Автор: Сайт әкімшілігі

АҚШ президенті Джо Байден Ллойд Остинді қорғаныс министрі етіп тағайындайтынын мәлімдеді. Егер оның кандидатурасын конгресс қолдаса, Остин Пентагонды басқаратын алғашқы афроамерикалық атанбақ. Заң бойынша Пентагон басшысы қызметіне тағайындалатын адам отставкада кемінде 7 жыл болуы тиіс. 67 жастағы Остин зейнетке тек 2016 жылы шыққан. Сол себепті, оған жаңа лауазымға отыру үшін конгрестің қос палатасының қолдауы керек болады. Америка ақпарат құралдары Ллойд Остинді «көпшілік көзіне түсуден қашқақтайтын адам» деп сипаттайды. Ол 2013–2016 жылдары АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскерін бақылайтын орталықта қарулы күштер басқармасының жетекшісі қызметін атқарған. Байден өзі ұсынған үміткерді «Америкаға қажет адам» деп оның кандидатурасын тезірек мақұлдауға шақырды. Сыншылар жақында ғана отставкаға…

Read More

Бұл туралы МаңғыстауМедиа Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Індеттің алдын алу мақсатында Бас санитарлық дәрігердің Қаулысына сәйкес әкімдік қызметкерлері және жергілікті полиция өкілімен бірлескен топ қаладағы бірнеше нысанға кезекті мониторинг жұмыстарын жүргізді. Сейсенбі күні өткен мониторинг барысында қаладағы 5 шағынауданда орналасқан “R12” түнгі клубының жұмыс істеп тұрғаны анықталды, делінген хабарламада. Маңғыстау облыстық Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 21 қазан күнгі № 42 Қаулысындағы кафелер мен мейрамханаларға сағат 22.00-ге дейін ғана қызмет етуге рұқсат делінген ережені сақтамады. Нысан иелерінен түсініктеме алынды. Сонымен қатар, санитарлық тазалықтың сақталуы да қаралды.

Read More

Өткен тәулікте Қазақстанда 777 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде атыраулық 28 және маңғыстаулық 9 тұрғын қауіпті дертті жұқтырған. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 121 Алматы қаласы – 74; Шымкент қаласы – 4; Ақмола облысы – 66; Ақтөбе облысы – 5; Алматы облысы – 38; Атырау облысы – 28; Шығыс Қазақстан облысы – 99; Жамбыл облысы – 24; Батыс Қазақстан облысы – 29; Қарағанды облысы – 30; Қостанай облысы – 73; Қызылорда облысы – 2; Маңғыстау облысы – 9; Павлодар облысы – 98; Солтүстік Қазақстан облысы – 72; Түркістан облысы – 5; Осы уақытқа дейін республика бойынша ауырғандар саны – 139…

Read More

Нидерландыда польшалық бірнеше дүкенде жарылыс болды. Екі күннің ішінде 3 дүкеннің күлі көкке ұшқан. Оның екеуі бір адамға тиесілі.  Жарылыс түнде болғандықтан зардап шеккендер жоқ. Мохамад Махмуд, дүкен иесі Не болып жатқанын түсінбедік. Қандай ниетпен жасалып жатқанын білгіміз келеді. Полиция кінәлілерді табады деген үміттемін. Жақын арада бәрі де белгілі болатынына сенгім келеді. Екі күн қатарынан болған жарылыс үшінші күні де жалғаспасын деп тілеймін. Құқық қорғау органдары нақыт ақпарат таратпай отыр. Жарылысқа не себеп болғаны да белгісіз. Тіркелген үш оқиғаның бір-біріне байланысы бар-жоғын дәлелдейтін деректер де табылмаған көрінеді.

Read More

Норвегияның арнайы қызметі ұлттық парламенттің серверін Ресейдің мемлекеттік құрылымы мен хакерлері  бұзбақ болды деп күдіктенуде. Полиция қызметі 24 тамыз күні жасалған кибершабуылды тергеу барысында осындай тұжырымға келген. Сол күні парламентшілердің электрондық пошта жәшіктерінен айтарлықтай мәлімет ұрланған. Арнайы барлау қызметінің мәліметтеріне сәйкес, бұл Ресейдің әскери барлауымен байланысты «Fancy Bear» тобының қатысы бар операция болуы мүмкін. Нәтижесінде, хакерлер бірқатар шет елдің барлау қызметінің қызығушылығын тудыратын ақпаратқа қол жеткізген. Мәскеу болса тағылған айыппен келіспейді. Норвегиядағы Ресей елшілігі тергеудің нәтижесіз аяқталғанын және ресейліктердің оған қатысы барын дәлелдейтін деректің болмағанын айтты.

Read More

Халықаралық олимпиада комитеті Александр Лукашенко жетекшілік ететін Беларусь ұлттық олимпиада комитетінің басшылығын олимпиада ойындарынан шеттетті. Шешімге сәйкес, тыйым уақытша салынған, жағдайдың өрбуіне қарай ол тағы өзгеру мүмкін. Негізгі себеп, тамыз айында мыңдаған беларусь спортшысы президент сайлауын қайта өткізуді талап етіп билікке хат жазған көрінеді. Сонымен қатар, олар наразылыққа шыққандарға күш көрсетуге қарсылықтарын білдірген. Содан кейін кейбір спортшы ұсталып, сотталған. Олардың қатарында фристайлдан әлем чемпионы Александр Романовская, гимнасшы Светлана Куделич, палуан Андрей Кравченко және баскетболшы Елена Левченко бар. Соған байланысты халықаралық олимпиада комитеті спортшыларды саяси себеппен қудалады деген күдікке ілінген Беларусь билігінің әрекетін зерттеуді қолға алған. Ал бұған Александр Лукашенко «Әлемде…

Read More

Маңғыстау облысында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1,2 млрд теңге қарастырылды. Ауылдарда және моно қалаларда жұмыссыздықты жою, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 1,2 млрд теңге берілді. 259 шағын несие үлестіріліп, 329 жаңа жұмыс орны ашылды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын несиелерді ішінара кепілдендіру бойынша 14 адамға кепіл болғаны үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына 8,7 млн теңге төленді. Айта кетейік, биыл ауыл шаруашылығын дамытуға 3,1 млрд теңге бөлінді.

Read More

Жаңа жылдан бастап жүргізуші куәлігін алып жүрмегені үшін айыппұл салынбауы мүмкін. Көлікті тіркеу туралы құжаттың жоқтығы да жауапкершілік жүктемейді. Жаңашылдық жол қозғалысы саласындағы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған. Заң жүзеге асса, тәртіп сақшылары жүргізушіні тоқтатқан жағдайда жеке куәлікті көрсету жеткілікті. Ал қалған мәліметтер ішікі істер органдарының деректер базасында сақталған. Осылайша, кей құжаттарды қалтаға салып жүрудің қажеттілігі жоғалмақ. ІІМ өкілдерінің хабарлауынша, республика бойынша жауапты органдар бұл өзгеріске толықтай дайын. Дегенмен Атырау облысындағы жағдай беймәлім болып қалмақ. Себебі өңір полицейлері белгісіз себептермен жауап бере алмай отыр.

Read More

Альпинистердің арманы болған Эверест шыңы шамамен 1 метрге биіктеген. Қытай мен Непал билігі әлемнің ең биік нүктесі 8 848 метр, 86 сантиметр болатынын жариялады. Соңғы рет 1954 жылы өлшенген биіктік 86 сантиметрге төмен болған. Тау Непал мен Қытайдың автономиялық ауданы шекарасында орналасқандықтан, екі елдің билігі бірлескен зерттеу жүргізу туралы шешім қабылдаған. Нәтижесінде, 2019 жылдың мамыр айында шыңға бірінші болып непалдық геодезистер шыққан. Олардан кейін көп ұзамай қытайлық мамандар да жеткен. Екі елдің алған деректерін біріктіре отырып ғалымдар біртұтас тұжырымға келіпті.

Read More

Атырауда тергеу изоляторына тыйым салынған затты өткізбек болған азамат ұсталды. 8 желтоқсан күні сәлемдемелерді тексеру барысында ыстық тамақ салынған ыдыстардың ішінен төрт ұялы телефон шықты. Мұны қызметкерлер рентген аппараты арқылы анықтаған. Мейірбек УРАЗҒАЛИЕВ, УГ-157/1 мекемесінің бастығы Мекеме қызметкерлерінің қырағылының нәтижесінде рентген апараты арқылы сәлемдемелерді тексеру кезінде ыстық тамақ ішінен 4 ұялы телефон тәркіленді. Сәлемдемені әкелген азаматқа ҚР-ның әкімшілік кодексінің 481-бабының 1-бөлімі бойынша хаттама толтырылып, Атырау қалалық әкімшілік сотына жолданды. Басшының сөзінше, тұрғындар көбінде ұялы телефон мен психотроптық дәрі-дәрмекті кіргізуге тырысады. Еске салсақ, өткен аптада изоляторға жіберілген сәлемдемелердің бірінен де күдікті зат табылған еді. 25 жастағы азамат йогурттың ішіне белгісіз шөп пен…

Read More