Санаулы күннен кейін сиыр жылы табалдырықтан аттайды. Жаңа 2021 жыл қазақстандықтардың өміріне жаңа өзгерістер әкеледі. Жаппай вакцинация басталады Қазақстанда 2021 жылдың наурызында COVID-19-ға қарсы отандық вакцинамен жаппай егу басталады. Ең алдымен, екпе ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге, сондай-ақ созылмалы ауруы бары адамға салынады. Осы жылдың 19 желтоқсанында отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ сатысы басталды. Оның аясында 3 мың еріктіге егілді. Келесі жылы көктемде Жамбыл облысы Қордай ауданында биофармацевтика зауыты іске қосылады. Кәсіпорын жылына 60 миллион доза вакцина шығаруға қауқарлы. Сонымен қатар, Қарағанды қаласында ресейлік «Спутник V» вакцинасын шығару өндірісін іске қосуға дайындық жүріп жатыр. Оқушылар мектепке оралады…
Автор: Сайт әкімшілігі
Желіде Сапарбаевтың «өтірік» вакцинасы талқыланып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. «Кейбір желі қолданушылары Жамбыл облысы әкіміне коронавирусқа қарсы салынған екпе шприці жабық, яғни қалпағы болған деп күмән келтірген еді. Арнайы осы азаматтар үшін фото-коллаж әзірледік. Әрине, мұны фотошоппен жасалған дүние деп айтатындар табылар. Қажет болса, фотосуреттердің түпнұсқасын ұсынуға әзірміз. Керек деп тапса, сараптама жасатуға болады», — дейді әкімдіктегілер. Еске салайық, мұның алдында Жамбыл облысы әкімінің коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCovid-in вакцинасын салдырғаны хабарланған еді. Әкімдік мәліметінше, вакцинация клиникалық зерттеулерден тыс ерікті түрде егілді.
Бұл деректі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. Жылыой аудандық ауруханасына тамақтан уланған 16 жергілікті тұрғын жатқызылды. Олардың 25-27 желтоқсан аралығында Құлсары қаласындағы дәмхананың бірінен үйге жеткізілетін сушиге тапсырыс бергені белгілі болды. «Ауруханаға түскен кезде науқастарда диарея, дене қызуының көтерілуі, жүрек айну, құсу және жалпы әлсіздік симптомы болған. Қазір науқастардың жағдайы «орташа ауыр» деңгейде» деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Құқық қорғау органдары аталған факті қатысты тексеруді бастады.
2021 жылдың қаңтарында Отбасы банк тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын пайдалануға арналған онлайн-платформаны іске қосады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «2021 жылдың қаңтар айынан отбасы тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында онлайн-платформаны іске қосу жоспарланған. Жоба ережелеріне сәйкес, клиент өтініш тапсырған кезде сол онлайн-платформада арнайы порталған кіріп, электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы авторизациядан өтіп, жеке кабинетке кіреді. Жеке кабинетте ол қаражатты қандай мақсатта пайдаланатынын таңдайды және сканерден өткізілген көшірмелер түрінде алдын ала дайындалуы тиіс құжаттардың тізімімен танысады. Әр мақсаттың жеке құжаттар тізімі бар», — деп түсіндірді Л. Ибрагимова Орталық комумникациялар қызметінде. Осы орайда аталған порталда бүкіл тізім қамтылатынын атап өтті. «Әрі қарай…
Қазақстандықтарға карантин ережелерін бұзғаны үшін 1,1 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Шароновтың айтуынша, 17 тамыздан бастап 60 375 рейд жүргізілген, 267 866 нысан қамтылған, оның ішінде 20 504 нысан ереже бұзғаны анықталған, 19 406 әкімшілік айыппұл салынған. Оның сөзінше, ереже бұзушылардың басым бөлігі Түркістан облысында (3603) анықталған, Алматы облысында — 3235, Қостанай облысында — 1826, Шығыс Қазақстан облысында-1716, Алматыда — 1708 және Нұр — Сұлтанда — 1471. Нысандардағы жиі бұзылатын ережелер: карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілердің жұмыс істеуі, шектеу режимін сақтамау, бұқаралық іс-шаралар өткізу. «Эпидемияға қарсы шаралар, шектеу шараларын сақтау талаптары тұрғысынан анықталған заңнаманы бұзғаны…
Сегіз әскериді атып өлтірген және Байкал сыртындағы әскери бөлімде тағы екі адамды жарақаттаған сарбаз Рамиль Шамсутдинов кінәлі деп танылды. Бұл туралы РИА Новости. хабарлайды. Дүйсенбіде Читадағы екінші шығыс аудандық әскери соты алқабилердің үкімін тыңдады. Бұған дейін сот талқылауы кезінде айыптаушы тарап Шамсутдинов кінәлі және кешірім берілмесін деп мәлімдеді. «Екі және одан да көп адамды өлтірген және Байкал сыртындағы әскери бөлімде екі адамды жарақаттағаны үшін жедел уәкіл Шамсутдиновты бірауыздан кінәлі деп таныды», — деді сот өкілі. Еске салайық, сарбаз Рамиль Шамсутдинов 2019 жылдың 25 қазанында Байкал сыртындағы Горный ауылындағы әскери бөлімде әскерилерді атып тастаған болатын. Жеті адам оқиға орнында, біреуі ауруханада…
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқармасы төрайымы Ләззат Ибрагимова қазақстандықтан зейнетақы жинағының бір бөлігін қандай жағдайда пәтер жөндеу үшін ала алатынын түсіндірді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Ибрагимова ОКҚ брифингінде журналистердің сұрағына жауап бере отырып, көптеген қазақстандық зейнетақы жинақтарын пәтерді жөндеу мақсатында алу мәселесі қызықтыратынын айтты.
Өңірде сайлауалды үгіт-насихат-жұмыстары жалғасуда. Бүгін облыстық мәслихатқа үміткерлер №7 қалалық емхананың қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы, ондағы медицина саласында болатын оң өзгерістер туралы айтылды. Атап айтсақ, келер жылдан бастап ақ халаттылардың жалақысы жоғарылайтын болады. Сонымен қатар, облыста 10 медициналық нысан салынып, 800 түрлі медициналық құрал-жабдықтар берілетінін мәлімдеді. Кездесуге жиналған ақ халаттылардың арасында жеке мәселесінің сауалын жолдағандар да болды. Мәселен, көпбалалы емхана қызметкері — жоғары оқу орнында оқитын қызына әлеуметтік санатына байланысты, қандай да бір жеңілдік берілсе екен тілегін жеткізді. Партия кандидаттары бұл сауалды жауапсыз қалдырмай, басшылыққа жеткізетінін айтты. Сондай-ақ, олар ақ халаттыларды сайлаудан қалыс қалмай, «Nur Otan» партиясына…
Атырау облысында көктайғаққа байланысты үш бағыттағы көлік жолы жабылды. Бұл туралы өңірлік ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. Атырау облысынан үш бағытқа қатынайтын тас жолдардың жабылуына көктайғақ себеп болған. «Атырау облысында «Атырау-Орал», «Атырау-Ақтау», «Атырау-Астрахан» тас жолдары жабық» делінген ақпаратта.
Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Жаңа шаралардың бір бөлігі оқушылар мен студенттерді оқыту формасына қатысты болып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап рұқсат етіледі: — дәстүрлі форматта қала және ауыл мектептерінде 300 оқушыға дейін, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін; — жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде — 7-сыныпқа дейін қоса алғанда ата-аналардың өтініші бойынша 15 баладан аспайтын сыныптардың жинақталуын сақтай отырып оқыту; — бітіруші сыныптар үшін аптаның 6 күні ішінде құрамдастырылған оқыту (9 ,11 (12)-сыныптар): пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызы қашықтан…
