Ол үшін алғашқы қадамды дұрыс бастау керек екен. Сонда басқа қадамдар автоматты түрде жасалады. Бақытсыздық, сәтсіздік, кедейлік, жардың жаман мінезі, ұл мен қыздың тәрбиесіздігі, дерт пен көңілсіздікке – әр адам өзі ғана кінәлі. Психолог мамандар адам өз-өзіне осыны мойындағаннан соң ғана өмірі өзгеруге бағыт табады дейді. Ал өзгені кінәлаған адамның өмірі ешқашан түзелмейді екен. Әрине түзеу, өзгеру, себеп-салдарды ұғып түсінудің бірінші қадамы – мойындау. Өзге емес, айыпты өзі екенін мойындағаннан кейін адам санасы екінші қадам сатысына өтеді. Екінші қадам – себеп-салдарды жою. Бірақ әрекет еткенімен «Өмірім өзгермеді» деп шағымданатындар да бар. Психологтардың анықтауынша, олар бірден екінші қадамнан бастағандар екен. Егер…
Автор: Сайт әкімшілігі
Сенатор Мұрат Бақтиярұлы білім және ғылым министрлігін екіге бөлек мемлекеттік органға бөлуді ұсынды.. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. «Еліміздегі білім беру жүйесі үздіксіз реформаланып, түрлі тәжірибелер көп жүргізіліп келе жатқан салалардың бірі. Күні бүгінге дейін жүргізіліп жатқан толассыз реформалар отандық білім берудің сапасын жаңа деңгейге көтере алды ма? Барлық мектептерімізде кезінде біздің ұрпақтың түсіне де кірмеген компьютерлер мен интерактивті тақталармен жабдықталғанымен ұрпақтарымыздың білім деңгейлері өсті ме?», – деді Бақтиярұлы сенаттың жалпы отырысында. Осы орайда сенатор БҰҰ-ның «Жаһандық баяндамасында» балаларды орта біліммен қамту жағынан Қазақстан әлемдегі 142 мемлекеттің арасында 18-ші орынды иеленгенімен, білімнің сапалық деңгейі бойынша 101-ші орында тұрғанын еске алды.…
Атырау облысындағы Жылыой аудандық орталық ауруханасына сушиден уланған тағы 8 адам түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін тағы 8 адам ауруханаға жүгінген. «Бүгін Жылыой аудандық орталық ауруханасына тағы 8 адам келіп қаралды. Дәрігерлер оларды ауруханаға жатқызды. Қазір улану диагнозымен ауруханада 29 адам емделіп жатыр» деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Ақтауда дау тудырған үлескерлердің жағдайы әлі де болса өзекті. Десе де, бұл түйткілді мәселенің шешімі бар дейді әкімдіктегілер. Ақ жағалылар «Тастемір ЛТД» компаниясының «Гаухар тас » тұрғын үй кешеніне қаражат салып алданғандар баспаналы болады деп сендіреді. Бірақ нақты қашан екендігін дөп басып айта алмады. Өйткені, әзірге әкімдік өкілдері басқа мердігерлермен келіссөз жүргізіп жатқан сыңайлы. Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Бұған дейінде қала әкімдігінде бірнеше құрылыс компаниялармен жиналыс өтті. Соның ішінен өзінің ұсынысын берген екі компания болды. Қазір «К-7» груп компаниясы тұрғындарға өзінің ұсыныстарын берді. Тұрғындар осы жұмыстармен толықтай танысып, 6 адамға қаражаттарын кері қайтару жөнінде жұмыстар жүргізіліп…
Танымал мультфильм кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлейді. Қазақ тілді контентті дамыту және дубляж жұмысын насихаттау мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ оқушылары анимациялық фильмдерді қазақ тіліне аудару арқылы дыбыстауды қолға алды. – Қашықтықтан оқытуға ауысқаннан бері бізде уақыт әлдеқайда көбейді. NIS Graphics клубының мүшелері арасындағы байланысты жоғалтпау үшін біздер ағымдағы жылы бірнеше мультфильмдерді қазақ тіліне аударуды және оларды дыбыстауды қолға алдық, — дейді клубтың негізін қалаушы, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Аружан Елдосова. Жас дубляжшылардың тырнақ алды бастамаларының арасында «Менің кішкентай Пони», «Суық жүрек» және «Суперкрошка» атты мультфильмдері бар. Мектеп оқушылары анимациялық кейіпкерлердің әңгімесін ілеспе аударып мазмұнды өнім дайындау үшін тәжірибе…
Осы уақытқа дейін заңнамада қашықтықтан білім беру жөнінде бірегей түсінік болмаған. Енді, «қашықтықтан оқыту» ұғымы нақтыланып, оны өткізу тәртібі айқындалып отыр Сенаторлар білім беру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. Сенатор Бақытжан Жұмағұловтың айтуынша, осы уақытқа дейін заңнамада қашықтықтан білім беру жөнінде бірегей түсінік болмаған. Енді, «қашықтықтан оқыту» ұғымы нақтыланып, оны өткізу тәртібі айқындалып отыр. Оқулықтар сапасына қатысты мәселені де түбегейлі шешу көзделген. «Ол үшін білім саласындағы уәкілетті органға үлгілік оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау мен сынақтан өткізу, мониторинг жүргізудің арнайы қағидасын әзірлеп, бекіту тапсырылып отыр.…
Премьер-министр Асқар Мамин үкіметтің осы жылдағы соңғы отырысын өткізіп, жұмысты қорытындылады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. Бүгін, 29 желтоқсанда үкіметтің биылғы жылдағы қорытынды отырысы өтті. «Өздеріңізге белгілі, 2020 жыл – барлық мемлекет үшін күрделі болды. Пандемия бәрімізге үлкен сынақ болды. Қауіпті вирус халықтың тыныс-тіршілігінің барлық саласына түбегейлі өзгеріс әкелді. Әсіресе, халықтың денсаулығына әсер етті және экономикаға елеулі нұқсан келтірді», — деді Мамин. Дегенмен, айтуынша, қабылданған шаралар жаңа сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік беріп, елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталды және экономиканың негізгі салаларының орнықты өсімі қамтамасыз етілді. Премьер үкімет мүшелеріне белсенді жұмыс пен қосқан үлестері үшін ризашылығын білдірді. Сөз соңында ол қазақстандықтарды келе жатқан…
Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Атырау облысының неліктен коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұрғанын айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. «Атырау облысы коронавирус бойынша «қызыл» аймақта тұр. Облыстағы науқастардың 60%-і Теңіз кен орнында анықталып отыр. Бұл Теңізге келушілер мен ол маңнан кетіп жатқан адамдар арасында скрининг жүргізілуімен байланысты, яғни сынама саны артып келеді», — деді Есмағамбетова брифингте. Айтуынша, қыркүйек, қарашамен салыстырғанда, желтоқсанда инфекция жұқтырғандар көбейіп жатыр. «Сол себепті Теңіз кен орнында қосымша карантин шаралары, тест тапсыру, кіру және шығу бойынша шектеу, вахталық ауылдардың арасында жұмыскерлердің орын ауыстыруына байланысты қосымша шектеу шараларын күшейту туралы шешім қабылданды», -…
Сенат депутаттары өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялап, тиісті заң жобасын қабылдады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. Айта кетейік, биыл қыркүйектің соңында Қазақстан екінші Факультативтік хаттамаға қол қойған болатын. Ал халықаралық шарттар туралы заңнамаға сәйкес, ондай құжаттар міндетті түрде парламентте ратификацияланады. Мәжіліс заң жобасын мақұлдады. Сенат депутаттары да хаттаманы ратификациялауға келісім берді. «Осы халықаралық құжатқа сәйкес, қол қоюшы елдер, біріншіден, өлім жазасын қолданбауды және өз юрисдикциясы шеңберінде өлім жазасының күшін жою үшін барлық қажетті шараларды орындау міндеттемесін қабылдайды. Жалғыз ерекшелік соғыс уақытында өлім жазасын қолдану туралы заңды түрде ресімделген ескертпе…
Үкімет 2030 жылға дейін балық шаруашылығы саласын дамыту бағдарламасын қабылдады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. Мамин балық шаруашылығы әлемде, сондай-ақ, Қазақстанда да серпінді дамып келе жатқан перспективалы бағыттардың бірі екенін атап өтті. «Мамандардың пікірі бойынша еліміздің балық саласын дамыту бойынша елеулі әлеуеті бар. Балық шаруашылығы саласын дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасауға, балық өсіру шаруашылығы құрылысы кезінде шығындарды қысқартуға, саланы одан әрі дамытуға серпін беретін заңнамалық түзетулер парламентте қаралуда. Бағдарламаны іске асыратын болсақ, бұл айтарлықтай экономикалық әсер береді», деді премьер-министр үкімет отырысында. Мәселен, айтуынша, балық өнімінің экспорты қазір 30 тонна болса, 2030 жылға қарай жылына 136 тоннаға дейін өседі. Яғни, өндірісті…
