Маңғыстауда бір отбасының екі баласы құдыққа құлап қайтыс болды.
Қайғылы жағдай Мұнайлы ауданына қарасты Батыр аулында тіркелді. Екі оқушы бала көршісінің ауласында орналасқан тереңдігі екі метр құдыққа абайсызда құлап кетіп, суға тұншығып қалған. Қайтыс болған ағайынды балалар 6 және 11 жаста болған.
Аудан әкімінің айтуынша, полицейлер құрылыс талаптарын сақтамаған көршісіне және қараусыз жүрген баланың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғаған.
Рахат ЕЛТИЗАРОВ, Мұнайлы ауданының әкімі
Қазір екі қылмыстық іс қозғалды. Құрылыс нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін және ата-анасы кәселетке толмаған балаларын қараусыз жібергені үшін. Тергеу жүргізіліп жатыр. Абайсызда болған жағдай.