Автор: Сайт әкімшілігі

Жыл басынан бері атыраулық полицейлерге облыс тұрғындарының із-түзсіз жоғалуына байланысты 70 шақты өтініш түскен. Оның 50-ден астамының жүрген жері анықталып, жақындарымен қауышты. Тәртіп сақшыларының сөзінше, бөлімшеге хабар-ошарсыз кеткендер бойынша келіп түсетін хабарлама көп. Ал жоғалғандардың басым бөлігі – ер азаматтар. Әлібек БАҚЫТЖАНОВ, Атырау қалалық криминалдық полиция басқармасының  бөлім бастығы Көбіне ер адамдар жоғалады. Мысалы, биыл іздестірілген 69 тұлғаның 17-сі әйел адам болса, қалғаны – ер адам. Оның бәрі отбасылық жағдайға байланысты болады. Сонымен қатар, өздерінің қайда кеткені туралы ешкімге хабарламайды немесе жалғызбасты адамдар басқа жерге көшіп кетуі мүмкін. Бұдан бөлек, жеткіншектердің жоғалуы туралы хабарламалар күнде келіп түседі. Кәмелет жасқа толмағандар…

Read More

Бүгін Ұлыбританияда коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинация басталды. Екпені алғашқы болып тәуекел тобындағы адамдар алады. Олар – медициналық-әлеуметтік қызметкерлер және егде жастағы адамдар. Солардың бірі, 91 жастағы зейнеткер Маргарет Кинан екпенің оң нәтиже беретініне сенімді. Маргарет Кинан, зейнеткер Вакцинадан қорықпаңыздар. Тегін екпе жасатып өзіңізді аурудан қорғаңыз. Елде болған оқиғалардан кейін бұл біз үшін ең жақсы жаңалық болды. Мен де екпе жасаттым және ол сіздің де қолыңыздан келеді. Егер эпидемияның біткенін қаласаңыз, одан қорғану мен алдын алу шараларын қолға алу керек. Қазір Ұлыбритания қарт адамдар арасындағы коронавирус дертінен көз жұмғандар санынан алғашқы орында тұр.

Read More

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Әмина Шайдуллина Каспий теңізінің проблемаларын зерттеу институтын құру идеясын ұсынды. Ол мұндай ұсынысты 11-сынып оқушысы «Туған елге тағзым» онлайн тарихи-өлкетану зерттеушілік байқауында жоба қорғау барысында айтты. Бұл туралы МаңғыстауМедиа хабарлады.  Оқушының айтуынша, жасөспірімдерден құралған институт теңіздің экологиялық проблемаларын шешуге атсалысады. Жас зияткер күн санап саны азайып бара жатқан Каспий итбалықтарының популяциясын сақтап қалуға кері әсерін тигізіп отқан бірнеше факторларды атады. Сондай-ақ, түйткілді мәселені шешудің бірнеше жолдарын ұсынып, білім ордасының оқушылары атқарып жатқан жұмыстарды атап өтті. Әмина ШАЙДУЛЛИНА, Ақтау қаласындағы НЗМ оқушысы Каспий теңізі проблемаларын зерттейтін ғылыми институт бар екедігін білеміз. Бірақ ол жерде көбінесе…

Read More

ТШО эпидемиологиялық ахуалға байланысты хабарлама таратты. Онда мұнай қалашығында атқарылып жатқан жұмыстар мен науқастардың жағдайы баяндалған. «Теңізшевройл» ЖШС COVID-19 жаһандық пандемиясы жағдайында Теңіз кен орнындағы қызметкерлердің денсаулығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолға алуды жалғастырып келеді. ТШО қызметкерлер арасында вирус жұқтыру жағдайларын ерте анықтау мақсатында оларды уақтылы оқшаулау, сонымен қатар ықтимал қарым-қатынаста болғандарды анықтау үшін ПТР сынамасын алу мүмкіндіктерін белсенді қолдануда. Бүгінгі таңда ТШО тарапынан жүргізілген ПТР сынамаларының саны 73 000-нан асты. 2020 жылдың 7 қыркүйегі бойынша, Теңіз кен орнындағы қызметкерлер арасында барлығы 4 147  вирус жұқтыру жағдайы тіркеліп, олардың ішінен 2295 адам емделіп шықты. Бүгінгі таңда…

Read More

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауылында «Теңізшевройл» ЖШС-нің қолдауымен балалар қалашығы ашылды. Орталық Азияның Еуразия Қоры арқылы іске асқан жаңа жоба ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлады. Бұл туралы МаңғыстауМедиа хабарлады. Тілектес САДЕНОВА, жоба жетекшісі Әрбір тұрғын өз қаласы мен ауылының гүлденіп көркейгенін қалайды. Бірлесіп жұмыс істесек, оған қол жеткізуге мүмкіндік болады. Сол себепті, алдымызға осындай мақсат қойып, балалар қалашығын ашу туралы ұсынысымызды жолдадық. Кейін қолдау тауып, бүгін міне грантқа қол жеткізіп отырмыз. Баутиндегі бос тұрған алаңды балалар қалашығына арнап дайындаған. Мұнда лабиринт, түрлі салада ойнайтын үйшіктер (дәріхана, полиция, мектеп, өнерлі балаларға арналған сахна т.с.с), әткеншектер бар. Жарықшамдар орнатылып, өрнектастар төселген.

Read More

Атырауда бір күнде 61, ал Маңғыстауда 1 адамнан коронавирус белгілері анықталды. Атырау өңіріндегі қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 19-ы Атырау қаласынан болса, 42-сі – Теңіз кенішінен. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың біреуінен басқасында ауру симптомсыз түрде. Соңғы мәліметке сәйкес, кеше коронавирустан 11 науқас емделіп шықты.

Read More

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Конституция күніне орай қылмыс жасағанына шын өкініп, түзу жолға түскен 104 тұтқынға рақымшылық жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады. Бұл тізімге ілінгендердің алтауы негізгі жазадан толық құтылған, 50 адам мерзімінен ерте босап шыққан, қалған 48-інің жазасы жеңілдетіліп, түрме мерзімі қысқарған. Олардың қатарында 13 елдің азаматы бар. 10-ға жуығының жасы 60-тан асқан. Өткен жылы да Мирзияев Конституция күні қарсаңында 92 адамға рақымшылық жариялаған еді. 8 желтоқсан күні Өзбекстанда Конституция күні аталып өтеді. Ел басшысы тек бұл күнде ғана емес, Әйелдер мерекесінде, Ораза қарсаңында және Тәуелсіздік күнінде де ондаған тұтқынға амнистия жариялау туралы шешім қабылдаған.

Read More

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөліміндегі сарбаздардың тамақтану тәртібі тексерілді. Ереже бойынша отан алдында борышын өтеп жүргендер күніне үш рет ауқаттанады. Таңғы асқа жарма, ет немесе балық өнімдерін тұтынса, түскі уақытта кешенді түскі ас беріледі. Ал кешкі мәзірге ет немесе балықтан пісірілген тағам ұсынылады. Қоймадағы азық-түлікті қабылдау, тамақтың дайындалуына кететін уақыт пен тазалық нормалары да тексерілді. Владимир ТОМКИН, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы азық-түлік қызметінің бастығы Күнделікті тамақтанудың орташа құны – 1400 теңге. Бақылаудың басты мақсаты асхананың жағдайын, санитариялық-гигеналық талаптарға сәйкестігін тексеру, сонымен қатар тамақ қалдықтарын анықтау. Оған қоса аспаздардың арнайы ережелерді сақтауы және өз-өзіне қызмет көрсетудің ұйымдастырылуы, тағамдардың жылдам әрі біркелкі таратылуы…

Read More

Стамбулда ұсталған ресейлік НТВ телекомпаниясының журналистеріне қатысты іс түрік сотына жіберілді. Оларға нақты қандай айып тағылғаны белгісіз. Стамбул провинциясы әкімшілігінің мәліметінше, 3 желтоқсан күні таңертең жергілікті полиция Ресейдің екі азаматын және олармен бірге жүрген Түркия азаматын ұстаған. Олар пилотсыз ұшу аппаратын жасайтын орталыққа жақын жерде рұқсатсыз түсірілім жасаған көрінеді. Ресей Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, жергілікті журналистер 3 желтоқсаннан бастап байланысқа шықпаған. Соңғы рет бейсенбі күні хабарласып, оларды белгісіз біреулер ұстап алып бір жерге алып кеткенін хабарлап үлгерген. Ресейлік дипломаттар түрік билігімен байланысып болған оқиғаның мән-жайын анықтауда. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, журналистер түрік әскери ұшақтарын шығаратын «Байкар Савунма» ғимаратының маңында ұсталған. Аталған…

Read More

Италияның солтүстік аудандарында ауа райы қаһарына мінді. Ылғал қардың салдарынан кей жерде ағаштар мен электр бағандары құлап, 7 мыңға жуық үй жарықсыз қалған. Жексенбі күні қар тазалайтын техникалар Випитено мен Бреннер арасындағы тасжолды толығымен тазалай алмады. Ал Орталық Италияда нөсер жаңбыр мен қардың еруі су тасқынына ұласты. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Жолда көлікпен жүру де мүмкін болмаған. Синоптиктердің болжауынша, бұл ауданда алдағы күндері де жаңбыр болады. Қыстың бұл қылығы Адриат теңізінің хорватиялық жағалауына да зиян келтірді. Оңтүстіктен сағатына 130 шақырым жылдамдықпен соққан жел орталық Далмациядағы Сплит және Шибеник қалаларына жеткен. Нәтижесінде, Хорватиядағы барлық кеме тасымалы тоқтады. Кастели мен Рогозница қалаларында…

Read More