Қазгидрометтің синоптиктері Жаңа жыл мерекесінде ауа райы қалай болатынын айтып берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.. Қазгидрометтің хабарлауынша, 2020 жылдың 25-31 желтоқсан аралығында елдің солтүстік және шығым аймақтарында күн күрт суиды. «Термометр көрсеткіші 35-42 градусқа дейінгі минус температураны көрсетеді. Яғни Қазақстанның бүкіл аумағында күн әдеттегіден суық болады. Жоғарыда аталған кезеңнің ортасында анлантикалық циклонның орнын жылу мен ылғалдың мол қоры ауыстырады. Сол себепті аздаған жаңбыр мен қар жауады. Ауа температурасы қысқа аралықта жылиды. Алайда кезеңнің соңында суық антициклон қайта еніп, жауған қар тоқтап, Қазақстанда қайта аяз түседі: бұл кезде Қазақстанның солтүстік аймақтарында 35-45 градусқа дейін күн суиды», — деп хабарлайды Қазгидрометтен. Синоптиктерге…
Автор: Сайт әкімшілігі
Суреттегі 8 қар ұлпасының біреуін таңдаңыз. Жапалақтап жауған қарға алақанын тосып, бір-біріне ұқсамайтын ақ ұлпаларға үңіле қарап, ерекше өрнектерге таңданбаған адам жоқ шығар сірә?! Ал әп-сәтте еріп кететін нәзік ұлпалардың «сөйлей алатынын» білесіз бе? Ол үшін суретте көрсетілген ұлпалардың ішінен бір пішінді таңдасаңыз жетеді. Суреттегі қар ұлпасы сізге қажетті ақыл-кеңес айтады. Қане сынап көрейік, ұлпа қарлар сіз туралы не дейді? 1. Ұлпа қар Сіз туралы: Егер қарапайым өрнекті №1 ұлпа қар жаныңызға жақын болса, бұл сіздің тік мінезді екеніңізді білдіреді. Өсек-аяңға араласпайсыз, естігеніңізді таратуға да жаныңыз қас. Жұрттың сіз туралы ой-пікірі соншалықты маңызды емес. Айналаңыздағы туысқан, дос-жаран сізді «Сенімді, сөзінде…
Ақтау 1А ықшамауданындағы Жартас соқпағының басында теңіз жағасында өлген құс табылды. Бұл туралы Lada.kz хабарлайды. Аққуды бәзбіреулер қылқындырып өлтіргенге ұқсайды. Басылым мәліметінше, экологтар «Қолдау-Экология» мамандандырылған орталығына хабарласуға кеңес берген, бірақ байланыс телефоны ақпарат жарияланған кезде сөндірулі болған. Lada.kz порталы Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының түсініктемесін күтіп отыр. «ЭкоМаңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің басшысы Кирилл Осин бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. «Ақтауда жабайы жануарларға көмек көрсету орталығы жоқ, бірақ қалалық әкімдік екі жыл бұрын үйсіз және жабайы жануарларға көмектесетін экологиялық орталықтың жобасын жүзеге асыруға екі гектар жер бөлуге уәде берген болатын. 2021 жылы болар деп үміттенейік. Әзірге арнайы…
Атырау облысында коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігін Теңіз кенішінің жұмысшылары құрайды. Атырау қалалық Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиология бөлімінің басшысы Әсел Мұқаеваның айтуынша, соңғы тәуліктерде қауіпті індетке шалдыққандардың дені Теңіз кені жұмысшыларының арасынан анықталған. «Олар коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызын құрайды. Жұмысшылардың басым бөлігінде қауіпті індет алдын ала тапсырылатын міндетті скринингілік тексеріс кезінде белгілі болған. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №57 қаулысына сәйкес, коронавирус анықталған науқаспен 3 және 12 тәулікте жақын қарым-қатынаста болған адамдардан ПТР-сынама алынады. Кейін олар 14 күнге үй карантиніне оқшауландырылады», — деді Әсел Мұқаева. Басқарма өкілі карантинге оқшауланған адамда ауру симптомы байқалса, дереу дәрігерге жүгінуге кеңес береді. Науқастың жағдайы ауыр…
Құрманғазы ауданында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында облыстық мәслихатқа үміткерлер аудан жастарымен кездесті. Айта кететін нәрсе, карантиндік шектеулерге байланысты кездесу онлайн яғни «Zoom» бағдарламасы арқылы өтті. «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихатқа үміткер Ернар Боранғалиев және басқа да кандидаттар аудан жастарымен бірнеше мәселені талқылады. Соның ішінде негізге мәселелердің бірі — «Jastar Otanga» бағдарламасы және партияның алдағы 5 жылға қойған нақты мақсаттары. Жастар да өз тараптарынан алғысын білдіріп, ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізіп жүрген азаматтарға алғысын жеткізді. Сайлауға белсенді қатысуға сөз беріп, халық үшін қызмет ететін азаматтарды таңдайтындықтарын айтты.
Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау немесе ауыстыру мерзімін ұзартты. Енді Ескі банкноттарды жаңасына 2021 жылдың 1 ақпанына дейін айырбастауға болады. Бұл туралы mangystaumedia.kz хабарлайды. Олар тек Ұлттық Банктің филиалдарында ғана ауыстырылады, айырбасталады. ҚРҰБ Маңғыстау филиалы, Ақтау қ., 23 шағын аудан, 26 ғимарат. Телефон +7 (7292) 701 512, e-mail: mang_80@nationalbank.kz 2021 жылдың 1 ақпанынан кейін 2006 жылғы банкноттар айырбасталмайды. Қосымша сұрақтар бойынша Ұлттық Банктің 1477 Байланыс-орталығына хабарласуға болады.
Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында Маңғыстау мен Бейнеу аудандарында шаруаларды мал азығымен қамтамасыз ету тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Жиынға Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Асқар Аққұлов пен Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Жалғас Теміров қатысты. Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Асқар Аққұловтың айтуынша, ауданда негізінен мал шаруашылығына басымдық берілген. Оның ішінде қой, түйе, жылқы өсіретін шаруашылықтар саны артқан. «Аудан көлемінде 463 шаруа қожалығы бар. Оның 36 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен, 427 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысады. Шаруа қожалықтарының басым көпшілігі отбасылық негізде құрылған. Аудан бойынша мал саны жылдан-жылға өсіп келе жатыр. Өткен жылмен салыстырғанда биыл мал басы өсті. Мәселен, аудан есебінде 11 мыңға…
Ол анасын жерлеуге қаражат болмағанын айтып отыр. Сондықтан денесін кілемге орап, пәтерде қалдырыпты. Ресейдің Самара қаласының тұрғыны 16 ай бойы анасының мәйітін үйінде сақтады. Бұл туралы «Россия Самара» телеарнасы хабарлайды. Оқиға орнына тәртіп сақшылары барды. Марқұмның ұлы мүгедек екені белгілі болды. Ол анасы өткен жылдың 19 тамызында қайтыс болғанын айтты. Жерлеуге қаражат болмағандықтан, денесін кілемге орап, бөлмеде қалдырғанын жеткізді. 23 желтоқсан күні үйіне танысы келген. Ішімдік ішпек болған кезде ол болған жағдайды жасырмай айтқан. Танысы полицияға хабарлады. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатыр.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Анар Жарова мемлекеттік қызметшілердің қандай жағдайда шетелдік банктерде есепшот аша алатынын түсіндірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Кеңесші биылғы 19 желтоқсанда Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда қамтылған кейбір новеллаларды түсіндірді. «Шетелдік банктерде шоттар ашуға және иеленуге тыйым салудан бастайық. Мұндай тыйым мемлекеттік қызметшілерге, Парламент депутаттары мен судьяларға енгізілген. Мұнда мемлекеттік қызметтің бірқатар шектеулер қабылдайтын қызметтің ерекше түрі екенін түсіну қажет. Аталған түзетулерді әзірлеу кезінде ел мен халықтың мүддесі үшін қызмет…
