Атырау облысындағы балық кооперативінің бірі жұмысшыларға 25 млн.теңге берешек. Қызметінен қысқарған жүз адам жалақысын ала алмай жүр. Екі айда тапқан табысы қолына тимеген балықшылар мекеме табалдырығын үш аптадан бері тоздырыпты. Бірақ басшылықтың берер жауабы біреу – компанияда ақша жоқ. Мейрамбек ҚҰСАЙЫНОВ, жұмысшы Екі айлық жалақымызды әлі ала алмай жүрміз. Бізге жұмысқа кірген кезде келісімшарт береміз деді, бірақ берген жоқ. Кеңседен кадр бөлімінің маманы келіп жүрді. Жұмыстан босатар кезде бізге ескерткен жоқ. Жұмыс қалай аяқталды, барлығымыздың жұмыстан қысқартылғанымызды айтты. Күндізгі бөлімдегі жиырма адам кетіп қалды. «Амангелді» ЖШС әр жұмысшысына 250 мың теңгедей қарыз. Әбден ашуланған жұртты көрген мекеме директоры мән-жайды ашық…
Автор: Сайт әкімшілігі
АҚШ федералды сауда комиссиясы және 48 штаттың бас прокуроры фейсбукқа қарсы сотқа арыз түсірді. Әлеуметтік желіні монополияға қарсы заңнаманы және бәсекелестік ережелерін бұзды деп айыптауда. Талап-арызда фейсбук мамандары бәсекелестерді сатып алу немесе шағын нарық қатысушыларын жою арқылы құқыққа қарсы әрекет етіп отыр деп көрсетілген. Летиции Джеймс, Нью-Йорк штатының бас прокуроры Фейсбукта үлкен ақша қоры бар, сол қаражатты пайдалана отырып әлеуметтік желі көрсеткішіне қауіп төндіретіндердің бәрін жойып отырған. Сондай-ақ әр америкалықтың жеке деректерін қорғау мәселесі де әлсіреген. Осыдан бір жарым ай бұрын Гуглға қатысты дәл осындай талап-арыз түсірілген. Ол кезде сотқа жолданған құжатқа 11 штат қол қойған.
Әскери қызметтен босату үшін онлайн өтініш беруге болады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәліметіне сенсек, Еlicense.kz электрондық лицензиялау порталында әскери қызметтен босату және әскерге шақыруды кейінге қалдыру қызметтер і қолжетімді болды. Енді әскерге шақырылушыларға әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ, олар да бұл қызметтерді онлайн режимінде ал уға мүмкіндік бар . «Бұрын осы қызметтерді алу үшін әскери комиссариатқа бару керек еді. Әскерге шақырылушылар үйден шықпай-ақ, онлайн режимінде әскерден босатуды немесе әскерге шақыруды кейінге қалдыруды алуы үшін біз ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесіп осы процесті оңтайландырдық. Қызметті 5 жұмыс күні ішінде тегін алуға болады», — деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық…
Биыл Маңғыстау облысында автомобиль жолдарын салу, қайта құрылымдау және орташа жөндеу жұмыстарына жалпы 23 млрд 335 млн теңге бөлінген. Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Адайбек Қалиев мәлімдеді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Оның айтуынша, жергілікті желі жолдарын жөндеу және қайта құрылымдау үшін республикалық бюджеттен 8 млрд 999 млн теңгеге қолдау көрсетілді және жергілікті бюджеттен 2 млрд 694 млн теңге қарастырылды. Сонымен қатар «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында көлік инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 7 млрд 764 млн теңге бөлінді. Жоба аясында 30 жоба іске асты, 1 382 адам жұмыспен қамтылды. Биыл…
Өз үйімізде тұруға қорқамыз. Бұл Балықшы ықшамауданындағы тұрғындарының жанайқайы. Олардың сөзінше, бірнеше жылдан бері апатты деп танылған үйдің жағдайы адам үркерлік. Мәдина Алмашеваның мұнда тұрақтағанына 20 жылдан асқан. Баспанасының содан бері жөндеу жұмысын көрмегенін алға тартқан ол шағымымен талай әкімге кіріп-шыққанын айтады. Мәдина АЛМАШЕВА, апатты үйдің тұрғыны Шапкенов Серік мырза өз кісілерін жіберіп, үй жаққа келіп, әр пәтерді қарады. Соңында контейнер жақтан үй береміз деп қабылдауына шақырды. Есігіміз жабылмайды. Машина жүргенде мына көше жақтан үйіміз секілдеп тұрады. Бір күні үстімізге түсіп кете ме деп қорқамыз. Үй қабырғасындағы жарық саны күн сайын артып келеді. Жертөлені лас судан тазарту да тұрғындардың өз…
Атыраулық құтқарушылар ерекше рейд ұйымдастырды. Каскадер жұқа мұздың үстімен келе жатып, суға түсіп кеткен жағдайда қандай шаралар қолдану керегін көрсетті. Бастысы – үрейге берілмеу қажет. Қос қолды шығарып, жақын маңайдағыларды көмекке шақырған абзал. Жақында Жайыққа түсіп кеткен шетелдіктің оқиғасы балықшыларға сабақ бола қоймаған сыңайлы. Қалалықтар қыстың қытымыр аязына қарамастан іске кірісіп кеткен. Биыл балық аз,- дейді олар. Құтқарушылардың сөзінше, көп жағдайда балық аулаушылар қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Тіпті, жаднамалар таратылып жатқан кезде де тыңдауға құлықсыздық танытып қалып жатты. Дегенмен алғыс білдіргендер де жоқ емес. Арман СӘРСЕНБАЕВ, облыстық ТЖД құтқарушысы Тұрғындарға ескертіп жатырмыз. Сонда да бізге құлақ аспайды. Шамамыз келгенше түсіндірме жұмыстарын…
Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев «Караванға» берген эксклюзивті сұқбатында «Арланды» пайдаланудағы министрліктің ұстанымы жөнінде жауап берді. – Жалпы, заңнама талаптарына сәйкес, Қорғаныс Министрлігі сатып алатын техниканың түрлерін, санын тек уәкілетті мемлекеттік органдармен талқылайды. Мұндай ақпарат мемлекеттік құпияларға жатады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қорғаныс өнеркәсіп кешені кәсіпорындарымен коммерциялық мәселелер бойынша жұмыс істейді, ал біз қару-жарақ пен әскери техникалардың тактикалық-техникалық сипаттамаларын және олардың санын ғана талқылай аламыз. Сондықтан, мен барлық мәліметтерді ашпай, жұртшылыққа мәлім ақпаратты қайталаймын. Бүгінгі таңда, Қорғаныс министрлігі “Қазақстан Парамаунт Инжиниринг” ЖШС-дан 90 бірлік «Арлан” бронды көлігін сатып алды. Ағымдағы жылдың соңына дейін әскерлерге 30 бірлік және…
Жылыойда жаңа аудандық орталық кітапхана ғимараты іске қосылып, оқырмандарға есігін айқара ашты. Келушілерге рухани азық сыйлайтын, еңселі нысан қос қабаттан тұрады. Құрылыстың іргетасы 2018 жылдың маусым айында қаланған. Заман талаптарына сай жасақталған ғимаратта абонемент және акт залы, замануи технологиямен жабдықталған интернет және оқу залы қызмет көрсетеді. Кітапхана әр жыл сайын жаңа басылымдармен, әдебиеттермен толықтырылып тұрмақ. Онда сақталған кітап қоры екі жүз төрт мыңнан асады. Балжан КЕНЖЕБЕКОВА, аудандық орталық кітапхана директоры Жылыой аудандық орталық кітапханасына келер жылы 85 жыл толғалы отыр. Осы 85 жылдық тарихында кітапханаға жаңа ғимарат салынып, табысталып жатқанына өте қуаныштымыз . Сол үшін аудан басшыларына ризашылығымзды білдіреміз. Ауданымызда …
2020 жылғы қаңтар-қараша аралығында жалпы сомасы 214,2 млрд теңгеге 389,2 мың отбасы көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды. Қараша айында осы жәрдемақы түрін жалпы сомасы 22,5 млрд теңгеге 413,4 мың отбасы алды. Бұл туралы Baqmedia.kz хабарлады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты 44 532 теңгеден (4 бала) 77 951 теңгеге (7 бала) дейін, 8 және одан кейінгі әр балаға 4 АЕК-тен сараланған. 8 баласы бар отбасы үшін…
Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны көп болатын кезең келесі жылдың басында болуы мүмкін. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. «Жағдай оптимистік болжам бойынша дамып келе жатқанын айта аламын. Жағдай жақсарса не қиындай түссе, пессимистік болжам бойынша, ауыратындар саны қаңтар-ақпан айларында көп болады», — деді Қиясов. Телеарна мәліметінше, республика бойынша шеттен келген адамдардан коронавирус анықталу дерегі азайған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарындағы жағдай әлі де қиын. Қалған өңірлер «сары аймаққа» кірді.
