Автор: Сайт әкімшілігі

Махамбет ауданының Еңбекшіл ауылдық округіне қарасты жайылымнан тұрғындардың малын қолды еткен қылмыстық топ ұсталды. Полицейлер қылмыстық топтың бірнеше жылқымен қатар, сиыр, түйені (9 қылмыс) ұрлағандарын анықтады. Топ құрамындағы Махамбет және Құрманғазы аудандарының 38 бен 52 жастағы екі тұрғыны уақытша ұстау орнына қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жалғасуда. Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың 11 қаңтарынан бастап, мал ұрлығы қылмыстың ауыр санатына ауыстырылды. Сондай-ақ, осы заңда көзделгендей, мал ұрлағандар мен малынан айырылғандар өзара ымыраға келе алмайды, оған тыйым салынды.

Read More

«Теңізшевройл» компаниясында жаңа басшы. Бұған дейін Chevron IndoAsia Business Unit басқарушы директоры қызметін атқарған Кевин Лайон «Теңізшевройл» ЖШС жаңа бас директоры болып тағайындалды.  Kazservis мұнай сервистік компаниялар одағының мәліметінше, 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап ТШО-ны басқарған Имер Боннер Chevron бас кеңсесінде жаңа қызметке ауыстырылды. Енді Кевин Лайон одан жұмысын қабылдап жатыр, ол келесі жылдың 1 ақпанында ресми түрде бас директор болып тағайындалады.

Read More

Ливан прокуратурасы Бейрут портында болған жарылысқа жоғары дәрежелі саясаткерлер кінәлі деп отыр. Дүйсенбі күні премьер-министрдің міндетін атқарушы Хасан Диаб пен көлік, қаржы және қоғамдық жұмыс министрлігінің бұрынғы басшылары жауап алуға шақырылмақ. Олар жарылыс болған кезеңде қызмет етті. Оларға өз істеріне немқұрайлы қарады деген айып тағылуда. Соның салдарынан бірнеше адамның өмірі қиылды. Прокуратураның мәлімдемесінде айыпталушыларға жүк қауіптілігі туралы бірнеше рет есеп берілгеніне қарамастан олар ешқандай шара қолданбағандығы айтылды. Ұзақ уақыт бойы жатып қалған тыңайтқыштардың жарылыс қуаты шамамен 1 500 тонна болған. Euronews.com

Read More

Енді облыс тұрғындары автокөліктің мемлекеттік нөмірін қысқа мерзімде ала алады. Атап айтсақ, ақпараттық өндіріс орталығында алғаш рет мемлекеттік нөмірлерді шығаратын құрылғы іске қосылды. Енді темір тұлпар иелері алтын уақытын үш есе үнемдей алады. Жыл басынан бері өңірде көлікті тіркеу және нөмірді беру бойынша 80 мыңға жуық қызмет көрсетілген. Индира ДҮСІПҚАЛИЕВА, Атырау қалалық мамандандырылған ХҚКО басшысы  Ақпараттық өндірістік орталығында биыл 29 қарашадан бастап, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін шығаратын аппарат іске қосылды. Қазіргі таңда мемлекеттік тіркеу нөмерлерінің белгілері өзіміздің Атырау өңірінен басылып шығып жатыр.  Бұрын сонды мемлекеттік нөмірді 15 жұмыс күнде алатын болса, қазіргі уақытта 2-3 жұмыс күндерінде алынып жатыр. Бұған дейін мемлекеттік…

Read More

Қазақстанда өткен тәулікте 836 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы mangystaumedia.kz хабарлайды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы — 118 Алматы қаласы — 75 Шымкент қаласы — 7 Ақмола облысы — 67 Ақтөбе облысы — 9 Алматы облысы — 45 Атырау облысы — 40 Шығыс Қазақстан облысы — 129 Жамбыл облысы — 24 Батыс Қазақстан облысы — 40 Қарағанды облысы — 29 Қостанай облысы — 72 Қызылорда облысы — 4 Маңғыстау облысы — 9 Павлодар облысы — 90 Солтүстік Қазақстан облысы — 72 Түркістан облысы — 6 Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 139995.

Read More

Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кентінде Атырау облысының Қашаған кен орнында «Газды кешенді дайындау қондырғысы» жобасын Атырау облысының тұрғындары және үкіметтік емес ұйымдар арасында түсіндіру бойынша ағымдағы жылдың 14 желтоқсаны күні сағат 10.00-де «GPC Investment» ЖШС-нің өкілдерімен ашық отырыс өткізу жоспарланып отырғанын хабарлайды. Осыған орай, үкіметтік емес ұйымдармен белсенді қоғам өкілдерін аталған жиынға қатысуға шақырады. Өтетін орны: Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті, Доссор мәдениет үйінің акты залы. Өтетін уақыты: 2020 жылдың 14 желтоқсан сағат 10.00-де.

Read More

Тәртіп сақшыларының сөзінше, армениялық көліктерді уақытша тіркеу үкіметтің арнайы қаулысында жазылған, бірақ мұны Ресейден келген машиналарға қолдану мүмкіндігі жоқ. Бұл туралы  kolesa.kz. хабарлайды. Бірдей көліктер мен көрші елде есептен шығарылып, Қазақстан жолдарында шетелдік нөмірмен жүйткіп жүрген машиналарды анықтау үшін полицейлер бейнекамералар мен басқа да құралдарды қолданады. Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады. Бұл үшін Қазақстан мен Ресей ІІМ базаларын біріктіру жоспарда жоқ. Бірақ 2021 жылы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасы көлік құралдарының электронды құжаты жүйесімен бірігеді деген болжам бар. Бұл ЕЭО құрамындағы басқа елдерде тіркелген автокөліктер…

Read More

Қазақстанда 10 жыл бұрын мұздатылған эмбрионнан сәби дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға берген жауабында айтылады. Ведомство мәліметінше, бұл процесс криоконсервация деп аталады. Қазақстанда фертиль жастағы әйелдерді қайта ұрықтандыру мүмкіндігі үшін эмбриондарды криоконсервациялау және сақтау жүзеге асырылады. Процесс Қазақстан денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 30 қазандағы № 624 «Донорлықты жүргізу және жыныстық жасушаларды сақтау ережесін бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі. Сондай-ақ, Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментіндегілер мұндай процедура міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында өткізілетінін айтты. Жұптарға экстракорпоралдық ұрықтандыруды жүргізуге квота берілуі мүмкін.

Read More

Атырау облысы тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне 11 айдың ішінде сауда-саттық қызметіне байланысты 500-ден астам өтініш түскен. Бұған қоса көлік қызметі саласына қатысты 253 шағым қаралған. Оның ішінде, 96 өтініш жазбаша, телеграм-бот арқылы 117, ал 27 шағымды тұтынушылар аяқтай келіп айтса, шұғыл желі көмегіне 13 тұрғын жүгінген. Мамандардың сөзінше, көбінде карантинге байланысты әуекомпаниялардың қызметіне шағым түседі.  Гүлбаршын СҰЛТАНОВА, Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Каратинге, төтенше жағдайларға және авиакомпанияларға қатысты өтініштер түсіп жатыр. + Сауда саласын да қараймыз. Дүкендерге байланысты өтініштер түсіп жатыр. 2023 жылға дейін шағын бизнеске байланысты монитория жарияланған. Өтініштер қаралып, ескертіліп жатыр. «Жеке және заңды…

Read More

Киіктердің Атырауға қоныс аудару кезеңі басталды. Осыған орай жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңірде «Ақбөкен» рейдтік жұмыстары жүргізілуде. Басты мақсат – бөкендермен бірге жылжып, Атырауға аяқ басқан браконьерлердің жолын кесу. Шаралар жыл соңына дейін жалғаспақ. Іске білек сыбанып кіріскендердің арасында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары ғана емес, полицейлер, шекара қызметкерлері мен Ақжайық резерватының мамандары да бар. Азамат ӘБІҒАЛИЕВ, Индер ауданы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы бөлімінің бас маманы Желтоқсанның онынан бастап, киіктердің шағылысуы басталады. Киіктердің шағылысуынан рейдтік шараларды күшейтеміз. Өйткені шағылысқаннан бастап, киіктердің көшіп-қонуы басталып, осы Батыс Қазақстан облысынан Индер ауданына өтеді. Жоғалып кету қаупі бар ақбөкендерді…

Read More