«Қазгидромет» РМК 24 желтоқсан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Атап айтқанда, Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Шымкент қаласында түнде тұман болжанады. Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ, түнде солтүстігінде қатты аяз 22°С болады. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар, кей жерлеріндетұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын желді күші 15-20 м/с артады. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында сондай-ақ,тұман болжанады. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 5-20 жетеді.
Автор: Сайт әкімшілігі
«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Достық үйінің қызметкерлерімен кездесті. Олар сайлауалды бағдарлама турасында ой алмасып, биыл оның ерекше екенін атап өтті. Себебі, жобада бес жылда жүзеге асырылатын білім беру, денсаулық сақтау, экология, мәдениет саласындағы барлық жұмыс көрсетілген. Жиында Достық үйінің ұжымы кеңейтілген жаңа ғимарат сұрады. Себебі, концерттер мен түрлі салтанатты іс-шараларда көрермендер залға сыймайтын көрінеді. Ал партиялықтар бұл мәселемен бұрыннан таныс екенін жеткізді. Үміткерлер келер жылы қаржы бөлу кезінде жаңа нысан салуға уәде етті. Орталықтағы Құлманов көшесінде аялдамалардың болмауы мен жолдардың нашарлығы жиналғандардың жүйкесін тоздырған. Кандидаттар мәселені жергілікті әкімдіктермен бірлесіп шешуге уәде берді. Өйткені, жұмыстар халық игілігі үшін…
Маңғыстауда бір отбасының екі баласы құдыққа құлап қайтыс болды. Қайғылы жағдай Мұнайлы ауданына қарасты Батыр аулында тіркелді. Екі оқушы бала көршісінің ауласында орналасқан тереңдігі екі метр құдыққа абайсызда құлап кетіп, суға тұншығып қалған. Қайтыс болған ағайынды балалар 6 және 11 жаста болған. Аудан әкімінің айтуынша, полицейлер құрылыс талаптарын сақтамаған көршісіне және қараусыз жүрген баланың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғаған. Рахат ЕЛТИЗАРОВ, Мұнайлы ауданының әкімі Қазір екі қылмыстық іс қозғалды. Құрылыс нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін және ата-анасы кәселетке толмаған балаларын қараусыз жібергені үшін. Тергеу жүргізіліп жатыр. Абайсызда болған жағдай.
Маңғыстау облысында команда ойыншысына қол көтерген дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жұмыстан қуылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы Ысқақ Құлатаев мәлім еткендей, №3 мектеп директоры дене шынықтыру пәнінің мұғалімін жұмыстан босату туралы тиісті бұйрыққа 20 желтоқсанда қол қойған. Бұған дейін Маңғыстау облысында ер адам жарыс кезінде волейболдан қыздар командасының ойыншысын бетінен ұрғаны туралы жазған болатынбыз. Видео әлеуметтік желіде тараған еді. Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы бұл оқиға Мұнайлы ауданында жарыс кезінде болғанын және оған қатысы бар ер адам жаттықтырушы емес, Жаңаөзен қаласы N3 орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі екенін мәлім етті. «Ол жаттықтырушы емес.…
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екінші Факультативтік хаттаманың ҚР Парламенті тарапынан міндетті ратификациялауға жататынын атап өтті. «Осы халықаралық құжатқа сәйкес, қол қоюшы елдер өлім жазасын қолданбау, өз юрисдикциясы аясында өлім жазасының күшін жою үшін барлық қажетті шараларды орындау міндеттемесін қабылдайды, — деді министр. Оның айтуынша, Қазақстан конвенциямен қарастырылған өлім жазасын қолдануды көздейтін жалғыз ескерпе жасау мүмкіндігін пайдалануға ниетті. Яғни, Қазақстан екінші Факультативтік хаттаманың 2-бабына сәйкес, соғыс уақытында…
2021 жылы айлық есептік көрсеткіш 2 917 теңгені құрайды. Осыған байланысты жөргекпұл, көпбалалы отбасылар және аналарға төленетін ай сайынғы жәрдемақы да өседі. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді. бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 110 846 теңге; төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 183 771 теңге. Ал отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке-жеке төленеді. Бір жасқа дейінгі ай сайынғы жәрдемақы Жұмыс істемейтін әйелдерге бала бiр жасқа толық толғанға дейiн…
Алматыдағы ІІМ академиясының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Оқу орнына Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты және өзіндік қауіпсіздік департаменттерінің басшылығы мен жауапты қызметкерлерінен арнайы топ жіберілді. Ведомство мәліметінше, Алматыдағы Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының курсанты Саламат Өтегеновтің қаза болуына байланысты Алматы қаласының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, оның барысында қаза тапқан курсанттың туыстары баяндаған барлық дәлел тексеріледі. «Тексеру қорытындысы бойынша ІІМ-де тәртіптік комиссия өтті. Ішкі істер министрінің бұйрығымен сеніп тапсырылған бөлімшеде жұмысты ұйымдастыруға тиісті бақылаудың жоқтығы үшін атқарып отырған лауазымынан академия басшысы Өмербай Смайылов босатылды. Сондай-ақ, оның тәрбие-идеологиялық және…
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 тамыздағы Жарлықтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасында 908 млн 596 мың евро, ал Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасында 661 млн 800 мың евро көлемінде несиелік келісімшарттар жасалды. Несиелік қаражат Қазақстан Республикасы Үкіметінің…
Парламент экономикалық өсімді қалпына келтіру туралы, зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы ережені қамтитын заң жобасын қабылдады. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды. Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген бірқатар түзетулерді мақұлдап, заң жобасын қабылдады. Бұл заң жобасында, сонымен қатар зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы ереже де бар. Жалпы, заң жобасы Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға және экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспарында көзделген шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Мәселен, заң жобасында инвестиция тартудың жаңа құралы — инвестициялық келісім термині енгізіледі. Одан бөлек процедураларды оңтайландыру және МЖӘ (мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі) тетіктерін жетілдіру қарастырылған. Кәсіпкерлік субъектілеріне қолайлы жағдай жасау үшін «Бір терезе» қағидаты негізінде «Бизнес үшін…
Синоптиктер 24-26 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері 38 градусқа дейін аяз болады. «Еліміздің солтүстік аймақтарында ауа температурасының аздап көтерілуіне әкелген циклон жырасы Қазақстаннан тыс жерлерге тез ауысады. Ал оның артынан арктикалық ауа массаларымен Кар теңізі аудандарынан суық антициклон ауысады, ол 25 желтоқсаннан бастап солтүстік аймақтарда ауа температурасының түнгі уақытта 30-38 аязға дейін күрт төмендеуіне әкеледі», — деді «Қазгидромет» өкілдері.
