастап етікшіге дейін бар. Мерекені тойлауға жиналған көпшілікке ән-күйден шашу шашылды. Мақат балалар өнер мектебі жанынан құрылған фольклорлық ансамбльдің өнерпаздары көптің көңілін шалқытты.

Read More

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ақтау, Атырау және Ақтөбе гарнизондарының әскери бөлімдеріне шақырылған 600-ден астам мерзімді әскери қызметші ант қабылдады. Ақтауда 350 теңіз жаяу әскері Отан алдындағы борышты өтеуге ант берді. Бұл туралы МаңғыстауМедиа хабарлады. Салтанатты рәсімге «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Нұрлан Алдияров, қолбасшы орынбасарлары, бөлім командирлері және Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты. Әскери ант бергеннен кейін жас сарбаздар қонақтарға қоян-қолтық ұрыс және саптық даярлық элементтерін көрсетті. Биыл карантиндік шектеулерге байланысты әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындары келіп, жас сарбаздарды қолдап, құттықтай алмады. Алайда ата-аналары мен туыстарынан келіп түскен хаттарды олардың командирлері трибунадан оқып берді. Ант қабылдағаннан кейін әскери міндеттілер…

Read More

Германияның батысындағы Трир көшелерінің бірінде көлік жаяу жүргіншілерді қағып, бесеуін құрбан етті. Олардың қатарында сәби де бар. Сондай-ақ, 15 шақты адам түрлі дәрежедегі жарақат алған. Полиция өкілдері көліктің ұсталғанын және жүргізушінің қамауға алынғанын хабарлады. Күдікті 51 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Прокурордың айтуынша, ол мүмкіндігінше көп адамды қасақана қағуды мақсат еткен. Алайда оқиға себебі әлі белгісіз. Полиция күдіктіге қатысты саяси немесе діни мәліметтер жоқ деп мәлімдеді. Оның бұрын сотталмағаны ғана белгілі. Көлікті мас күйінде жүргізген күдікті психикалық есепте тұрған көрінеді. Германия канцлері Ангела Меркель қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты. Адам өліміне себепкер болған қылмыскерді түрмеге немесе психиатриялық мекемеге жіберу туралы…

Read More

«Металлист Р» ЖШС қызметкерлері теңіз жағалау бетінің мұздануына байланысты 3 күн бойы жағаға шыға алмаған. Оларды Маңғыстау облысы ТЖД және ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері құтқарды. Бұл туралы МаңғыстауМедиа хабарлады. Зардап шеккендерді құтқаруға ҚР Қорғаныс Министрлігі Ақтау қаласындағы ұшу құрамының 5 әскери қызметшісі бар Ми-8 тікұшағы жұмылдырылды. Сонымен қатар, құрамында 6 құтқарушы, 1 техника және 2 жүзу құралы бар Маңғыстау облыстық ТЖД жіберілді. 29 қараша күні шамамен 19:00-де құтқарушылардың жоғары кәсіпқойлығының нәтижесінде, 7 адам жағалауға жеткізілді. Олардың бәріне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жылы киім мен азық-түлік үлестірілген. 26 қараша күні «Металлист Р» ЖШС-ның 7 қызметкері «Байда» моторлы қайығымен теңізге шыққан…

Read More

Ақтау–Құрық тасжолының 38-шақырымында орналасқан екі су резервуарының құрылысы аяқталды. Бұл туралы Қарақия аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Баймұрат Әбілов мәлімдеді. Аталған су резервуарының әрқайсысының сыйымдылығы – 1000 м³. Құрылыс жұмыстарын «Мантеком» ЖШС мердігер мекемесі жүргізді. Баймұрат ӘБІЛОВ, Қарақия аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Сорғы стансасын толықтай жаңартып, оны қайта құрылымдау қарастырылған болатын. Атап айтқанда, маркасы «ЦНС 180-85» электр қозғалтқышты қайта жөндеу және сорғы құрылғысын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, сорғы стансасының ғимараты жаңартылып, ескі электр трансформаторын, сыртқы жарықшамдарды, толықтай құбыр бұрандаларын ауыстыру жұмыстары бітті. Орнатылған су резервуарларының сыртқы беті жылытқыш минералды плиталармен қапталып, сорғылар…

Read More

Қазақстандықтар желтоқсан айында 11 күн демалады. Оның төрт күні мерекеге байланысты бекітілген. Желтоқсанның жартысына жуығы демалыспен өтетінін бәрі біледі. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. 5, 6, 12, 13, 26 және 27-ші желтоқсан сенбі-жексенбіге тап келіп тұр. Ал 16,17, 18 және 19 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай күнтізбеде қызылмен белгіленген. Бірақ 20-ы, яғни, жексенбіде қазақстандықтар жұмыс істейді. Атырау облысының бас санитар дәрігерінің карантиндік шектеулерге байланысты шығарған соңғы қаулысына сәйкес, мереке күндері қоғамдық көлік қатынасы тоқтамаса да, сауда ойын-сауық орталықтары мен базарлар жұмыс істемейді.

Read More

Ақтауға аққулардың алғашқы легі ұшып жетті. Қанаттыларды өз көзімен көру үшін көрші облыстардан арнайы келетіндер көп. Экологтардың айтуынша, құстар Ақтау жағалауына 50 жылдан бері тұрақты қыстап келеді. Осылайша, Каспий теңізі туристер үшін тек жазда ғана емес, қыста да қызықты. Махаббат символы саналатын құстардың екі түрі бар: сыбырлақ және сұңқылдақ. Олардың орташа салмағы 8–13 келіні тартады. Денесінің ұзындығы 180 см-ге дейін жетеді. Сұр түсті балапандарын «көгілдір» деп атайды. Негізі, су астындағы өсімдіктермен және омыртқасыздармен қореқтенеді. 80-ші жылдары 400-дейі ұшып жеткен.  Қазір олардың саны әлдеқайда аз. Теңіздің тұздылығынан мұз қатпайтындықтан, аққулар көктемнің басына дейін болып, салқын жаққа қарай ұшып кетеді.

Read More

Нигерияның Борно штатындағы күріш алқабында кем дегенде 110 фермер қаза тапты. Оларға «Боко харам» экстремистік тобы шабуыл жасады деген күдік бар. Сенбіде қарулы адамдар Кошобе ауылына мотоциклмен келіп, жұмысшыларды бауыздап өлтірген. Сол күні Борно штатында соңғы 13 жылда алғаш рет жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау өткен еді. Бабагана Умара Зулум, Борно штатының губернаторы Біз азаматтық біріккен жұмыс тобында қызмет ететіндер қатарын көбейтеміз. Сонымен қатар, қылмыскерлерге тойтарыс бере алатында қосымша күш жинаймыз. Өткен айда Борно штатында 22 шаруа қызметкері экстремистердің құрбанына айналған. Әбубакар Маина, фермерлер ассоциациясының төрағасы Фермадағы жұмысымыз басталғалы мұндай мәселе туындаған жоқ. Бірақ бұл жолы біз үлкен шығынға ұшырадық.…

Read More

Сәуір айында «ОПЕК-ке» мүше және құрамында жоқ елдер пандемияға байланысты сұраныстың күрт төмендеуіне қарай бірауыздан алдағы 2 жылда мұнай өнімділігін азайтуға шешім қабылдаған еді. Нақтырақ айтқанда, мұнай өндіруді ұжымдық түрде күніне 9 миллион 700 мың баррельге азайту көзделген. Ал Қазақстан өндірісті тәулігіне 390 мың баррельге қысқартуға міндеттеме алды. Бұл қысқартулардың жартысына жуығы Теңіз бен Қашағанға тиесілі. Соңғы деректерге сүйенсек, «ОПЕК-пен» арадағы келісімге қарамастан Қазақстанның  мұнай өндірісін бір деңгейде ұстап тұруға қарсы екені белгілі болды. Мұндай пікірді қолдаушылар арасында  Бірікккен Араб Әмірлігі де бар.  Дегенмен Ресей мен Сауд Арабиясы мұнай көлемін арттыруға құлық танытып отырған жоқ. Енді «ОПЕК» құрамындағы елдердің қандай…

Read More

Ақтауда жекеменшік мектеп-балабақша иелері білім ошақтарының толық ашылуын сұрайды. Өйткені, әбден шығынға батып, карантиннің зардабын тартып отырмыз дейді. 180 балаға лайықталған оқу ордасының басшылығы қаулы бойынша тек 1 сыныпты оқытып отырғандықтан ұстаздарға жалақы бере алмай қиналғанын айтады. Еліміздің бас санитар дәрігері 300 оқушыға дейін білім алуға рұқсат еткенде жергілікті эпидемиологтардың шектеуін түсіне алмай отырмыз дейді. Лариса ГУРЬЕВА, жекеменшік мектеп-балабақша құрылтайшысы Біздің облыста жағдай тұрақты, індет қалыпты жағдайда болғанына қарамастан карантин талаптары жеңілдемей тұр. Онлайн сабақтарға оқушылардың біразы қатыспай жүйкеге салмақ түсіруде. Бізде бала саны 300-ге жетпейді. Тек қана бастауыш сыныптарды оқытамыз. Бұл талаптар бізге жасалған қысым деп ойлаймыз. Мәселе кәсіпкерлер…

Read More