Қазақстан коронавирус таралу көрсеткіші бойынша «сары» аймаққа кірді. Бұған Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының деректері дәлел. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
25 желтоқсандағы жағдай бойынша, Атырау облысы «қызыл» аймақта орналасқан. «Сары» аймақта — Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары бар. Басқа өңірлер «жасыл» аймақта.
Айта кетейік, бүгінге дейін Қазақстан «жасыл» аймақта болған еді.
Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.
Еске салайық, бүгінде елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 150 198-ге жетті.