ҚазАқпарат – Атырау облысында 8 айдағы экспорт көлемі 758,9 млн долларға жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен отырыста өңдеу өнеркәсібінде атқарылған жұмыстар сараланды. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Абдуахит Әбішевтің мәлім етуінше, биыл 3 жоба іске қосылған. Бұл – «BEST MODULE» ЖШС метал өңдеу зауыты, Доктор Хаус ЖШС «Медициналық бетперде өндірісі» және Құрманғазы ауданынан «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі. Бұлардың әрқайсында 40 жұмыс орны ашылған. «Биылғы қаңтар-қараша айларында өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 481,8 млрд теңгені құрады. Ал, жыл басынан бергі 8 айда өңдеуші өнеркәсіптегі экспорт көлемі 758,9 млн АҚШ долларына жетті. Өңдеуші өнеркәсіптегі негізгі капиталға…
Автор: Сайт әкімшілігі
Испаниялық «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси ұлы футболшы Пеленің рекордын жаңартты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Аргентиналық Л.Месси бұл нәтижеге Испания чемпионатының 15-турында «Вальядолид» пен «Барселона» арасында өткен матчта қол жеткізді. Ойынның 65-минутында 33 жастағы Месси гол соғып, Пеленің бір клуб үшін соққан доп санынан асып түсті. Осылайша Л.Месси каталониялық «Барселонаның» намысын қорғай жүріп, қарсыластар қақпасына 644 гол енгізді. Ал атақты Пеле бразилиялық «Сантос» клубында 1956-1974 жылдар аралығында доп теуіп, 643 гол соққан болатын. Сырт алаңда «Вальядолидті» 3:0 есебімен ұтқан «Барселона» 24 ұпаймен турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді.
Каспий теңізінің бетінде қатқан мұздың қалыңдығы ғалымдарды алаңдатты. Бұл туралы РИА Новости порталы хабарлайды. Мәселе болып отырған Ресей бөлігінде орналасқан Каспий теңізі сыңайлы. Ресейдің гидрометорталығының ғылыми жетекшісі Роман Вильфанд мұздың қалыңдығы 30%-дан асқанын айтады. «Қатты аяздардың себебінен Рсейдің оңтүстік еуропалық бөлігіндегі Азов теңізі мен Каспий жағалауын мұз баса бастады. Қазіргі кезде Каспий бетіндегі мұз қалыңдығы теңіз деңгейінің 30%-ын құраған», — дейді зерттеуші. Айта кетейік, Қазгидрометтің хабарлауынша, теңіздің қазақстандық бөлігінде де ауа райы бұрынғыдан төмен.
Мәскеуге екі шетелдік қабыланы бар ұшақ қонды. Олар Швецияның Nordens Ark хайуанаттар бағынан әкелінген. Бұл Кавказдағы азиялық барысты қайта өсіру бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Коронавирусқа байланысты әуе сапарына шектеулер болғандықтан, жыртқыштарды Стокгольмнан Мәскеуге Дубай арқылы алып келуге мәжбүр болыпты. Шереметьевтің жүк терминалында Филоу және Шива атты қабыландарға қолайлы жағдай жасалған. Дмитрий Горшков, Ресейдегі Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының директоры Бұл жануарлар Кавказдағы азиялық барыс түрін қалпына келтіру бағдарламасына жаңашылдық енгізетініне сенімдімін. Екі қабыланнан пайда болған күшіктерді Кавказ қорығына және басқа да аумақтарға жіберуге болады деп ойлаймын. Себебі бұл жаңа түр, жаңа генетика. Филоу мен Шива неміс хайуанаттар бағында дүниеге келген.…
Қызылқоға ауданының әкімі өткен 11 айдағы ауданның әлеуметтік-экономикалық жұмыстарына есеп берді. Ет және сүт өнімдерімен танымал аймақта ауылшаруашылық нысандарының саны артқан. Қазір осы салада 425 кәсіпкер қызмет етуде. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 114 шаруа қожалығына артық. 2021 жылы сүт цехы мен мал бордақылау орталығын ашу жоспарлануда. Дегенмен, халықтың тұрмыс-тіршілігіне жол мәселесі кедергісін тигізіп тұр. Бірақ, әкім Нұрсұлтан Бисембиев жұмыстың жүріп жатқанын айтады. Мәселен, Жамансор ауылындағы тасжолдың құрылысы келесі жылы аяқталмақ, ал өзге ауылдарда асфальтты қалпына келтіру – алдағы жоспарда. Тағы бір мәселе – ауыз су тапшылығы.Бүгінде аудан халқының 5 проценті құдық суын тұтынады. Нұрсұлтан БИСЕМБИЕВ, Қызылқоға ауданының әкімі…
25 желтоқсаннан бастап Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтіледі. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мәлім етілгендей, өңірде коронавируспен сырқаттанушылар санының көптеп тіркелуіне байланысты облыстық жедел штаб жаңа қаулы әзірлеп жатыр. Оған сәйкес, Маңғыстау және Атырау облыстарының арасында санитарлық пост қойылады. Нақтырақ айтқанда, көрші облыспен шектесетін Бейнеу ауданы Боранқұл елді мекенінде өңірге өткізіп-шығару шаралары күшейтіледі. Бұған Атырау облысының коронавирус көрсеткіштері бойынша «қызыл аймаққа» кіруі себеп болып отыр. «Маңғыстау және Атырау облыстары арасындағы әдеттегі емін-еркін қатынас тоқтатылады. Осы бағытта қозғалу азық-түлік, дәрі-дәрмек секілді маңызды тауарлар тасу үшін немесе жұмыс…
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім саласындағы жалған әрі ақылы олимпиадалар мен конкурстардың марапаттарына шектеу қою керектігін мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Білім және ғылым министрлігінің аппарат отырысында Асхат Аймағамбетов кейінгі кездері әртүрлі ақылы марапаттардың кең тарап кеткеніне алаңдайтынын жеткізді. Айтуынша, олардың дизайны да, аты да ресми бекітілген марапаттарға әбден жақындатылған. «Кейбірі түсінбей, басқалары әдейі «Ұлт ұстазы», Ыбырай Алтынсарин атындағы, басқа да әртүрлі төсбелгілерді ақша төлеп, алып жатыр. Бұл мәселені бірнеше рет талқылаған едік. Бірақ әлі де бұл үрдіс азаймай тұр», — деді Асхат Аймағамбетов. Отырыста сөз алған Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова білім саласында бекітілген ведомстволық…
Маңғыстау өңірінде 200 ге жуық жылқы суыққа шыдамай қырылып қалды. Бұл үй жануарларының өлекселері өрістен табылған. Аудан әкімдігінің айтуынша, олар жайылымда қараусыз жүрген дейді. Мамандар Шетпе ауылында 100, Ұштағанда 50, ал Онды ауылы маңынан 40 өлген жануарды анықтаған. Қазір малшылардың нақты шығыны есептеліп жатыр. Жалпы, қожайындары төрт түлікке арнап қысқы жем-шөпті алдын ала дайындау керек, – дейді мамандар. Асқар АҚҚҰЛОВ, Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Негізгі бұл мәселенің туындауы шаруа қожалықтарының ауа райының қолайсыздығын ескермей, жеке малдарының ұзақ уақыт бойы қараусыз қалуынан. Ауыл шаруашылығы және ветеринария саласының мамандары арнайы жасақталған кесте бойынша осы ауылдарды аралап, шығынның нақты санын анықтап және ауру…
Жаңаөзен қаласында бүтін бір көппәтерлі тұрғын үйде жылу жоқ. Соның кесірінен қарт кісілір мен балалар бүрсеңдеп, үйлерінде тоңып отыр. Солардың бірі – зейнеткер Тоқтагүл Исантұрлиева. Оның айтуынша, пана болатын түрі жоқ пәтерде мүгедек күйеуі және кішкентай немерелерімен амалсыз күн кешуде. Кезінде апатты үйден көшірілген әулет жалға берілген осы баспанаға қоныс аударғанда дәл осындай қиындыққа тап боламыз деп мүлде ойламапты . Тоқтагүл ИСАНТҰРЛИЕВА, Жаңаөзен қаласының тұрғыны Бұл үй әкімдік балансында. 2 жылдан бері бізде жылу жоқ. Біздер жылу арнасына төлеп отырмыз. Жылуға да, токқа да төлейміз. Әзірге тек пеш қосып отырмыз. Нығмет БИМАНОВ , Жаңаөзен қаласының тұрғыны Үй суық, балалар тоңады.…
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алуға рұқсат ететін заң жобасын сенаторлар Мәжіліске кері қайтарды. Өйткені бірқатар норманы нақтылап, ішкі қарама-қайшылықты жою қажет екен. Бұл туралы ktk.kz хабарлайды. Бұл заң жобасына бірыңғай терезе қағидасы бойынша «бизнеске арналған үкімет» қызметі кірістіріледі. Сондай-ақ микроқаржы ұйымдарына және олардың басшылығына қойылатын талап күшейтіледі. Депутаттар осылайша қарыз алушыларды қорғап, қаржы нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеміз деп отыр. Ал бұл заңның бір тармағы азаматтардың зейнетақы қорындағы жинағын алуға қатысты. Сенаторлар ол жерін өзгеріссіз қалдырған. Дегенмен заң жобасы толық мақұлданбайынша, ақша алу механизмі іске қосылмайды. Сондықтан Жоғарғы палата депутаттары енгізген ұсыныстарды мәжілісмендер қайта қарап мақұлдауы тиіс. Одан кейін ғана…
