Автор: Сайт әкімшілігі

Индер ауданының әкімі кезінде жерасты қазба байлығымен кеңінен танылған аймақтың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы төңірегінде он айда атқарылған істі жіпке тізді.  Мейірім ҚАЛАУИ, Индер ауданының әкімі Күні бүгінге аудандағы өнеркәсіптің нақты көлем индексі 96,5 пайызды құрап отыр. Бұл 2019жылмен салыстырғанда 8,2 пайызға жоғары. Індетке қарамастан, ауданда  жалпы өндіріс сапасы төмен түсіп отырған жоқ. Ауданда өнеркәсіппен қатар ауыл шаруашылығын дамытуға да мол мүмкіндік бар. Өткен он айда бұл бағыттағы өнім өндіру көлемі 9 млрд теңгеден асқан. Осы саладағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 220 млн теңгеге артып, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 100 процентке жоғары болып отыр. Дегенмен атқарылған жұмыстармен…

Read More

«Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалында сайлауалды штабы ашылды. Оның құрамында 15 адам бар. Бұған дейін «Nur Otan» партиясы іріктеуіне еліме, туған жеріме қызмет етсем, өркендеуіне үлес қоссам деген адамдардың бәрі қатысты. Өмірболат ЕСЕНҒАЗИЕВ, аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Праймеризге 46 адам түсіп, 36-сы аяғына дейін бағын сынады. Бәрі де басқару жүйесінен аз да болса мәлімет алды. Алға қарай осылай істесем деген мақсат қойды. Бірінші рет қатысқандар халықтың алдына шығып сөйлеуді үйреніп, мұң-мұқтажымен танысты. Елбасымыз, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев депутаттардың 30 пайызы әйелдер, 25 пайызы жастар болуы керектігін айтты. 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламамыз бар, күні кеше партия төрағасының орынбасары…

Read More

Суретте көзіңізге бірден түскен ағашты таңдап, өзгелерге қандай адам болып көрінетініңізді біліңіз. Сырт көз сыншы. Ішкі жан дүниеміз өзімізге ғана мәлім болса да, өзгелер бізді басқа қырымыздан тануы мүмкін. Басқа адамдардың біз туралы не ойлайтынын білгіміз келеді. Айналамыздағы адамдар арасында өзіміз жайлы жағымды пікір қалыптастырғанды ұнатамыз. Ал сіз өзгелер үшін қандай адам болып көрінесіз? Білгіңіз келе ме? Ендеше психологиялық суретке үңіліп, көзіңізге бірден түскен ағашты таңдаңыз. Өзіңізге ұнаған ағашты таңдасаңыз, сипаттамасын төменнен оқыңыз. №1 Ағаш Сізді өзгелер жұмсақ, биязы мінезді адам ретінде таниды. Жүрегіңіздің нәзіктігі, жаныңыздың мейірімділігі айналаңыздағы адамдарға ұнайды. Өзгелерге нағыз қорған бола алатын, қиын сәтте жақындарының жанынан табылатын…

Read More

Францияның Информатика және азаматтық бостандықтар жөніндегі комиссиясы америкалық «Google» мен «Amazon» интернет компанияларына айыппұл салды. Оған желі пайдаланушыларының жеке ақпараты сақталған файлдарды олардың келісімінсіз пайдаланғаны себеп болған. Нәтижесінде, «Google-ға» 100 миллион еуро, «Amazon» компаниясына 35 миллион еуро айыппұл салынды. Француз заңынан сәйкес, интернет сайттар пайдаланушыларға ақпараттың жиналатынын және оның қандай мақсатта жүзеге асырылатынын хабарлауы тиіс. Әдетте интернетте жарнамалық хабарламалар жариялаумен айналысатын компаниялар қажетті ақпаратты еш кедергісіз алады. Себебі, пайдаланушының қандай сайттарға кіретіні туралы мәлімет қолжетімді. Ал бұл пайдаланушының қызығушылығы мен сұраныстарын анықтауға мүмкіндік береді.

Read More

Биыл Аяз ата мен Ақшақар әр үйдің есігін қақпайды. Пандемияның салдарынан Жаңа жыл расымен отбасылық мерекеге айналмақ. Себебі атыраулықтарға мерекелік кештерді өткізуге тыйым салынды. Сондай-ақ, қаладағы бас шыршаның жанына да жиналуға болмайды. Әлия БЕКЕШОВА, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Корпоративтік іс-шараларды, әсіресе, банкет залдарында өткізуге тыйым салынған. Сондай-ақ, шырша орнатылатын Атырау мен Құлсарыдағы алаңда, басқа да аудан орталықтарында жаппай жиналуға рұқсат берілмейді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегілер бірнеше күнге созылатын мереке кезінде, әсіресе, Тәуелсіздік күні қарсаңында кафелер мен мейрамханалардағы тексеріс жұмыстарының күшейтілетінін ескертеді. Мониторингтік топтардың назарынан мектептер де тыс қалмайды. Білім ордасындағыларға ертеңгіліктер ұйымдастыруға, аниматорлар мен ата-аналарды шақыруға тыйым салынады.

Read More

  «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Партия мүшелері бір ай бойы сайлаушылармен жүздесіп, олардың мәселелерін тыңдамақ ниетте. Нұротандықтар бір күнде бірнеше кездесу ұйымдастыруды көздеп отыр. Алғашқы табан тірейтін нысандар «Атырау облысы су арнасы» кәсіпорны мен мүгедектер спорт клубы болмақ. Сондай-ақ, штаб жанынан тұрғындар үшін қабылдау кабинеті ашылды. Бұл ретте қоғаммен тікелей диалогқа басымдылық берілетіні айтылды. Бірақ аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты түзетулердің енгізілуі мүмкін.    Қаршыға ЖАУЫМБАЕВ, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының сайлауалды штабының басшысы Бір айдың ішінде халықпен онлайн да, офлайн да кездесеміз. Мекемелерге кездесуге барамыз. Қолымыздан келген үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз. Осы уақытқа дейін партияның…

Read More

Өткен ғасырда қолданысқа енгізілген нысанның бұрынғы күйі қазіргі күннің талабына сай келмегендіктен жаңасын тұрғызу туралы шешім қабылданып, жобалау жұмыстары көп уақыт күттірмей аяқталды. Ғимарат бас-аяғы бір жылда бой көтерді. Арнайы тапсырыспен салынған құрылысты жергілікті компания жүргізді. Ғимарат екі қабаттан, он жеті кабинеттен тұрады. Оған бөлінген қаражаттың жалпы құны екі жүз жиырма үш миллион теңгеден асады. Аманбай ЖҰМАЛЫ, мердігер мекеме басшысы Биыл осы ағымдағы 2020 жылы қазан айында ойдағыдай аяқталып, барлық қаражат толығымен игеріліп,  бүгін тапсырып отырмыз. Бұған дейін көненің сарқыншағындай болған ескі мекенді тұрақтап келген аудандық сот ұжымының қуанышында шек жоқ. Болатбек ЖҰМАБАЕВ, Жылыой аудандық сотының төрағасы Сот ғимаратының табалдырығынан…

Read More

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өседі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.  Министрлік мәліметінше, елімізде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік ұйымдардың 38,5 мыңнан аса әлеуметтік қызметкерінің жалақысы өседі. Ол үшін республикалық бюджеттен алдағы үш жылға шамамен 95 миллиард теңге бөлінеді. Жалақыны көтеру өз қызметін стационарлық (қарттар мен мүгедектерге арналған үйлер) және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (күндіз болу бөлімшелері, оңалту орталықтары), уақытша болу мекемелерінде (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған оңалту орталықтары) жүзеге асыратын негізгі персонал (әлеуметтік қызметкерлер) мен басшы құрамға, сондай-ақ үйде қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерге қатысты болады. «Осылайша 2021 жылғы…

Read More

Италияның Ішкі істер министрлігінің экс-басшысы Маттео Сальвиниге қатысты сот отырысы басталды. Ол адамдарды заңсыз ұстағаны үшін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін айыпталуда. Осыдан бір ай бұрын саясаткер сотқа дейінгі тыңдауға шақырылған. Парламенттің жоғарғы палатасындағы әріптестері одан депутаттық құқықты алып тастауға дауыс берген. Сальвиниге тағылған кінәларға қатысты оқиға 2019 жылы болған. Бір жарым жыл бұрын министрлік қызметте болған ол Аппенин жағалауындағы күзет кемесіндегі жүзден астам заңсыз мигрантты кіргізуге тыйым салған. Алайда Сиракуза қаласының соты бұл шешімді жойған. Қазіргі уақытта әділет қарамағында сол кезеңге қатысты жүзден астам құжат бар көрінеді. Сальвиниден бөлек қазіргі премьер-министр Джузеппе Конте, Көлік министрлігінің бұрынғы басшысы Данило…

Read More

Польшада 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірген экс-полицей өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — деп хабарлайды Agropolska.pl. 51 жастағы күдіктіде бұрын «көк карта» болғаны анықталды. Ол Польшада тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға беріледі екен. Сондай-ақ, дереккөз мәліметінше, офицер агрессив мінез-құлқына, сондай-ақ алкогольге байланысты полициядан босатылды. Бұдан бөлек, күдіктінің үш айға қамауға алынғаны айтылады. Экс-полицей өмір бойына немесе 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Еске салайық, 1 қарашада Польшада 16 жастағы қазақстандықты аңшы атып өлтіргені хабарланған болатын. Қайғылы оқиға 1 қарашада Клучковицадағы интернат маңында студенттер білім беру мекемесінен 200 метрдей жерде орналасқан мектеп бақшасын барған кезде болған.

Read More