Индер аудандық мәдениет үйінде кенді аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосқан сала үздіктері анықталып, аудан әкімдігі тарапынан марапатталды. Пандемия жағдайында ең алдымен салмақ ақхалаттыларға түскені белгілі. Сырқат меңдеген жандарды сауықтырып қатарға қосқан оларға елдің айтар алғысы да ерекше екені даусыз. Осыған байланысты аудандық орталықтандырылған аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері Қамқагүл Маңғытова «Үздік медицина қызметкері» атанды.
Қамқагүл МАҢҒЫТОВА, «Үздік медицина қызметкері»
Биылғы жыл біздің медицина саласы үшінде және басқа салалар үшін де қиын жыл болды. Жалпы елге белгілі биылғы пандемия жағдайына байланысты карантиндік жағдай орын алды. Сол кезде біздің медицина саласының қызметкерлері тынбастан күні-түні еңбек етті. Сол әріптестеріміздің ортақ еңбегіміздің барлығын ескеріп әкімшілік саласына бізді «жыл үздігі» деп тауып жатқандарына үлкен алғысымызды білдіреміз. Болашақта өзімізге білдірілген сенімді ақтап, осы салада тынбай еңбек етеміз деп уәде береміз.
Барлығы 12 саланың 12 үздігінен бөлек, бірқатар еңбек озаттарына аудан және облыс әкімдерінің алғысхаттары табыс етілді. Ал ұзақ жылдар бойы мәдениет саласында еңбек етіп келе жатқан Елтай ауылдық мәдениет үйінің директоры Бауыржан Ғабдысаматов Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігінің арнайы жарлығына сәйкес «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
СНХ:Бауыржан ҒАБДЫСАМАТОВ, «Мәдениет саласының үздігі»
-Менің еңбегімді ескеріп «Мәдениет саласының» үздігі төсбелгісімен марапаттағандарыңызға көп-көп рахмет айтамын.Еліміз тыныш болсын,мына жаман аурудан аман-есен құтылып еңбегіміз жалғаса берсін деп тілегімізді білдіремін. Көп-көп рахмет деймін тағы да.
КСМ: Ауданның өткен тарихы мен бүгінгі келбетін ұштастыратын, жетістіктерін ұлығылайтын шаралар мұнымен тоқтап қалмайды. Еңбек озаттары қашанда марапатқа лайық.