Қазақстандық танымал волейболшы қыз Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты. Бұл туралы ол өзінің instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. — Бұл жылды ең керемет жігіттің жұбайы болып аяқтаймын, — деп жазды спортшы қыз. Сабина парақшасына неке қию сәтінде түсірілген фотоны салған. Оқырмандары волейболшы қызға ақ тілегін жаудыруда. Жұбайының есімі — Саят Салманұлы. Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы да instagram желісінде некелерін қиғаны жайлы хабарлап, жастарға бақыт тіледі.
Автор: Сайт әкімшілігі
Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова елорданың оқушылары үшінші тоқсанда оффлайн оқитын пәндерді атады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «11 қаңтардан бастап оқу жылының үшінші тоқсаны басталады. 1-5 сынып оқушылары кезекші сыныптар режимінде оқуды жалғастырады. Cонымен қатар, III тоқсанда бітіруші 9 және 11 (12) сынып оқушылары аралас форматта 15 адамнан аспайтын кезекші сыныптар режимінде оқуды бастайды деп жоспарлануда. Әрине, нақты шешім ең алдымен қаламыздағы эпдемиялогиялық жағдайға байланысты болады», — деді басқарма басшысы бүгінгі баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша оффлайн өтетін сабақ кестесіне: орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, дүниежүзі…
Бішкекте танымал спортшы ақша бопсалап, кісіге қоқан-лоқы көрсеткені үшін ұсталды. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды. Қырғыз Республикасы Жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, ол грек-рим күресінен ұлттық құраманың мүшесі болған. Екі ер адамды ұстау бойынша арнайы операция 23 желтоқсанда өтті. Спортшының этикалық кодексінің 5-бөлімі, 15-тармағы негізінде Қырғызстан Республикасының грек-рим күресінен ұлттық құрамасының мүшесі Роман Царев 2020 жылдың 23 желтоқсанынан бастап Қырғыз Республикасының ұлттық құрамасының қатарынан шығарылды. Today.kg мәліметі бойынша, Роман Царев ақша бопсалады деген күдікке ілінген. Қырғыз Ішкі істер министрлігі 23 желтоқсанда хабарланғандай, желтоқсанның басында 29 жастағы С.А.-ға қара BMW-535 көлігіндегі екі жігіт келіп, бірі өзін…
Елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мереке күндері сауда, ойын-сауық орталықтары қандай тәртіпте жұмыс істейтінін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «Сауда, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері үшін жұмыс күндері қызмет ету режимі сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін, ал сенбі және мереке күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін белгіленді. Яғни, жексенбі күні олардың жұмысына тыйым салынады. Бұл нысандардың ішіндегі дәріханалар, азық түлік сататын мини-маркеттер, гипермаркеттер мен супермаркеттер жұмысын жалғастырады. Атап айтқанда мереке күндері сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмыс істейтін болады», — деді Ж. Пірәлиева онлайн брифингіде. Бұдан бұрын хабарланғандай, елорданың бас санитарлық дәрігері қоғамдық көлік жұмысындағы өзгерістерді түсіндірді.
Қазақстан коронавирус таралу көрсеткіші бойынша «сары» аймаққа кірді. Бұған Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының деректері дәлел. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 25 желтоқсандағы жағдай бойынша, Атырау облысы «қызыл» аймақта орналасқан. «Сары» аймақта — Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары бар. Басқа өңірлер «жасыл» аймақта. Айта кетейік, бүгінге дейін Қазақстан «жасыл» аймақта болған еді. Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады. Еске салайық, бүгінде елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 150 198-ге жетті.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны өзінің қатыгез әрекетін түсіндіріп, көптен кешірім сұрады. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды. Желіде аязды күні жалаңаш далада отырған қыз баланың суреті пайда болып, көптің талқысына түсті. Тексере келе, әйел адам баласын осылайша жазаламақшы болғаны белгілі болды. Ол бұл жайт өзіне сабақ болғанын айтып, өз ісіне өкінетінін жеткізді. — Қатты шаршап кеттім, ақша деген түкке жетпейді, пәтерақы, жын қуғандай, тез жетіп келеді, үнемі жұмыс іздеуге тура келеді. Рас, кеше бар өшімді балалардан алдым. Бөтен біреулер балаларымды алып кеткенін қаламаймын. Мен қызымды суық далаға қуып шықтым, бұлай бәрі жалғаса беруі дұрыс емес екенін өзіме есіме салу үшін, — дейді ол.…
Алматыдағы Ішкі істер министрлігі академиясының асханасында 19 жастағы Саламат Өтегенов асылып қалған күйінде табылған болатын. Бұл туралы «Уральская неделя» жазды. Басылымға курсанттың қазасы туралы мақала шыққан соң, марқұм Саламат Өтегеновтің анасына басқа академиялардағы курсанттардың ата-анасы хабарласқан. Дереккөздің жазуынша, ата-аналар Саламат Өтегеновтің анасына басқа оқу орындарында ақша жинау, қысым көрсету фактілері бар екенін айтқан. Алматыда қайтыс болған курсанттың анасы Бекзат Иманғалиеваның айтуынша, ұлының қазасы туралы ақпарат тараған соң, өзге ата-аналар WhatsApp арқылы хат жазған. Бірі – академияда ақша жинайтынын, екіншісі ұлына қысым көрсеткен соң ІІМ академиясынан кеткенін айтқан. «Уральская неделяның» жазуынша, қайтыс болған курсанттың анасына хат жазған ата-аналар аты-жөнін жариялағысы келмейді.
Орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 KO) мен бірінші орта дивизиондағы WBO титулының бұрынғы иегері Хайме Мунгия (36-0, 29 KO) арасындағы жекпе-жек өткізу мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап. Тараптар жекпе-жекті 2021 жылдың мамыр айында – Мексикада 5 мамырда тойланатын Синко де Майо мерекесіне орай демалыс күндері өткізуді қарастыруда. Бұған дейін Golden Boy компаниясынан Мунгияның бірлескен промоутері Эрик Гомес мұндай жекпе-жекке ашық қызығушылық білдірген болатын. Еске сала кетсек, GGG соңғы жекпе-жегін 19 желтоқсанда Голливудта, Флоридада өткізген еді. Головкин қарсыласы Шереметаны мерзімінен бұрын жеңіп, өзінің салмақ дәрежесінде рекордтық 21-ші рет әлем чемпионы…
Индер аудандық мәдениет үйінде кенді аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосқан сала үздіктері анықталып, аудан әкімдігі тарапынан марапатталды. Пандемия жағдайында ең алдымен салмақ ақхалаттыларға түскені белгілі. Сырқат меңдеген жандарды сауықтырып қатарға қосқан оларға елдің айтар алғысы да ерекше екені даусыз. Осыған байланысты аудандық орталықтандырылған аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері Қамқагүл Маңғытова «Үздік медицина қызметкері» атанды. Қамқагүл МАҢҒЫТОВА, «Үздік медицина қызметкері» Биылғы жыл біздің медицина саласы үшінде және басқа салалар үшін де қиын жыл болды. Жалпы елге белгілі биылғы пандемия жағдайына байланысты карантиндік жағдай орын алды. Сол кезде біздің медицина саласының қызметкерлері тынбастан күні-түні еңбек етті. Сол әріптестеріміздің ортақ еңбегіміздің барлығын ескеріп әкімшілік…
Шаһардағы ең ірі сауда орталығы «Дина» базарында болған өрттен 50-ге жуық кәсіпкер зардап шекті. Еске салсақ, 19 желтоқсанға қараған түні екі қабатты сауда үйі толығымен отқа оранған еді. Бутиктерді жалға алушылардың тауарлары мен кассалық аппараттары түгелдей күлге айналды. Осыған орай, кәсіпкерлер палатасы мен екінші деңгейлі банкттер зардап шеккен кәсіп иелерімен кездесу ұйымдастырды. Олар шығынға батқан бизнесмендерге бутиктер мен кассалық аппаратты қалыпқа келтіру үшін жеңілдетілген несие беру жолдарын қарастырып жатыр. Ал кәсіпкерлер несиенің жедел берілгенін қалайды. Сондай-ақ, олар сақтандыру компанияларына жүгініп жатыр. Нұрия ШАУАЛИЕВА,Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бүгінде кәсіпкерлер кепілсіз несиеден үміттеніп отыр. Өйткені, бәрі жеңілдетілген несиені осыған дейін алып…
