Тұңғыш Президент күні кешкісін Алмалы ауылында тоқтатылған «Daewoo Мatiz» автокөлігінің 33 жасар жүргізушісінің ішімдік ішкені анықталды. Сондай-ақ, 2 желтоқсан күні сағат 02:30 шамасында қаладағы Гагарин–Тайманов көшелерінің қиылысында «Ваз 2104» автокөлігі тоқтатылды. Тексеріс кезінде көлік жүргізушісі 1988 жылғы Өзбекстан Республикасының азаматының масаң күйде екені байқалды. Сараптама қортындысы жүргізушінің ішімдік ішкенін көрсетті. Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен «Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы» әкімшілік хаттамалар толтырылды. Мамандандырылған әкімшілік сот шешімімен масаң күйде көлік тізгіндеген екі жүргізушіде 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Сот қаулысында көрсетілген жазаны өтеп болған соң, ары қарай шешім қабылдау үшін, шетел азаматына қатысты іс-құжаттар…
Автор: Сайт әкімшілігі
Биыл Атырауда тек «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында қалада 368 жас уақытша жұмыспен қамтылған. Өткен жылғы көрсеткіш 500-ден асқан еді. Жалпы, шаhарда жұмыссыз ретінде былтыр 4 100-ге жуық жас, ал осы жылдың басынан бері 2 500-ден астамы жұмыссыз ретінде тіркелген. Алайда жоғары оқу орындарында қашықтан білім алып жатқандар жоба аясында қызметке тұра алмайды екен. Нариман СӘЛІМОВ, қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Егер студент болса, бәрібір қатыса алмайды. Себебі, студент жұмыссызға саналмайды. Студент студент болып қала береді, дерекқорын қараған кезде оқушы деп шығарып тұрады. Сол себепті, оларды қамту мүмкін болмай қалды. Енді оларға қойылатын арнайы шектеу жоқ. Бастысы, қолына диплом алғаннан…
Маңғыстау облысында сұйытылған газ мәселесі өршіп тұр. Осыған байланысты газ құю бекеттерінің иесі журналистерден көмек сұрады. Жиналған кәсіпкерлер газ көлемінің тең бөлінбейтініне наразы. Газ желісі ұйымы арқылы дайын өнім алып отырған олардың бір айлық көлемі бүгінде 8 тоннаға әрең жетеді. Жыл басындағы жағдаймен салыстырғанда төрт процентке азайған. Тағанияз БОҚАНОВ, кәсіпкер Біз 2018 жылдан бері Астанаға да бардық, министрлікке де бардық. 10-15 рет хат жаздық. Бірақ нәтиже шыққан жоқ. ГСО-ны жабу керек деп талап етіп отырмыз. Олжас ТАУБОЛҒАНОВ, кәсіпкер Заңды өзгертпей-ақ қойсын, заңға бір қосымша енгізіп берсін. Егер де газды тұтынушылар зауыттан 200 км. алыс орналасса, онда ГСО арқылы жұмыс жасауға…
Армения оппозициясы премьер-министрді отставкаға жіберу мақсатынан бас тартпай отыр. Осыған байланысты Ереван үкіметі ғимаратының алдында тағы да наразылық акциясы өтті. Белсенділер ел астанасының орталық даңғылы мен бірнеше көшесін жауып тастаған. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше акция кезінде 35 адам ұсталған. Пашинянның отставкасын талап ету 9 қараша күні Таулы Қарабақтағы атысты тоқтату туралы келісімнен кейін басталды. Армения халқы Ереванның Бакуге Келбаджар, Лачин және Агдам аудандарын беруге қарсы. Олар премьер-министрді сатқындық жасады деп айыптап отыр. Бірақ Пашинян бұл жағдайда көрші елмен бітімге келгеннен басқа амал жоқтығын және елдің болашағы үшін осындай қадамға барғандығын алға тартты. Ел президенті Армен Саркисян да премьер-министрдің отставкаға кетуін және…
Францияның экс-президенті Валери Жискар д’Эстен 95 жасында дүниеден өтті. Мұндай ақпаратты туыстары да растады. Соңғы айларда ол жүрек ауруымен бірнеше рет ауруханаға түскен. Бірақ оның өліміне коронавирустық инфекцияның салдары себеп болған көрінеді. Жискар д’Эстен 1977–1981 жылдар аралығында президент лауазымында болды. Сол жылдары Франция мен КСРО арасында достық саясат жүрген. Ол Франция экс-президенттерінің ішіндегі ең үлкені және сол мәртебені ұзақ жылдар бойы сақтаған басшы болды.
Ақтауда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаттығу залы ашылды. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап МаңғыстауМедиа хабарлады. Азат Есіркепов жаттығу залын ашу туралы ойын алғаш Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшыларына жеткізген. Азат ЕСІРКЕПОВ, Ақтау тұрғыны «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына барып бизнес-жоспар құрдым. Интернет арқылы залға қажетті құрал-жабдықтарды іздеп, қоғамдық бірлестік туралы заңнаманы зерттедім. Демеушілердің арқасында осындай 60 шаршы метр болатын шағын залды аштық. Жалпы, мүмкіндігі шектеулі жандар тірек-қимыл қозғалысы зақымданған, көру және есту мүмкіндігінен айырылған спортшылар болып үш топқа бөлінеді. Әрқайсысы өз мүмкіндігіне қарай спорт түрін таңдап, жаттығады. Шұғылданатын спорт түрі де негізгі үш топқа бөлінген.…
Тұңғыш Президент күніне орай, Жаңаөзен қалалық ауруханасында жаңа мемлекеттік ПТР зертханасы ашылды. Лабораториялық орталық тәулігіне 300 анализ қабылдайды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті. Оның айтуынша, облыстық обаға қарсы күрес стансасының базасында жылжымалы ПТР зертханасы да бар. Бұл зертхана әлі қолданылмады. Қажеттілік туындаған жағдайда жүрмелі аппарат кез келген ауданға жіберіледі. Маңғыстау облысының аумағында 2020 жылдың 27 наурызы мен 2 желтоқсан аралығында 3 436 COVID-19 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 1 175 шағымы бар, 2 261 шағымсыз науқас анықталып отыр. Ғазиз НАДУОВ, Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау…
Маңғыстауда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар бағыттағы жол жабылды. Бұл туралы МаңғыстауМедиа хабарлады. Маңғыстау облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері республикалық маңызы бар Ақтау–Құрық, Ақтау–Жетібай, Жетібай–Жаңаөзен, Жетібай–Шетпе, Форт-Шевченкоға дейінгі 43 шақырым жолды жабады. Жанарбек БАҚТЫБАЕВ, полиция генерал-майоры Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін сақтаңыздар. Ауа райының қиын жағдайларында өте мұқият және сақ болыңыздар. Жылдамдық режимін, қашықтықты сақтауға, жол белгілерінің талаптарын орындауға және күрт маневрлерді болдырмауға, қысқы кезеңде тозған және жазғы резеңкеде жүруге жол бермеуге ерекше назар аудару қажет.
Испания археологтары Сарагоса провинциясындағы Таус қаласында орналасқан 8 ғасырдағы үлкен Ислам қорымынан 400-ге жуық қабір тапқан. Сарапшылардың пікірінше, бұл зиратта шамамен 5 000-ға жуық адам жерленген болуы мүмкін. Бұл ғалымдардың халифаттар дәуіріндегі мұсылман қауымдастығының тарихы туралы түсініктерін өзгертеді, дейді олар. Археологиялық қазба жұмыстары 2010 жылы басталды. Табылған қалдықтар ДНК талдауы мен зерттеулер жүргізу үшін зертханаға жіберіледі. Сарагоса првинциясын қамтитын Арагон автономды қоғамдастығының билігі бұл жерге инфрақұрылым жүргізетіндіктен аумақты қабірлерден тазарту туралы шешім қабылдаған. Қазіргі таңда оларды қайта жерлеу мәселесі қарастырылып жатыр.
Облыстық перинаталдық орталықтың экс-басшысын айыптаушы тарап дәл қазір соттан 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Атырауда тоңазытқышта жан тапсырған шақалақтың өліміне күдікті Қуаныш Нысанбаев пен оның төрт қызметкері турасындағы іс бойынша жарыссөз басталды. Прокурорлар сәби өліміне қатысы барларды 20 және 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Нұржан ЖӘҢГЕРЕЕВ, прокурор Жазаларды ішінара қосу арқылы Қуаныш Нысанбаевты 20 жыл бас бостандығынан айыруыңызды сұраймын. Қайыржан Асқар мен Жәмила Құлбатыроваға қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлімі бойынша 7, 14 қылмыстар бойынша кіналі деп танып, олардың әрқайсысын 17 жыл бас бостандығынан айыруды сұраймын. Айыптаушы тарап қылмысты хабарламағаны үшін неонатолог-дәрігерге үш жыл беруін, сондай-ақ, жәбірленушінің моральдық шығынын…
