«Қазтелерадио» АҚ «Ұлттық эфирлік цифрлық телехабар тарату желісі» жобасы аясында өңірдегі сегіз радиотелевизиялық стансаға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Олардың қатарында Мақат, Индербор, Құлсары, Миялы, Қаракөл, Сағыз, Зинеден, Сафоновка елдімекендері бар. Енді жергілікті телеарналар аймаққа қарасты 64 елдімекеннің 170 мың тұрғынына хабар таратады. Арон САБИРОВ, «Қазтелерадио» АҚ облыстық радиотелехабар тарату дирекциясының директоры Бұл 11 арна цифрлық сапада, еш абоненттік төлемсіз қосылады. Келер жылы тағы 9 стансаға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Қазір цифрлық эфирлік телехабар тарату арқылы тұрғындардың 80 процентін қамтысақ, алдағы жылы облыстың барлық көрерменін 100 процентке қамтамасыз етеміз. Егер үйіңіздегі теледидар 2013 жылдан бері қарай шыққан болса, қарапайым үй антеннасын…
Автор: Сайт әкімшілігі
Маңғыстау облысында алғаш рет қант зауыты ашылды. Жаңаөзен қаласында бой түзеген ірі кәсіпорын енді өңір халқын толықтай отандық өніммен қамтамасыз етпек. Озық технологиямен жарақтанып, жаңа мамандар сақадай сай отыр. Қытай мен тәжік технологтары жергілікті қызметкерлерге жұмыс істеу әдісін үйреткен. Жоба құны—280 млн тг-ге жуықтайды. Зауыт жылына 3 мың 600 тн өнім шығаруға қауқарлы. Ерболат СҮЛЕЙМЕНОВ, қант зауытының директоры Қазақстандағы үлкен зауыттардың көбі қызылшамен жұмыс жасайды. Біз қант құрағын пайдаланамыз. Себебі, біздің аймағымызда қызылша өспейді. Әдеттегі өнімнен ешқандай кем болмайды. Шикізатты карантинге байланысты Ресейден аламыз деп шештік. Шикізат қамыс тектес қант өндіретін өсімдіктен жасалған. Өндіріс ошағы 30-дан астам адамға тұрақты жұмыс…
Еуропалық «Gaia» орбиталық телескопы Құс жолының егжей-тегжейлі үш өлшемді картасын жасап шығарды. Онда бір миллиард сегіз жүз мың миллионнан астам аспан денесі аса дәлдікпен белгіленген. Телескоп орбитаға 2013 жылдың желтоқсанында жіберілген еді. Жұлдыздарды телескоп арқылы бақылау ғалымдарға аспан денелері мен жер шарының қалыптасу процесін жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Гюнтер Хазингре, ғалым Біз Құс жолының тарихын зерттеп жатырмыз. Археологтар секілді өткенге үңілеміз, бірақ біз бірнеше миллиард жыл бұрынғы уақытқа, Күн пайда болмаған кезге қарай жүреміз. Осылайша, алғашқы кезеңдегі Құс жолы туралы анықтаймыз. Ол болашақты болжауға көмектеседі. Қазіргі уақытта ғарышқа ұшу қолжетімді іске айналды. Оған қызығушылық танытып жатқан ел де көп. Бір…
Қазақ даласының данасы да, дарасы да болған ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде дәстүрлі студенттік- практикалық коонференция өтті. Ғұмырын ағартушылыққа арнап, келешек ұрпақты озық елдердің мәдениетін сіңіруге шақырған ерен тұлғаның үлгі-өнегесінің ғасырлар өтсе де өлмейтіні сөзсіз. Тағылымды іс-шара үш тілде өтті. Болат НЫҒМЕТОВ, С.Өтебаев атындағы АтМГУ доценті «Абай және қоғамның рухани дамуы» атты конференцияның тақырыбында көрсетілгендей, қоғамымыздың рухани өркениет мәселесінде студенттер өздерінің ойын білдіріп жатыр. Бұл – біздің дәстүрлі конференция. Қазір аясы кеңейіп, Абай атындағы педагогикалық университет пен Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері онлайн қатысып отыр. Шара карантиндік шектеулерге байланысты онлайн және…
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, Атырау облысы «сары» аймаққа енді. Кеше ғана облыстың бас санитариялық дәрігерінің орынбасары бұл күннің ауылы алыс деген еді. Алайда бір тәуліктен кейін-ақ дабыл қағатын жағдайға жеттік. Ал санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментіжұмған аузын ашар емес. Ал бас санитардың орынбасары өңірдің сары аймаққа толықтай енбегенін айтып отыр. Себебі, вирустың ошағы әзірге тұтастай облысты емес, тек Теңіз кен орнында болғандықтан, карантиндік шектеулер қатаңдатылмайтын көрінеді.
Құрғақшылықтан зардап шегіп отқан Намибия өз аумағында пілдердің санын азайту үшін 170 сүтқоректіні сатылымға шығарды. Мұндай жарнаманы қоршаған ортаны қорғау, орман шаруашылығы және туризм министрлігі жариялады. Жануарларды аукцион арқылы ел ішіндегі, одан тыс елдердегі сатып алушылар да ала алады. Сауда-саттыққа қатысушылар пілдерді ұстауға тиісті жағдайдың бар екендігін растайтын және олардың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін құралдардың болуына қатысты құжаттық кепілдіктерді ұсынуы керек. Сондай-ақ, шетелдік сатып алушылар өз елдеріне пілдерді әкелуге рұқсат беретін кедендік құжаттарды ұсынуға міндетті.
Жылыой ауданында «Жастар тәжірибесі» жобасы аясында жоғарғы және арнаулы оқу орнын тәмамдаушыларды жұмысқа орналастыру жүйелі жүзеге асуда. Жарты жыл мерзімге мекемелерге уақытша тағылымдамадан өтуге жіберілген жүзден аса түлектің көбі бүгінде тұрақты жұмысқа орналасқан. Әділхан ҚАБЫЛОВ, Жылыой аудандық Жұмыспен қамту орталығының қызметкері Жыл басынан бері орталыққа 102 жас тіркеліп, мамандықтарына сәйкес аудан көлеміндегі мекемелерге тәжірибе жинауға жолданды. Күні бүгінге дейін «Жастар тәжірибесіне» қатысушы жас мамандардың 70 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Осы бағдарлама шеңберінде жұмыстар жалғасын табады. Аяла Мәтжанова – дипломын енді ғана алған жас маман. Ол маусым айында аудандық жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, бағдарлама шеңберінде жергілікті мекемелердің біріне тәжірибеден өтуге…
Мақатта кәріз суын тазартатын бірегей кешен іске қосылды. Аудан орталығының шығыс бөлігінде орналасқан нысан тәулігіне 3 200 текше метр лас суды өңдейді. 2018 жылы басталған ғимараттың құрылысына қазынадан 3 млрд 700 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінген. Кешеннің ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі мұндай жүйе облыс көлемінде алғаш рет іске қосылып отырғанын жеткізді. Шәкір КЕЙКІН, Мақат ауданының әкімі Алдағы уақытта осы кәріз тазарту ғимаратынан шыққан тазартылған су техникалық таза суға айналып, халыққа қажетті көгалдандыру немесе басқа да жағдайларға жаратылады. Жаңа нысанның тұсауы кесілген соң жиылған жұртшылық ондағы жұмыстармен танысты. Кешенде бас кәріз стансасы алаңы, су тазарту қондырғысы, биологиялық тоған және…
Молдова парламенті президент өкілеттігін қысқартты. Енді Ақпарат және қауіпсіздік қызметі мемлекет басшысына бағынбайды. Жоба авторларының хабарлауынша, Майя Сандуда қосымша румындық паспорт бар көрінеді. Ал қос азаматтығы бар адам барлау қызметін басқара алмайды. Ел қалаулысының жақтастары мұны «билікті заңсыз тартып алу» деп отыр. Осыған қатысты парламент ғимаратының жанында Сандудың өзі қатысқан наразыылық акциясы ұйымдастырылды. Майя Санду, Молдова президенті Додон үкіметі адамдарды қорлап, сыбайлас жемқорлықты қолдап отырғаны үшін кету керек. Біз Үкіметтің отставкаға кетуін және мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізуді талап етеміз. Молдова парламенті бұдан бөлек бірнеше заң жобасын қарастыруда. Олардың қатарында орыс тіліне ерекше мәртебе беру және ресейлік телеарналарды таратуға деген…
Өткен тәулікте АҚШ-та 210 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды. Бұл – індет басталғаннан бері тіркелген абсолютті рекордтық көрсеткіш. Америка бұл дерттен көз жұмғандар бойынша да алда келеді. Жалпы қаза тапқандар саны 280 мыңнан асады. Инфекцияның таралуының алдын алу шаралары айтарлықтай нәтиже бермеген. Халықтың ендігі үміті – вакцинада. «Модерн» биотехнологиялық компаниясы екпенің 125 миллион дозасын өндіруді жоспарлап отырған көрінеді. Оның көп бөлігі АҚШ-қа арналған. Майк Пенс, АҚШ вице-президенті Біз «Warp Speed» операциясының басталғанын жариялаймыз. Оның мақсаты – қажетті жағдайларда сақталған вакцинаны дәрігерлер мен науқастарға уақытылы жеткізіп отыру. Бұл жерде біз логистикаға мамандандырылған компаниялармен бірге жұмыс істейміз. Препаратты тиеп, қажетті орынға жеткізуді…
