Атырау облысында өткен тәулікте ПТР арқылы 34 адамнан коронавирус анықталды. Ал Маңғыстау облысында қауіпті дертті 3 тұрғын жұқтырған. 34 адамның ішінде 9-ы Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 20, Жылыой ауданынан 2, Құрманғазы ауданынан 3 науқас шығып отыр. Covid-19 инфекциясын жұқтырғандардың 10-ында ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, Атырауда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан емделіп шыққандар тіркелмеді. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, дәл қазір Атырау облыстық инфекциялық стационарда 42 науқас жатыр. Ал аудандардағы инфекциялық стационарда 8 (Индер, Қызылқоға, Құрманғазы аудандары), Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 188 адам ем қабылдауда.
Автор: Сайт әкімшілігі
Алты жыл бұрын Париждегі террорлық шабуылдарға қатысты істе айыптаушы жақ сотталушылардың көбіне қатаң жаза сұрады. Соның ішінде екі адамды өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап еткен. Эли Коршия, қорғаушы Али Рыза Полатты өмір бойы бас бостандығынан айыру талабын қоғам болып күтті. Айыптаушы жақ та өз арызында ашық көрсетті. Енді 16 желтоқсан күні болатын сот шешімін күту ғана қалды. 2015 жылдың қаңтарында ағайынды Куаши «Шарли Эбдо» сатиралық журнал редакциясына шабуыл жасап, 12 адамның өмірін қиған. Шабуыл жасаған 3 қылмыскер де полиция қолынан қаза тапқан еді. Қазіргі таңда террористерге көмектескен адамдарға қатысты сот өтуде.
Вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер жалған ПТР-сынаманың нәтижесімен Теңіз кен орнына кіруге тырысқан. Бұл туралы «Теңізшверойл» компаниясының өкілі арнайы брифингте мәлімдеді. Оның сөзінше, вирус жұқтырғандардан ауру белгілері байқалмайды. Соған байланысты карантиндік шаралар қатаң сақталуда. Санитарлық бекеттер қойылып, науқастар оқшауланып, кен орнына кіру кезінде жұмысшылар міндетті түрде ПТР-сынама тапсырады. Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ, «Теңізшевройл» ЖШС үкімет және жұртшылықпен байланыс бөлімнің бас менеджері Жақында Теңіздегілердің денсаулығына қауіп төндіретіндей жағдайлар анықталды. Кей ұйымдардың қызметкерлері санитариялық посттардан ПТР сынаманың жалған анықтамасымен өтпек болған. Тиісті мемлекеттік органдарға дер кезінде хабарлама жіберілді, ресми түрде тергеу жүргізілуі тиіс. Бүгінде кен орнында вирус жұқтырғандар үшін 315 орын дайын тұр. Қазір…
«Юниверсал» дыбыс жазу корпорациясы Боб Диланның барлық әнінің авторлық құқығын сатып алды. Америкалық баспасөз беттерінің хабарлауынша, 60 жыл ішінде жарыққа шыққан 600 музыкалық шығармасы бар жинақ құны 200-ден 450 миллион долларға дейін бағаланған болуы мүмкін. Бірақ «Юниверсал» корпорациясы да, Диланның өзі де нақты соманы ашып айтпаған. Бұл сатып алу музыкалық құқық саудасының тарихындағы ең үлкен мәміле болуы да ғажап емес. Келісімде америкалық орындаушының болашақта жазатын әндеріне қатысы болмау керектігі бекітілген. Боб Дилан 80-ге келсе де, өнер көрсетуді, гастрольдік сапарға шығуды және жинақ шығаруды әлі жалғастыруда. Оны ел тарихтағы ең танымал музыканттардың бірі ретінде таниды. Дилан – Путицер сыйлығының лауреаты, АҚШ-тың…
Атыраулық дәрігерлер тірі сәбиді тоңазытқышта өлтірді деп айыпталған әріптестерін қызғыштай қорғап отыр. Облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев пен оның қол астындағы төртеуге қатысты сот ісі аяқталуға жақын. Күдіктілердің әріптестері істі біржақты деп есептейді. Меруерт АЙДАРХАНОВА, қалалық перзентхананың акушер-гинекологы Егер әр дәрігерді 20 жылға темір торға қамай берсек, жаңа білікті дәрігер дайындап шығару үшін 10 жыл уақыт керек. Ол тағы 6-7 жыл біліктілігін арттырады. Сонда 20 жыл уақытты текке кетіреміз. Қамай берсек, дәрігерлеріміз жұмыстан кетіп қалу да мүмкін. Жұлдыз АХМЕТОВА, қалалық №4 емхананың акушер-гинекологы Мен оларға әділ жаза тағайындалғанын қалаймын. Олардың осыншама уақыт жасаған еңбектері еленбей, БАҚ пен…
«Сергек» камералары жол ережесінің бұзылғанын автоматты түрде тіркейді. Алайда автокөлік жүргізушілерінің тәртіпті амалсыз бұзатын сәттері де болады. Мысалы, жедел жәрдем көлігін өткізуі мүмкін, жол көлік апаты болып, темір тұлпардың бұзылып қалатын кездері болады. Сондай-ақ, жолақтар ауа райына байланысты көрінбей қалып та жатады. Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ, Атырау облыстық ПД ӘПБ басшысы Қыс мезгілі келді. Жол таңбасы көрінбей қалған жағдайда құқықбұзушылықтар қысқартылатын болады. Жолдағы тазалау жұмыстарына және апатты жағдайларға байланысты еріксіз түрде жол қозғалысы бұзылып, сызықты басып кету мүмкін. Ондай жағдайда бейнежазба қарастырылып, ұйғарымдар қысқартылады. 3 айдың ішінде осындай 100 шақты дерек тіркеліп отыр. Жол ережесін бұзбағаныңызға сенімді болсаңыз, Нұрсая ықшамауданындағы әкімшілік полициялық…
Облыста вирусты 61 адам жұқтырған. Бұл – өткен тәулікпен салыстырғанда екі есе артық әрі соңғы үш айдағы ең жоғары көрсеткіш. Теңізде 42 жағдай тіркелген, ал қалған 17 адам вахталық әдіспен жұмыс істейді. Кен орнындағы аурудың ошағы – Сүлеймен вахталық қалашығы, ал 17 науқас Maten Petroleum компаниясының қызметкерлері. Бас санитариялық дәрігердің сөзінше, алаңдауға негіз жоқ. Өйткені, жұмысшылар арасында тұрақты түрде ПТР-тестілеу жүргізіліп тұрады. Сондай-ақ, облыс пен қала бойынша карантиндік шаралар әзірге күшейтілмейді. Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ, Атырау облысының бас санитариялық дәрігері Аурудың 80-90 проценті Теңіз кен орнынан анықталып отыр. Оның 95 пайызы симптомсыз, сондықтан өз тарапымыздан Теңіз кен орнына күшейтілген карантин шараларын енгіздік.…
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында 200-ге жуық түтін екі жылдан аса уақыт жылусыз күн көруде. Салдарынан қариялар мен кәмелет жасына толмаған балалар салқын тигізіп, сырқаттанып қалуда. Елдімекен тұрғындары базынасын айтып, талай табалдырықты тоздырғанын айтады. Бірақ жауаптылар бір-біріне сілтеп, әбден мезі қылыпты. Ашуға булыққан ауыл халқы амалсыздан облыс әкімдігіне келіп отыр. Марал ЖАҚСЫЛЫҚОВА, Мұнайлы ауданының тұрғыны Үйіміз салқын. Қыстың түрін көріп отырсыздар. Үйімізге газ керек. Газды талап етіп әкімге келіп отырмыз. Бізге анда бітеді, мында бітеді дейді. Нақты датасын айтпайды. Сондықтан бізге газ мәселесін шешуін сұраймыз. Ешқандай жылу жоқ, электр пешін тоқ көтермейді. Ақмарал КАРШИГИНА, Мұнайлы ауданының тұрғыны Газдың бастығына барсақ, ауыл…
Францияда кибершабуыл ісі бойынша ресейлік Александр Винник сотталды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Десе де, сот оның кейбір кибершабуылға арналған бағдарламаларды құруға қатысы бар екендігіне дәлел жетпегендіктен бірқатар айыптаудан арашалап қалды. Прокурор Виникті әлемдік деңгейдегі хакер деп 10 жыл түрмеде ұстауды талап еткен еді. Тергеу мәліметтері бойынша, ресейлік жасаған кибершабуыл салдарынан 2016–2018 жылдар аралығында 200-ге жуық компания мен жеке тұлға зардап шеккен. Александр Виник өз кінәсін мойындамайды, ол Локки вирусына еш қатысы жоқтығын алға тартты. Ресейлік хакер 2017 жылдың жазында АҚШ-тан түскен шағым бойынша Грекияда ұсталған. Ол кезде Винникке биткоиндерді пайдалана отырып кем дегенде 4 миллиард долларды жымқырды деген айып…
Жыл басынан бері Қазақстандағы су айдындарында 85,2 млн. шабақ құтқарылды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың басынан бастап су қоймаларынан, сондай-ақ, еліміздің күріш алқаптарынан қырылу қаупі бар 85,2 млн. шабақ құтқарылды. Бұл жұмысқа балық шаруашылығы, күріш өсіретін ұйымдардың өкілдері және еріктілер қатысты. Нәтижесінде Атырау облысында 56,7 млн. балық, Түркістан облысында 10,3 млн., Қызылорда облысында 8,3 млн., басқа өңірлерде 9,9 млн. шабақ құтқарылды. Құтқарылған балықтың ішінде сазан, ақмарқа, мөңке, қарға, құмай, осман, көксерке, алабұға, шортан, тұқы, табан, торта, оңғақ бар. Балық ресурсын сақтау бойынша іс-шараларды өткізуге 851 адам және…
