Автор: Сайт әкімшілігі

Спорт кешендерінің құрылысы, волейболдан қыздар командасын көбейту, таланттыларға гранттардың бөлінуі мен балалар интернатын құру мәселелері «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында көзделген. Партиялық үміткердің сөзіне сенсек, сайлауалды бағдарлама бойынша Атырау облысында 2021-2025 жылдар аралығында 22 спорттық кешен салу жоспарланған. Ал республикалық бағдарлама негізінде әр ауылда спорттық инспекторды дайындау мен секция жүргізушілерінің жалақысын көбейту мәселелері қарастырылмақ. Депутаттыққа үміткерлерге, спорт жанашырлары ұлттық құрама сапындағы қыз-жігіттердің киім-кешегін жаңарту бағытында сауалдарын қойды. Одан бөлек, ауқымды спорт алаңдарында көрермен орындықтары қарастырлмағанына наразы екенін айтты.  Саламат ИДРИСОВ, «Nur Otan» партиясынан кандидат Өңірдегі спорт кешендерінің заман талабына сай болуын қадағалаймыщ. Сосын волейболдан қыздар командасының дамуы, әкімдік тарапынан бөлінетін…

Read More

    Тәуелсіздік күні қарсаңында Индер ауданында бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Өткен ғасырдың 1972 жылы салынған ескі су тазарту қондырғысы қайта жаңғыртудан өтті. Кешен толық қуатында іске қосылғанда тәулігіне 1800 текше метр су айдауға мүмкіндік бар. Мемлекеттік «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында жаңарған кешенді алдын-ала тексерістен өткізу жоспарланып отыр. Өткен жылы басталған құрылыс жұмыстары үшін республикалық бюджеттен қомақты қаржы да бөлінген. Жалпы, ауданда осыдан он жыл бұрын жаңадан су тазарту қондырғысы салынған еді. Енді жаңа кешен қосымша жұмыс істеп, су тапшылығын болдырмауға толық мүмкіндік бермекші.  Шалқар АЛЬМУРЗИЕВ, «Индер Су» КМК директоры  Индербор кентіндегі  су тазарту қондырғысында күрделі жұмыстар…

Read More

Қазақстанда өткен тәулікте 652 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Барлық жағдайда коронавирус індеті ПТР-сынама арқылы расталған. Өңірлер бойынша: Шығыс Қазақстан облысында — 18211 (+60), Нұр-Сұлтан қаласында -17555 (+68), Алматы қаласында — 17460 (+51), Атырау облысында — 12512 (+74), Қарағанды облысында — 11666 (+32), Батыс Қазақстан облысында — 8782 (+37), Павлодар облысында — 8246 (+80), Солтүстік Қазақстан облысында — 7903 (+66), Қостанай облысында — 6810 (+66), Ақмола облысында — 6573 (+59), Алматы облысында — 6475 (+25), Шымкент қаласында -5452 (+3), Жамбыл облысында — 4840 (+6), Ақтөбе облысында -3623 (+8), Түркістан облысында — 3575 (+4), Маңғыстау облысында — 3561 (+12), Қызылорда облысында -3340…

Read More

Қазақстандықтар 2021 жылдың қаңтар айында демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде 13 күн демалады. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды. Жаңа жыл мерекесі 1 және 2 қаңтарға cәйкес келеді. Яғни, осы екі күн барлық қазақстандықтан үшін демалыс. Әйтсе де 2 қаңтар сенбіге келетіндіктен, демалыс 4 қаңтарға дейін ұзарғалы тұр. Яғни 2021 жылдың 1-4 қаңтары аралығы демалыс. 7 қаңтар Рождество мерекесіне сай келгендіктен қазақстандықтар ол күні де демалады. Осылайша 2021 жылдың алғашқы жетісі демалысқа толы апта болғалы тұр.

Read More

«Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында карантиндік шараларды күшейту туралы»  жаңа қаулы күшіне енді. Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9,36,102,104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №57 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №58 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 қарашадағы №62 қаулысына сәйкес, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік көрсеткіші R-1,19 негізінде және Сovid-19 коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Атырау облысы…

Read More

Шаhарда үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүруде. Соған сәйкес «Есіктен есікке» акциясы аясында партия мүшелері тұрғындардың үйлеріне табан тіреп, халық пікіріне құлақ түрді. «Нұр Отан» партиясының алдағы 5 жылдық жоспарын таныстырып, сайлауалды бағдарламаларының негізгі бағыттарын айтып, саралап берді. Аталған акция күнделікті жалғасын тауып, дәстүрге айналып үлгерген. Тіпті, қала сыртындағы жұрттың жағдайы мен жай-жапсарын білу мақсатында партия мүшелері дамылсыз қызмет етуде. Бақыт ШЕРКЕШБАЕВА, кандидат  Праймериздің жеңімпаздары топ-топқа бөлініп, «Есіктен есікке» акциясын өткізуде. Алдымыздағы сайлаудың маңыздылығын, яғни сайлаудың ашық та әділ өтуіне тұрғындардың белсенділігі қажет екендігін айтудамыз. Кездесу барысында сайлаушылар қаланың әл-ауқатын дамыту бойынша өз идеялары мен ұсыныстарын тілге тиек етті. Сонымен қатар, тұрғындар…

Read More

Алдағы жылдың алғашқы айында өтетін сайлауға партиялар тыңғылықты дайындығын бастап кетті. Қазіргі уақытта үгіт-насихат жұмыстары жер-жерде қызу жүргізіліп жатыр. Солардың қатарында «Nur Otan» партиясы да бар. Партия өкілдері әр саладағы мамандармен кездесіп, алыс ауылдарға ат басын бұрып жатыр. Сайлауалды бағдарламада көрсетілген ірі жобаларды халық арасына таратып, болашақта нақты жоспарлы жұмыстар атқарылатынын жеткізуде. Нақтырақ айтқанда, экономикалық тұрақтылық, жайлылық, әлеуметтік бағдардың айқындығы, жастар, мәдениет, тарих, қауіпсіздік және жергілікті жауапты органдардың ашықтығы – басты назарда. 10 қаңтарға жоспарланған сайлауға байланысты Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Қадірбай Жармұханбетов өзінің пікірін білдірді. Қадірбай ЖАРМҰХАНБЕТОВ, Құрманғазы ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Алғаш рет…

Read More

«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа кандидат Сайын Қуанышев, аудандық мәслихаттың депутаттығынан үміткер Айбар Алтыбаев, аумақтық сайлауалды штаб мүшесі Гүлшара Сары «Нұр Отан» партиясының Қызылқоға аудандық филиалында болып, сайлаушылармен кездесті. Кездесуді облыстық мәслихат депутаттығынан үміткер Сайын Қуанышев ашып, партияның сайлауалды бағдарламасы халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталғанын, қазіргі таңда өзекті мәселеге айналған Ойыл өзенінің басты назарда болатындығын түсіндірді. Аудандық мәслихаттың депутаттығынан үміткер Айбар Алтыбаев аудандағы ХҚКО-да жасалып жатқан жаңаша бағыттар мен жұмыстарға тоқталып өтті. Ал аумақтық сайлауалды штаб мүшесі Гүлшара Сары облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Сайын Қуанышев пен Айбар Алтыбаевқа сәттілік тілеп, аудандық партияның сайлауалды бағдарламасында ауданымыздың өсіп-өркендеуіне, денсаулық және…

Read More

«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа кандидат  Мереке Құмаров, аудандық мәслихаттың депутаттығынан үміткерлер Теңел Исмағұлов, Арайлым Қаржауова, Қанат Ғұмаров Ақкөл ауылдық округінде болып, сайлаушылармен кездесті. Кездесуді аудандық мәслихат депутаттығынан үміткер Теңел Исмағұлов ашып, қатысушыларды таныстырып, келген мақсаттарын айтып, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Аудандық мәслихаттың депутаттығынан үміткер Арайлым Қаржауова партияның Құрманғазы ауданы бойынша бағдарламасына кеңірек тоқталып, оның басты бағыттарынан құлағдар етті. Қалған екі қатысушы, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттығынан үміткерлер Мереке Құмаров пен Қанат Ғұмаров та партияның сайлауалды бағдарламасы халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталғанын, алға қойылып отырған межелердің ел үшін берер игілігі мол екенін баяндап, «Nur Otan» партиясына…

Read More

«Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалы Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар саланың мамандарын марапаттауды дәстүрге айналдырған. Биыл партияның Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Нұрлыбек Ожаев аталған дәстүрді одан әрі жалғастырды. Мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты шарада Нұрлыбек Жұмахметұлы қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, егемендігіміздің құндылығына, қадір-қасиетіне тоқталып өтті. Ол өз кезегінде өңірдегі жастарға, әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше жағдай қалыптастыру мақсатында бірқатар жұмыс атқарылатынын да тілге тиек етті. Жиын барысында 1986 жылы Алматы қаласында болған Желтоқсан оқиғасына қатысып, ел тәуелсіздігін алу жолында өзіндік үлестерін қосқан атыраулық Кенжеш Аққуова мен Жұмазмя Абдрахманова алғысхатпен марапатталды. Сондай-ақ, облыстық мәслихатқа кандидаттар жастарды…

Read More