«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа үміткеркерлер кәсіпкерлердің басын қосты. Карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты онлайн өткен шарада облыстың түкпір- түкпірінен қатысушылар болды. Партия мүшелері оларды сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, басымдықтарды атап өтті.
Әсел ЖАЛМҰҚАНОВА, «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа кандидат
Нұр Отан ұлттық тауарлар өндірісін ұлғайтып, импортқа тәуелділікті азайту үшін жұмысын істеп, тұрғын кәсіпорындар шикізатпен толық қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы аясында ішкі және нарықтық сұраныстарға ие халық тұтынатын тауарлар өндірісі артады. Бұл бағдарлама 2021 мен 2025 жылдар аралығында міндетке алынатын бағдарлама. Сонымен бірге, біздің президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлерге мықты қолдау көрсетіп отыр. Сондықтан да, біз өзіміз Нұр отанды таңдаймыз. Және бүкіл жерлестерімізді, отандастарымызды міндетті түрде 10 қаңтарда Нұр Отан партиясына дауыс беруге шақырамыз.
Байланысқа шыққан кәсіпкерлердің басым бөлігі пандемия кезінде тарығып қалғандарын жасырмады. Қысыл таяң шақта жұмысшыларын ақысыз еңбек демалысына жіберіп, табысының басым бөлігін жоғалтқандар мемлекеттен қолдау күтетіндерін жеткізді. Алда осындай мәселелер төңірегінде бірқатар жұмыстар атқарылмақ. Бағдарламада бизнес бастаймын деген азаматтарға 250 млрд тг қаржы бөлу жоспары бар екені де айтылды.
Үміткерлердің сөзінше, жеке бизнес өкілдерін қолдаудан бөлек, АИТИ саласындағы деректерді өңдеу және сақтау бағытына бөлінетін инвестицияны алты есеге арттыру жоспарланған.