Алматыда вирус жұқтырған тұрғындар саны көбеюде. Бқл туралы Newsroom+ақпарат хабарлайды.
«Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға келетін болсақ, бүгінде жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Жыл басынан бері коронавирус инфекциясының 17790 жағдайы, сондай-ақ тамыз айынан бастап есепке алынған этиологиясы анықталмаған пневмонияның 1349 жағдайы тіркелді. Қыркүйек айында КВИ барынша төмендегеннен кейін, қазан айында 366 жағдай, қарашадада 1 399 жағдай және желтоқсан айында бүгінге дейін – 1 635 жағдай тіркеліп, індеттің өсуі қарқын алып жатыр», – деді Бекшин ОКҚ онлайн-брифингінде.
Бекшин вирус жұқтырғандар санының өсу қарқынын түсіндіріп берді.
«Желтоқсанда 1 аптада – 420 жағдай, 2 аптада – 460 жағдай, 3 аптада – 510 жағдай, 4 аптада – 560 жағдай, болжам бойынша жалпы айдың қорытындысымен 1 900 жағдай және пессимистік болжам бойынша 2 200 жағдайға жетуі мүмкін. «Бұрын болжанғандай ауру таралуы қазір өсіп жатыр», – деді.
Жастардың вирусты таратыпжүргенін айтқан Бекшин үлкен адамдарға қауіп төндірмеуге шақырды.
«Жастар симптомсыз түрімен ауырып, вирус тасып жүргенін білмейді. Сөйтіп ата-әжесіне жұқтырады. Олардың қасында келесі жаңа жылда ата-әжесі болмауы мүмкін. Соны ойлау керек», – деді Бекшин.