Маңғыстауда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар бағыттағы жол жабылды. Бұл туралы МаңғыстауМедиа хабарлады.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері республикалық маңызы бар Ақтау–Құрық, Ақтау–Жетібай, Жетібай–Жаңаөзен, Жетібай–Шетпе, Форт-Шевченкоға дейінгі 43 шақырым жолды жабады.
Жанарбек БАҚТЫБАЕВ, полиция генерал-майоры
Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін сақтаңыздар. Ауа райының қиын жағдайларында өте мұқият және сақ болыңыздар. Жылдамдық режимін, қашықтықты сақтауға, жол белгілерінің талаптарын орындауға және күрт маневрлерді болдырмауға, қысқы кезеңде тозған және жазғы резеңкеде жүруге жол бермеуге ерекше назар аудару қажет.