Қасым-Жомарт Тоқаев қандай да бір мәселеге қатысты көзқарасын, ой-пікірін шенеуніктер бас қосқан отырыстарда ғана емес, әлеуметтік желі арқылы да жиі білдіреді Санаулы күндерден кейін тарихтың жаңа парағы ашылады. Жаңа жыл қарсаңы – өткенге көз жүгіртіп, ескі жылды қорытындылайтын кез. Осы орайда 2020 тышқан жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел есінде қалған мәлімдемелеріне шолу жасап, тағы бір мәрте еске салғанды жөн көрдік. Ұпай жинамайтын президент Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси ұпай жинауға мұқтаж емес екенін ашық айтты. Мұндай мәлімдемені мемлекет басшысы жазда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында жасаған еді. «Ашығын айтайын: осы отырысқа дайындалып жүргенде маған кейбір өңірлер мен ведомстволардың бірінші басшыларын жұмыстан…
Автор: Сайт әкімшілігі
Синьхуа-ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясының Датун қаласында ұнтақты шаңның жарылуы салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі түрлі дәрежеде жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Жарылыс таңғы сағат 8:40 шамасында Юнчжоу қаласының маңындағы акционерлік компаниялардың бірінде орын алған. Алдын ала тергеу нәтижелеріне қарағанда, төтенше жағдайға дәнекерлеу жұмыстары себепкер болуы мүмкін.
ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы онлан режимде өтті. Бұл туралы inform.kz хабарлайды. «Балалар құқығын қорғау – ең маңызды мәселенің бірі. Видеокамера бойынша мектеп болсын, балабақша болсын өте жақсы динамика бар. Бұл тұрғыда өте белсенді жұмыс жүргізген аймақтарға алғыс айтамын. Барды бар деп айтуымыз керек. Мектеп сыртындағы әжетханалар жайында да солай деуге болады. Біз бұл мәселені жылдар бойы көтеріп келдік. Осы жылдың басында 2352 мектепте әжетхана сыртта еді. Қазіргі таңда мектептердің 99 пайызында бұл мәселе ретке келтірілді. Дегенмен әлі де монтаждау жұмыстары…
Партияішілік мәселені сыртқа шығарған президент өз жақтастарына ойын жасырмай, ашық үндеу жолдады. Трамптың жақтастары соңғы уақытта президенттің еш әрекетсіз отырғанынан да хабардар. «Президент лауазымы үшін күресетін уақыт келді. Егер, расымен де жеңген болса, демократтар дәл осылай жасар еді. Сайлаудың бұрмаланғанына ешкім дау келтіре алмайды!», – деген Дональд Трамп Джо Байденді «жалған президент» деп атады. Партияішілік мәселені сыртқа шығарған ол өз жақтастарына ойын жасырмай, ашық үндеу жолдады. Трамптың жақтастары соңғы уақытта президенттің еш әрекетсіз отырғанынан да хабардар. Смартфон арқылы бірнеше пост жариялағаны болмаса, Трамп бос уақытының барлығын гольф алаңында өткізіп жүр. Бейнебір 20 қаңтардан кейін гольф ойнау бұйырмайтындай. Ол 6 қаңтарда…
Қаржы министрлігі түрлі мессенджерлер арқылы келетін ұсыныстар негізінде тауарлар мен қызметтерге қаражат аудармауға кеңес береді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Министрлік мәліметінше, әдетте, жалған қызмет ұсынушылар жеке де, мемлекеттік те ұйымдардың атын жамылып арнайы жасалған жалған веб-сайттарына сілтемелер жібереді. «Сондай-ақ, мұндай сайттар ресми түрде аударым қызметтерінде тіркелген және сіздің несие картасымен төлем өте сенімді көрінеді. Бұндай жағдайда басқа сенімді интернет көздері арқылы ресми сайттарда көрсетілген телефондарға қоңырау шалып, өнім немесе қызмет туралы барлық ақпаратты тексеру қажет. ҚМК азаматтардан заңсыз ақша алудың ең танымал және кең тараған тәсілі болып cаналатын қаржы пирамидаларына қатыспауға тағы да шақырады. Пирамида схемасының ең басты ерекшелігі -…
Маңғыстау облысында жеке автогаз құю станцияларының иелері өңірдегі 2 газ желісі ұйымының (ГСО) жұмысына наразылық білдірді. Бұл туралы Lada.kz. хабарлайды. Олардың айтуынша, 2 газ желісінің ұйымы кәсіпкерлер арасында бөлінуі тиіс газды сатып жатыр. Автогаз құю станциялары иелерінің жиналысы 29 желтоқсанда Ақтаудағы облыстық әкімдік ғимаратының жанында өтті. Кәсіпкерлер әкімдік сұйытылған мұнай газын (ТМД) жеткізу жоспарына Павлодар мен Ақтөбеде тіркелген 2 газ желісінің ұйымын қосқан. Осыған байланысты жергілікті автогаз құю станциялары өзіне тиесілі газды толық көлемде ала алмай отыр. «Басқа қаладан келген газ желісі ұйымы жергілікті кәсіпкерлермен келісім шарт жасап, біздің өңірге бөлінген газ көлемін алған. Біз «Неге?» деп сұрап жатырмыз. Әкімдік…
Төтенше және өкілетті елші, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкіл қызметін атқарған ардагерлерге Қазақстан үкіметі айқындайтын мөлшерде ай сайын ақшалай төлем төленеді. Мәжіліс дипломатиялық қызмет ардагерлерінің әлеуметтік қорғалуын арттыруды көздейтін заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстанның дипломатиялық қызметі туралы заң жобасы қаралды. Құжат қазақстандық дипломаттардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға және дипломатиялық қызмет органдарының қызметін жетілдіруге бағытталған. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, заң жобасында «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагері» ұғымын бекіту ұсынылған. Бұл санатқа зейнеткерлік жасқа толған және кемінде 25 жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның ішінде Қазақстанның дипломатиялық қызмет органдарында 15 жыл жұмыс істеген адамдар…
18 жастағы Виктор Александрович Кибко 3-ші қабаттан 2-ші қабаттың шатырына, содан кейін жерге секірген. Қорғаныс министрлігі Оралда әскерге шақырылған жас жігіттің терезеден не себепті секіріп кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. Бас штабтың ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің басқарма бастығы, полковник Қанатбек Мұсаевтің айтуынша, 18 жастағы Виктор Александрович Кибко мерзімді әскери қызметке шақырылған. «Әскери қызметтен босатудың заңды негіздері болған жоқ. 30 қазанда шақыру қағаздары жіберілген. Бірақ ол келмеді», — дейді , — дейді Мұсаев. 2020 жылы 8 желтоқсанда полиция қызметкерлері оны медициналық куәландырудан өтуге Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жинау пунктіне жеткізген. Ол терезені ашып, 3-ші қабаттан 2-ші…
Этнограф Ахмет Тоқтарбай сиыр жылының не себепті жайлы жыл қатарына жататынын әңгімеледі Қазақтың жыл санауы бойынша 2021 жылы сиыр жылы кіреді. Әр жылдың өзіне тән мінезі бар, ал сиыр жылы қалай өтеді екен? Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. Қазақша жыл қайыру Қазақта жыл қайыру 12 жылдан тұрады. Ол он екі жылға аң мен жануардың аты қойылған. Айналымның басын тышқан бастайды, одан кейін сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз деп аяқталады да, қайта жалғасады. Жыл санау мен жыл қайырудың алғашқы деректері VIII ғасырдағы «Күлтегін» ескерткіштері мен ХІ ғасыр ғұламасы Махмұт Қашқаридың еңбектерінде кездеседі. Ал Әубәкір Кеңестің…
«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа үміткерлер Томарлы ауылындағы үй-үйді аралап, сайлауалды бағдарламамен таныстырды. Жергілікті халық та ауылдағы жағдайдың жай-жапсарын жеткізіп, өз ұсыныстарын айтты. Олардың айтуынша, пандемиядан кейін жастар жұмысссыз қалып, мамандығы бойынша қызмет атқара алмай жүр. Сондай-ақ баспана мәселесі де көпшіліктің көңілін алаң қылған. Тұрғындарды алаңдатқан тағы бір мәселе – балаларға арналған ойын алаңының тапшылығы. Жыл сайын атқамінерлерге айтылғанмен, жұмыс жеме-жемге келгенде атқарылмай қалатын көрінеді. Жиында ауылшаруашылығын өркендету жайы да қозғалды. Партиялықтар бағдарламада 2025 жылға дейін осы бағытта 156 жаңа техникалық құрал сатып алуға қолдау көрсету, шағын және орта кәсіпкерлер санын 40 мыңға жеткізу жоспарда бар екенін айтты.…
