Автор: Сайт әкімшілігі

COVID-19 екі фазалы вакцинациясының екінші кезеңін назарға алмау коронавирус жұқтыру қаупін төндіруі мүмкін. Екпені алмау ұжымдық иммунитетті де төмендетеді. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды. Бұл туралы Иерусалимдегі Хадаса клиникасының бөлім меңгерушісі, иммунолог профессор Полина Степанская айтты. «Қазіргі таңда барлық екпе екі бөлімнен тұрады. Егер сіз екінші екпені алмасаңыз, ұжымдық иммунитет те төмен болады. Бірақ бұл ол адам үшін қалыпты иммунитет болмауы мүмкін. Менің ойымша, ең бастысы — екінші екпенің не үшін маңызды екенін және оны неге алу керегін адамдарға түсіндіру. Адам оны қаласа, ол бірінші екпеге келіседі, кейін ол екінші рет екпені алған кезде иммунитеттің әлдеқайда жақсы болатынын түсінеді. Сондықтан ол екінші…

Read More

Қазгидромет 15-17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. «Еліміздің барлық аумағында негізінен жауын-шашынсыз аязды ауа райын алып келген Сібір антициклоны шығыс бағытта жылжи бастайды. Оның артынан Солтүстік-батыс циклон ығысады. Елдің басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады, сондай-ақ ауа температурасы жоғарлайды», — делінген хабарламада.

Read More

2020 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында Қазақстанда ресми дилерлер 79 мыңнан астам жаңа көлік сатты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Тараған мәліметте «Аталған кезеңде ресми дилерлер 79 394 көлікті сатты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 25,2 пайызға жоғары. Биылғы 11 айда қазақстандықтар жаңа жеңіл көліктерді алуға 711,2 млрд теңге жұмсап, 2019 жылғы деңгейден 20,8 пайызға артық болды» делінген. Көлік сатып алушы 56 867 адам (71,6 пайызы) отандық зауыттардың өніміне өз таңдауын жасаған. Сонымен қатар, биылғы 11 айда сатылған 22 527 автомобиль (28,4 пайызы) импортқа тиесілі болып отыр. Аталған мерзімде елімізде сұранысы жоғары брендтердің арасында Lada (16 412 көлік), Hyundai (15 622), Toyota…

Read More

Жылыойда қос бірдей су жаңа балабақша ашылып, тұрғындарды қуанышқа кенелтті. Қаланың екі шетінде орналасқан ықшамауданның бөбектері енді алысқа ұзамай, үйлеріне жақын маңдағы мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленетін болады. Ғимараттардың екеуі де 280 балаға шақталған.Әр құрылысқа кеткен қаражаттың жалпы құны бес жүз жетпіс миллион теңгеден асады. Тоғжан НАЙЗАБЕКОВА, балабақша меңгерушісі Тәуелсіздік күні қарсаңында «Мұрагер» ықшам ауданынан үлкен балабақша ашылуда. Атауы «Салтанат» бөбекжай балабақшасы деп аталып жатыр. Бұл осы «Мұрагер» ықшам ауданының халқы үшін өте қуанышты жаңаалық деп ойлаймын. Себебі, тұрғындардың балалары балабақшамен қамтылатын болады. Жаңа заман талабына сай қос балабақшаның іргетасы 2018 жылы қаланды. Ғимараттың ішінде баланың ой-өрісін дамытуға барлық жағдай жасалған.…

Read More

Жаңаөзен қаласында инкассаторға шабуыл жасағандар қолға түсті. Естеріңізге сала кетейік, 3 желтоқсан күні пышақпен қаруланған қарақшылар инкассаторды тонап, үш қап ақшаны үпті қылған. Онда 75 млн теңгеден астам қаражат болды. Сол мезетте банк қызметкерлерінің бірі шабуыл жасаған көлікке оқ жаудырғанымен олар ізін суытып үлгерген. Араға аптадан аса уақыт салып, бұл іске қатысы барлар қамауға алынды. Қазір тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  Алтынбек ҚАЛИЕВ, Маңғыстау облыстық ПД бастығының орынбасары 9 желтоқсан күні күдікті туралы ақпарат алынып, 10 желтоқсан күні екінші күдікті анықталып ұсталды. Күдіктінің үйінің ауласының қазандыққа көмілген өзінің бөлінген ақшасы табылды. Сол күні үшінші күдікті де анықталып, 11 желтоқсан күні 3 күдікті…

Read More

Облыстық полиция департаменті рейдтік іс-шаралар барысында заңсыз түрде жалға берілген 500-ге жуық пәтерді анықтады. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, тұрғын үй иелері баспанасын тиісті құжаттарсыз ұсынған. Жыл басынан бері түнгі тыныштықты бұзған мың жарымнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Пәтерді сағатына немесе тәулігіне жалға алатындардың қатары, әсіресе, пандемия кезінде көбейгенін атап өткен жөн.  Гүлназира МҰХТАРОВА, облыстық ПД баспасөз хатшысы Аталған заңсыздықтардың нәтижесінде оларға қатысты ҚР ӘҚБТК-нің 437-ші, яғни, «Тыныштықты бұзу» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Биыл осы бап бойынша 1500-ден астам адам жауапқа тартылды.

Read More

Бүгін Атырау халықаралық әуежайында облыстық мәслихат депуттатығына кандидаттар бастауыш партия ұйымымен кездесу ұйымдастырды. Онлайн форматта өткен кездесуде Қазақстанның басты 7 жетістіктерін,  «Нұр Отан» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасыменн таныстырды. Қатысушылар арасынан сұрақтар қойылып, қазіргі қоғамдағы туындаған қиындықтарды еңсеріп,болашақта шағын және орта бизнесті дамыту жолдарын талқылады. Үміткерлер кездесудің ойдағыдай өткенін айта келе, азаматтарды «Нұр Отанға» дауыс беруге шақырды.

Read More

«Нұр Отан» партиясы атынан Атырау облыстық мәслихатына кандидаттар онлайн негізде өңірдің іскер әйелдерімен кездесті. Онда партияның алдағы уақыттарда атқаратын жұмыстары мен басты жобалары талқыға салынды. ZOOM конференциясы арқылы байланысқа шыққан іскер әйелдер партияның осы уақытқа дейінгі жұмыстарына оң баға беріп, алдағы сайлау кезінде жеңіске жетуіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ, партия өкілдері Қазақстандағы іскер әйелдер қауымдастығына және оның басшысы Нұрлы Тельмановаға ерекше алғыс білдіретінін жеткізді.

Read More

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Атырау қалалық филиалында партияның кезекті сайлауалды отырысы өтті. Онлайн форматта өткен іс-шарада қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер білім беру саласы ардагерлерімен жүздесті. Онда «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бөлімдері талқыға салынды. Нақытрақ айтқанда, 3 және 6 жас аралығында 100% -дық мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, апатты және үш ауысымды мектептерді толығымен жою және барлық мектептерді білікті оқытушылармен толықтыру, балабақшаларға қабылдау тәртібін цифрландыру, бірыңғай білім беру онлайн – платформасын енгізу, барлық ауыл мектептерін жоғары жылдамдықты ғаламтор желісімен қамтамасыз ету және сұранысқа ие мамандықтар бойынша орта арнаулы оқу ордаларында тегін оқу үрдісін қалыптастыру сөз болды. Әңгіме барысында…

Read More

Бүгін бірнеше елдің тұрғындары Күн тұтылуының куәсі бола алады. Бұл туралы  Stan.kz хабарлайды. Күннің тұтылуы Нұр-Сұлтан уақытымен 20:25-те басталады, аспан құбылысының максималды фазасы 22:00-ге дейін созылады. Бүгінгі күн тұтылуының ұзақтығы 2 минут 10 секундқа созылады. Бұл астрономиялық құбылыс Тынық мұхитының оңтүстік-шығысында жақсы көрінеді. Чили, Аргентина, Оңтүстік Атлант мұхитының тұрғындары ерекше оқиғаны анық көре алады. Тұтылудың ішінара фазалары Оңтүстік Америкада, Полинезияда, Антарктидада және Африкада байқалады. ТМД аумағында күннің тұтылуы әлсіз болады. Қазақстанда күннің тұтылуы көрінбейді, бұл кезде ел аумаңында тәуліктің қараңғы уақыты болады,

Read More