Автор: Сайт әкімшілігі

Келесі жылдың қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық мектебінде бүлдіршіндер «Әліппе» және «Ана тілі» оқулықтарымен білім алатын болады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОКҚ брифингінде айтты. «Мектеп бағдарламасына өзіміздің «Әліппемізді» және «Ана тілі» пәнін қайта қайтару мәселесі көптен бері айтылып жүр. Бұл мәселені де шештік. Мектептің бағдарламасына ресми түрде енді. Мемлекеттік стандартқа енгізілді. Бағдарлама жасалды. Бағдарлама биыл күзде бекітілді. Ол бағдарлама бойынша жаңа оқулықтар дайындалды. Осы жаңа оқулықтар бойынша пилоттық режимде 100-ден астам мектепте оқыту басталды. Ол біткен соң келесі жылдың қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық мектебінде бүлдіршіндер «Әліппе» және «Ана тілімен» білім алатын болады», –…

Read More

Орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен онлайн баспасөз мәслихаты өтті. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі хабарлайды. Министрдің айтуынша, президенттің тапсырмасы ойдағыдай жүзеге асып отыр. «Президент Қ.Тоқаев 4 жыл ішінде педагогтардың жалақысын екі есеге көбейтуді тапсырды. Осы тұрғыда алабақша тәрбиешілері, колледж, ЖОО оқытушылары назарға алынды. Яғни, ұлттық университеттерде жұмыс істейтін оқытушылардың жалақысы 28 пайызға, мемлекеттік университеттегілердікі 20 пайызға көбейеді. Заң қабылданып, тиісті норма бекітілді» деді. Сондай-ақ, Аймағамбетов педагогтар 2020 жылдан бастап күніне екі құжатты ғана толтыру керектігін айтты.  «Біріншісі – сынып журналы, екіншісі – сабақ жоспары. Оның өзі электронды негізде. Қалғанын алып тастадық. Осы талапты орындамаған басшыларға тиісті шара ұйымдастырып…

Read More

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин  жаңа қаулыға қол қойды. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі хабарлайды. Бекшиннің қаулысында адам көп жиналатын жерлерде ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар және отбасылық мерекелер өткізуге тыйым салу туралы айтылады. Қаулы 26 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. «25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін барлық ұйым мен мекемеде жаңажылдық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ аниматорларды, яғни аяз Ата, ақшақар және басқа жаңажылдық кейіпкерлерді үйге шақыру бойынша агенттіктердің жұмысына тыйым салу», – делінген қаулыда. Құжатта мектепке дейінгі мекемелерде қосымша кезекші топтар мен қала мектептерінде 1-5-сынып аралығында қосымша кезекші сыныптар ашуды тоқтату туралы айтылған. «Сауда нысандары, оның ішінде ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерінің жұмысы…

Read More

Сәби Сіз уайымшыл адамсыз. Өзіңіздің мәселеңізден бөлек, жанашыр адамдарыңыздың да мәселесіне бас қатырып, бірге шешуге үнемі қадам жасайсыз. Алайда одан сізге келіп кетер пайда жоқ. Ең жаманы, өз жасаған жақсы, игі істеріңіздің жауабын күтесіз. Алғыс айтқанын, жақсылығыңның қайтқанын қалайсыз. Дәл осы мінезіңіз сізді тіптен уайымға салады. Бірақ өте миірімді, бауырмал, мінезіңіз ашық адамсыз. Өзге адамдармен де өз танысыңыздай тілдесіп кете аласыз. Сенімді көп артасыз. Қарт адам сіздің шаршаңқы түріңізді емес, ішкі дүниеңіздің шаршағанын білдіреді. Бойжеткен мен бозжігіт Сіз жайдары, ештеңеге алаңдамайтын өте байсалды адамсыз. Барлық адамға бірдей қарайсыз. Тіке айтуға ұялып, астарлап, жұмбақтап жеткізу ең жақсы қасиеттеріңіздің бірі. Әрдайым жақсылық…

Read More

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жекке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Newsroom+ақпарат хабарлайды. Головкин трилогияға ашық екенін айтты. «Альварес біздің үшінші жекпе-жекке қатысты пікірін ашық айтты. Ол ең жақсы ұсынысты күткенін жеткізді. Бұл оны мазалайтын ең басты нәрсе. Ол сол ұсынысты қабылдаса – мен үшін де солай – екеумізге де өзімізге ұнайтын ұсыныс түссе, онда үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін. Бірақ тараптардың біріне ұсыныс ұнамаса, бұл басқа мәселе. Көп уақыт өтті, жағдай өзгерді, қазір ол басқаша, көзқарас та басқа», – деп жазды The Athletic Головкиннің сөзін. Еске салсақ, Головкин мен Канелоның 2017 жылы қыркүйекте болған алғашқы жекпе-жегі…

Read More

Қытайда метеориттің құлаған сәті видеоға түсіп қалды. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.  Қытайдың сейсмологиялық орталығы 23 желтоқсанда таңертең Цинхай провинциясында метеориттің құлағанын тіркеген. Кенхи университетінің профессоры Евгений Зубко Цинхай провинциясына құлаған метеорит радиусы бір метрге дейін және салмағы шамамен 10 тонна болуы мүмкін екенін айтады. «Метеориттің құлауы сирек болатын құбылыс емес. Астероид фрагменттерінің, кометалардың ядроларының және үлкен планета спутнигі де (мысалы, Ай) құлауы мүмкін. Бұл үлкен объект болуы ықтимал. Атмосфераға кірген кезде метеорит 3-4 мың градусқа дейін қызады, жарқыл пайда болады. Оны көзбен көруге болады. Бұл нысанның радиусы шамамен 1 метр, демек оның салмағы 10 тоннадан асады. Бұл – өте…

Read More

Алматыда вирус жұқтырған тұрғындар саны көбеюде. Бқл туралы Newsroom+ақпарат хабарлайды. «Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға келетін болсақ, бүгінде жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Жыл басынан бері коронавирус инфекциясының 17790 жағдайы, сондай-ақ тамыз айынан бастап есепке алынған этиологиясы анықталмаған пневмонияның 1349 жағдайы тіркелді. Қыркүйек айында КВИ барынша төмендегеннен кейін, қазан айында 366 жағдай, қарашадада 1 399 жағдай және желтоқсан айында бүгінге дейін – 1 635 жағдай тіркеліп, індеттің өсуі қарқын алып жатыр», – деді Бекшин ОКҚ онлайн-брифингінде. Бекшин вирус жұқтырғандар санының өсу қарқынын түсіндіріп берді. «Желтоқсанда 1 аптада – 420 жағдай, 2 аптада – 460 жағдай, 3 аптада – 510 жағдай, 4…

Read More

Президент тапсырмасы шеңберінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25% өседі. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «Биыл Президент тапсырмасымен педагогтердің жалақысы 25 пайызға ұлғайтылды. Сонымен бірге 2021 жылы да 1 қаңтардан бастап, педагогтер айлығы тағы 25 пайызға көбейеді. Біз мұнда тек қана мектеп мұғалімдерін айтып отырған жоқпыз, балабақша педагогтері, қосымша білім беру, колледждер мен жоғары оқу орындарының мамандары да мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылып, еңбекақылары көбейіп жатыр», — деді А. Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Өз сөзінде министр педагогтерге берілетін түрлі қосымша төлемдер бар екенін еске салды. «Біліктілік санатына қарай еңбекақының 30-дан 50 пайызға дейінгі көлемін қосымша алуға болады.…

Read More

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2021-2022 оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Ақтөбе, Алматы, Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Орал, Семей, Талдықорған, Тараз, Шымкент қалаларындағы физика-математика бағытындағы және Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент қалаларындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 2 желтоқсан мен 2021 жылғы 23 қаңтар аралығында келесі мекенжайлар бойынша жүргізіледі: 1) Нұр-Сұлтан қ. (физика-математика бағытындағы), Хусейн бен Талал к., 21 ғимарат (Назарбаев Университетінің…

Read More

Атырау қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының екі оқушысы халықаралық ғылыми жобаның үздігі атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Бразилияның Ново-Гамбург қаласында «MOSTRATEC» 35-ші халықаралық білім көрмесі өткен. Оған әлемнің 35 елінен 752 оқушы қатысты. Олардың арасында Қазақстанның мектептерінен 25 оқушы бар. Ал Атырау облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Ақбота Жұбатқан математика пәнінен І орынды иеленген. Тағы 11-сынып оқушысы Айданур Демирджи тарих пәнінен ІІІ орын алған. «Жаз маусымының аяқталуына он шақты күн қалғанда сынып жетекшім «Mostratec» атты халықаралық ғылыми жобалар сайысы өтетінін хабарлады. Сол хабарды естіген соң дайындала бастадым. Алайда, пандемияға…

Read More