Автор: Сайт әкімшілігі

«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа үміткеркерлер кәсіпкерлердің басын қосты. Карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты онлайн өткен шарада облыстың түкпір- түкпірінен қатысушылар болды. Партия мүшелері оларды сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, басымдықтарды атап өтті. Әсел ЖАЛМҰҚАНОВА, «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа кандидат Нұр Отан ұлттық тауарлар өндірісін ұлғайтып, импортқа тәуелділікті азайту үшін жұмысын істеп, тұрғын кәсіпорындар шикізатпен толық қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы аясында ішкі және нарықтық сұраныстарға ие халық тұтынатын тауарлар өндірісі артады. Бұл бағдарлама 2021 мен 2025 жылдар аралығында міндетке алынатын бағдарлама. Сонымен бірге, біздің президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлерге мықты қолдау көрсетіп отыр. Сондықтан да,…

Read More

Қазақстан Президенті «Теңізшевройл» ЖШС-ның бас директоры Имер Боннерді қабылдады. Бұл туралы aikyn.kz хабарлайды.  Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Теңізшевройл» компаниясының өндіріс орындары мен «Теңіз» кенішіндегі короновирус індетіне қарсы күрес жұмыстары жайында баяндалды. Кездесуде көмірсутегі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және компанияның алдағы 3-4 жылдағы даму перспективалары туралы айтылды. Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» компаниясы іске асырып жатқан жобаларда қазақстандық үлесті қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Имер Боннерге Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі және компаниядағы табысты жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

Read More

Apple компаниясы коронавирустың таралуына байланысты Калифорния штатында 53, Ұлыбританияда 16 дүкенін жапты. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі хабарлайды. Сонымен қатар басылымның мәліметінше, компанияның Аляска, Миннесота, Небраска, Нью-Мексико, Оклахома, Орегон, Теннесси және Юта штаттарындағы бірнеше дүкендері уақытша жұмыс істемейді. 20 желтоқсаннан бастап Ұлыбританияда, сондай-ақ Мексика мен Бразилияда Apple-дің 16 дүкені уақытша жұмысын тоқтатты. 1976 жылы негізі қаланған Apple компаниясы дербес және планшетті компьютерлер, аудиоплеерлер, телефондар, «ақылды сағаттар» және бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісімен айналысады. Айта кетейік, Apple қауіпсіздік қызметінің басшысы Томас Мойер (Thomas Moyer) полицияға пара бермек болды деп айыпталып жатыр. Бұл әрекетімен ол компанияның бірқатар қызметкерінің заңсыз қару алып жүруіне рұқсат сұраған. Санта-Клара…

Read More

1. Тышқан жылы туылғандар  Олар үсті-басын таза ұстап, сақ жүреді. Думан-той, ырду-дырдудан бойын аулақ салуға тырысады. Мінезі – тәкаппар, сәл нәрсеге өкпелегіш. 2. Сиыр жылы туылғандар  Ұстамды келеді. Туған-туыстарының, өзінің қайғысына қатты күйзеліп, кімге болсын көмегін аямайды. Кейде бұл қылығы өзіне зиянын тигізеді. Адамдар бұлардың жақсылығын тез ұмытады, алайда қиыс басса, оған түсіністікпен қарайды. 3. Барыс жылы туылғандар  Қызба мінезді, ашуланшақ, басқаға билік жүргізгенді ұнатады, ешнәрсеге көңілі толмайды, бір істі қолға алса, бөгет болған адамдарды ұнатпайды, оларды беттен алып, ренжітіп тастайды. 4. Қоян жылы туылғандар  Қорқақ. Кез келген нәрседен үрейленеді, сыр сақтауға олақ. Маңызды істе өз бетінше шешім қабылдай алмайды.…

Read More

Смоленск маңында қаза тапқан қазақстандық сарбаздың әскери заттары музейлер қорына тапсырылды. Жауынгердің мүрдесі жанынан сапёр күрегі, каскасы, автомат бөліктері және су ішкен құтысы табылған. Аталған заттардың ішіндегі ең құндысы құтыдағы қағаз -дейді музей басшысы. Рашида ХАРИПОВА, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Негізгі құндылықтар сол ағамыздың жанындағы капсуладан басталады. Оған байланысты көптеген іздестіру жұмыстары жүргізілді. Оған осы Атырау облысы тарихи өлкетану музейі мамандары атсалысты. Соның нәтижесінде ағамыздың мүрдесі өзінің туған жеріне әкелініп жерленді. Онымен бірге келген құндылықтар Атырау облысы тарихи өлкетану музейімен ресубликалық Сарайшық музей қорығының қорығына қабылданды. Музейлер қоры жаңа деректермен қатар бағалы бұйымдармен де толықты. Екінші дүниежүзілік соғысқа…

Read More

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бүгіннен бастап «Отбасы банк» деп аталады. Қаржы институты, бұрынғы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын банк ретінде қала береді. Сондай-ақ қаржы құрылымы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының операторы міндетіндегі қызметін де өзгертпейді. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлайды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы жолдауында айтылған тапсырмаға сәйкес «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) өзінің ресми атауын «Отбасы банк» деп өзгертті. «2020 жылдың 20 желтоқсанында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамын «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамына қайта тіркеу…

Read More

«Маңғышлақ-Ақтөбе» жолаушылар пойызының жүк тиелген вагонында болған өрттен зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Бейнеу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Әсия Шонтыбаеваның айтуынша, денесінің 80 пайызын күйік шалған 42 жастағы ер адам кеше ауруханада қайтыс болған. «Оның жағдайы өте ауыр болғандықтан, санавиациямен Ақтауға алып кетуге жарамады. Сондықтан ол аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қалдырылды. Дәрігерлердің жіті бақылауында болды. Дегенмен ауыр жарақаты салдарынан кеше көз жұмды», — деді ол. Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қалған зардап шегушілер яғни 4 адам медициналық мекемелерде ем қабылдап жатыр. Денесінің 40 пайызын күйік шалған ер адам мен оның 11…

Read More

Туған күнін катерде тойлаған жігіттің достары масаң күйге түскен соң, қызық үшін оны суға лақтырған.  Ұлыбритания азаматы Саймон Холдер достарының сәтсіз әзілінен көз жұмды.  Бұл туралы Daily Star хабарлады. Ер адам туған күнін катерде тойлаған. Масаң күйге түскен құрдастары қызық үшін оны суға лақтырған. Саймон судан сүңгіп шығып, катерге мінуге тырысып жатқанда, оның аяғын айналып тұрған винт іліп кетеді. Оны құтқару үшін катерді тоқтатуға тура келген. Ауыр жарақат алған Холдер шұғыл ауруханаға жеткізілген. Бірақ дәрігерлер ер адамды аман алып қала алмады. Жарақат салдарынан көп қан кеткендіктен, ол көз жұмды.

Read More

Қазақстанда мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан «2021 жылдан бастап зейнеткерлік жасы төмендейді. Үкімге ресми түрде қол қойылды» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ерлер үшін зейнеткерлік жас – 63 жас, әйелдер үшін бүгінгі таңда – 59,5 жас, одан әрі 2027 жылға қарай 63 жасқа дейін біртіндеп артады. Қартайғанда барабар зейнетақы төлемдерін алу үшін зейнетақы жинақтарының жеткілікті көлемін қамтамасыз ету үшін 2014 жылы бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында 2018-2027 жылдар аралығында әйелдер үшін зейнетке шығу жасын жыл сайын 6 айға біртіндеп арттыру көзделген. Бұл ретте қазіргі уақытта…

Read More

Атырау облысында өткен тәулікте 49  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.  Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 12-сі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 32 жұмысшыдан, Жылыой ауданында -4, Құрманғазы ауданында 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 20-ында ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 41 адам емделіп шықты. Айта кетейік, қазіргі уақытта 228  адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда  86 науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 13,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 342 адам ем қабылдауда. Previous Next

Read More