Суреттегі 8 қар ұлпасының біреуін таңдаңыз.
Жапалақтап жауған қарға алақанын тосып, бір-біріне ұқсамайтын ақ ұлпаларға үңіле қарап, ерекше өрнектерге таңданбаған адам жоқ шығар сірә?! Ал әп-сәтте еріп кететін нәзік ұлпалардың «сөйлей алатынын» білесіз бе? Ол үшін суретте көрсетілген ұлпалардың ішінен бір пішінді таңдасаңыз жетеді. Суреттегі қар ұлпасы сізге қажетті ақыл-кеңес айтады. Қане сынап көрейік, ұлпа қарлар сіз туралы не дейді?
1. Ұлпа қар
Сіз туралы: Егер қарапайым өрнекті №1 ұлпа қар жаныңызға жақын болса, бұл сіздің тік мінезді екеніңізді білдіреді. Өсек-аяңға араласпайсыз, естігеніңізді таратуға да жаныңыз қас. Жұрттың сіз туралы ой-пікірі соншалықты маңызды емес. Айналаңыздағы туысқан, дос-жаран сізді «Сенімді, сөзінде тұра алатын адам» деп таниды. Сіздің қасыңызда өзгелер өзін қауіпсіз сезінеді. Өйткені сөзіңіз қорған, пейіліңіз жомарт.
Жаңа жылдық кеңес: 2021 жыл сіз үшін қаржылық мәселер шешімін табатын сәтті жыл болмақ. Еңбегіңіз бағаланып, қызметіңіз не жалақыңыз өседі. Сізге оңай жолмен несие алып беремін дегендерден сақтану керек. Сондай-ақ өзіңізге де авантюрлық іс-әрекет жасауға болмайтынын ескертіледі. «Жеңіл» және «оңай» келген ақшаның еселеніп шығып кететінін жыл бойы есте ұстауға кеңес береді.
2. Ұлпа қар
Сіз туралы: «Майлы», жуан өректерден құралған ұлпа қар сіздің салмақты мінезіңізден хабар береді. Сонымен қатар ұсақ-түйекшіл емес екеніңізді білдіреді. Жаңа нәрселерді қай жаста болсаңыз да тез үйрене алатын қабілетіңізбен ерекшеленесіз. Не нәрсенің де бірсыдырғылығы жалықтырады. Сондықтан да жұмысты да, бәрін жиі ауыстырғанды жақсы көресіз.
Жаңа жылдық кеңес: Кез келген затқа басқа зат келіп әсер етпейінше орнынан қозғалмайтынын естен шығармаңыз. Арманыңыздың ой түрінде қалмасы үшін еңбектенуіңіз қажет. Сіздегі бір сәттілік – қимылдасаңыз болғаны іс өздігінен қозғалып, құралып кетеді. Олай болса, қорқынышты жойып, ірі істермен айналысуды қолға алыңыз.
3. Ұлпа қар
Сіз туралы: №3 ұлпа қар жүрегіңізді селт еткізсе, ешкімге ұқсамайтын жеке қасиетеріңіздің көп екенін аңғартады. Қатып қалған қағида, заң, қатаң тәртіп сізге ұнамайды. Сіз сызып қойған жолмен, қоршап қойған шеңберден шықпай жүре алмайсыз. Сіздің өз жолыңыз, көп адам түсіне алмайтын өз әлеміңіз бар. Бұл ерекшелігіңізді шығармашылықпен байланыстырсаңыз, небір ғажайып дүниелерді қолыңызбен «өмірге әкеле» аласыз.
Жаңа жылдық кеңес: Алдағы жыл – сіздің жылыңыз болмақ. Армандарды орындайтын ғарыштың да, адамдардың да назарында боласыз. Жұмысыңыз өрге домалайды. Қысқаша айтқанда ешқандай еңбек пен күшсіз-ақ танымалдылығыңыз артады.
4. Ұлпа қар Сіз туралы:
Бір қарағанда өрнектерінің өзі ойнап тұрғандай әсер қалдыратын №3 ұлпа қарды таңдадыңыз ба? Онда сіз көңілді, әзілқой адамсыз. Қайғы мен мұң да сізді тұнжырата алмайды. Жұмыстың да жеңіл әрі оңайын істегенді жақсы көресіз. Шаршасаңыз тіпті жұмыс күнінің ортасында барлығын ұмытып тынығып алатындардың қатарынансыз. Думанды ортаны ұнатасыз.
Жаңа жылдық кеңес: 2021 жыл – жалғыздықтан құтылатын жыл. Бойдақ болсаңыз, жаныңызбен жарасым табатын адамды жолықтырасыз. Ал отбасылы болсаңыз, жаныңыз сүйетін жұмысты табасыз. Барлық адаммен арадағы қарым-қатынас жақсарады.
5. Ұлпа қар
Сіз туралы: Шыршаның жапырақтарына ұқсайтын өрнектерден біріктірілген №5 ұлпаны көпқырлы, әмбебап адамдар таңдайды. «Алтын қол», «Шебер қол» деген теңеулерге лайықсыз.
Жаңа жылдық кеңес: Батыл адамсыз. Ал сиыр жылы батыл шешім қабылдайтын, қиындықтан қорықпайтындарды ұнатады. Олай болса, батыл қадамдар жасауға дайындалыңыз. Сәттілік серігіңіз, қорықпаңыз.
6. Ұлпа қар
Сіз туралы: Классикалық №6 ұлпа қар ұлтының салт-дәстүрін, отбасыны құндылықтарын құрметтейтін адамды өзіне «тартады». Өте сезімталсыз әрі шыдамды адамсыз. Жүрегіңіз кең, жаныңыз мейірімге толы. Өзгелерге жақсылық жасағаннан, қуантқаннан ләззат аласыз.
Жаңа жылдық кеңес: Басты мақсатыңызға 2021 жылдың көктемінде жетесіз. Бірақ мақсатыңызды көбейтіп, әрқайсысының басын бір шала бермей, тек біреуіне ғана баса көңіл бөлуіңіз керек. Біреуіне қол жеткізбей, басқасын бастамаңыз.
7. Ұлпа қар
Сіз туралы: Шілтеріге ұқсас бұл өрнек сіздің талғамыңыздың биіктігін көрсетеді. Сән әлемінде немесе жиһаз, үй дизайнымен байланысты жұмыстарда табысыңыз бен танымалдылығыңыз жоғары болады. Адамдардың да, заттардың да тәртіпсіздігіне шыдай алмайсыз. Шындық пен қарапайымдылықты және табиғилықты ұнатасыз.
Жаңа жылдық кеңес: Босағаны аттағалы тұрға жаңа жылда көшбасшылық қасиетіңіз арта түспек. Жаңа идеялар ойыңызды жаулап алады. Ұтымды идеяны іске асырсаңыз, жыл табысты болады.
8. Ұлпа қар
Сіз туралы: Өрнектері түрлілігімен ерекшеленетін бұл ұлпа қар «нағыз» деген ұғымды білдіреді. Отбасында нағыз жар, қызметте нағыз мамансыз. Психологтардың пайымдауынша, №8 ұлпа қарды көбіне «Бірінші сұрыптағы» адамдар таңдайды екен. Ұстамдылығыңыз, салмақты мінезіңіз барлық ортада сіздің абырой-беделіңізді жоғарылататынын ұмытпаңыз.
Жаңа жылдық кеңес: Сіз үшін 2021 жыл тыныш әрі өнімді болады. Аяқ астынан өзгеріс, күтпеген оқиғалар орын алмайды. Ерте де емес, кеш те емес уақыт арнасымен сырғи отырып, дегеніңізг жұрт қатарлы қол жеткізесіз. Қажет нәрсенің бәрі өзі келеді сізге. Егер ұлпа қар сіз туралы адаспай айтса, жазбаны өзгелермен бөлісіңіз.