Автор: Сайт әкімшілігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелге кетіп жатқан қазақстандық жастар түптің түбінде елге оралатынына сенеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев талантты жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындауды ұсынды. Бұл туралы президент «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында айтты. Президент жастар – қашанда тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші екенін атап өтті. Сондықтан ол өскелең ұрпақтың әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалану қажет деп санайды. «Осы орайда президент жанындағы жастар кеңесінің қызметін жандандырған жөн. Оны білікті әрі білімді жастарды жұмылдыратын жүйелі жұмыс алаңына айналдырамыз. Бұдан бөлек, мен азаттық жылдарында дүниеге келген, әлі танылып үлгермеген талантты жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік…

Read More

Мәңгіге тарих қойнауына енген 2020 жыл адамзаттың есінде COVID-19 пандемиясымен есте қалары сөзсіз. Жер жаһанды құрсаулаған індет халықты әбден титықтатты. Қай-қайсысы болсын, 2021 жылдан тек жаңа бақыт, жақсы жаңалық күтеді. Осы орайда белгілі нумеролог Құралай Бақытқызы сандарды «сөйлетіп», сиыр жылы қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын болжады. Адамдар кәсіпке бет бұрады Құралай Бақытқызының айтуынша, нумерология бойынша 2021 жылдың саны – 5. Ал бұл – өзгеріс, ескі жүйені бұзып, жаңалық әкелетін сан. «Тышқан жылы халқымызға оңай соққан жоқ. Коронавирус індеті адамдардың тұрмысына қатты әсер етті. Көбі күнделікті табысынан қағылып, үйде жұмыссыз отырып қалды. Сол себепті келесі жылы әр адам өз мүмкіндіктерін бағалап, кәсіпке…

Read More

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, өткен тәулікте 149  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 4-еуі  Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 144 жұмысшыдан, Жылыой -1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 25-інде ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 43 адам емделіп шыққан. Айта кетейік, қазіргі уақытта 290  адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда  91 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 38,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 778 адам ем қабылдауда.

Read More

Жеке тұлғалар үшін жер және мүлік салығы біріктіріледі, ал көп пәтерлі үйдегі тұрғын үй иелері үшін жер салығы алынып тасталады.  Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылдың 1 сәуіріне ауыстырылды. Бұл туралы  Sputnik Қазақстан хабарлайды. Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін көлік салығын төлеу мерзімі 2020 жылдың 31 желтоқсанынан 2021 жылдың 1 сәуіріне ауыстырылды. Президент тиісті заңға қол қойған болатын. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүлкі мен жерге салынатын салықтар біріктірілді. Яғни, енді екі салық бірыңғай төлеммен төленеді. Бұдан бөлек, көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері үшін жер салығы алынып тасталды. Көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастауға оны жинауға кететін шығынның…

Read More

Өткен жылы үкімет тағы бір министрлікпен толығып, президентке тікелей бағынатын екі агенттік құрылды Тышқан жылы ел билігінің жоғары сатысында ауыс-түйіс аз болмады. Сенат спикері ауысып, денсаулық министрлігінде біраз басшы жылы орнын босатты. Облыс басшылары арасында да кадрлық тағайындау болды.  Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады. Назарбаева кетті, Әшімбаев келді Өткен жылы биліктегі басты ауыс-түйіс Дариға Назарбаеваның парламенттен кетуі болды. 2 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен сенат депутатының өкілеттігі тоқтатылған болатын. Елбасының үлкен қызы тек сенатор ғана болған жоқ, бір жылдай парламенттің жоғары палатасын басқарды. Көп ұзамай сенаттың төрағалығына Мәулен Әшімбаев келді. Бұған дейін ол президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған…

Read More

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Мемлекеттік ҰҚК тергеу изоляторынан Бішкектегі № 47 түзеу колониясына ауыстырылды. Бұл туралы оның жұбайы Раиса Атамбаева айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Раиса Атамбаеваның айтуынша, күйеуін Жаңа жыл қарсаңында ауыстырған. «Бұл туралы ешкім білмеді. 31 желтоқсанда маған және балаларымыз Қадыр мен Әлияға кездесуге рұқсат берді. Сол кезде біз колонияға бардық. Ол емін жалғастырып жатыр. Әрине, бұл колонияда жағдай жақсы: серуендеуге, адамдармен сөйлесуге болады. Алмазбек Атамбаевтың қан қысымы төмен және оған қатты суық тиген. Біз оған ыстық тамақ әкеліп, жылы киім бердік», — деді Раиса Атамбаева басылымға. Айта кетейік, Алмазбек Атамбаевқа қатысты бірнеше қылмыстық із қозғалды. Оның ішінде…

Read More

Қазнет пайдаланушыларын қайырымдылығымен тәнті еткен ақтаулық Сабина Кеңесбаеваға «Қызық Live» жобасының «Жыл меценаты» аталымы бұйырды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды Ақтауда 3-сынып оқитын Сабина Кеңесбаеваға 500 мың теңге сыйақы берілді. Одан миллиардер болғанда не істейтіні сұралды. Сабина үйсіз адамдарға баспана алып беретінін айтты. Премияның бәрілген сәтін 1:12:35 секундынан бастап қарауға болады.

Read More

Облыстағы аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы 2020 жылды қорытындылады. Мекеме өкілдері өткен 12 айда екі мың жарымнан аса заңбұзушылықты анықтаған. Ал оның 17-сі қылмыстық іс ретінде сотқа жолданыпты. Мысалы, инспекторлар биыл браконьерлерден сирек кездесетін балықтың 25 тоннасын тәркілеген. Оның 300 келіге жуығы – бекіретұқымдастар. Сонымен қатар, су маржандарын ұстауға арналған 5 мыңдай қармақ пен ау анықталып, 300 шамалы суға жүзу көлік құралы тіркелген. Рүстем ҚОРҚЫТОВ, облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы Біз жылды жақсы нәтижемен аяқтадық десек те болады. Заңсыз балық аулағандарды ұстау көрсеткіші бойынша біраз ілгерілеу бар. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың бәрімен тығыз…

Read More

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары  облыс аудандарында да қарқынды жүруде. Құрманғазы ауданы бойынша желілік кестеде бекітілген 178 шара болды. Үгіт-насихат жұмыстары 11 желтоқсаннан басталды. Оған дейін кандидаттар   тіркелді. Кандидаттармен  үгіт-насихат жұмыстарын бастағанға дейін, 21 қазанда  оған алдын ала дайындық  жүргізілді. Солардың бірі ретінде алар болсақ, 30 желтоқсан күні облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Замзагүл Карсакова және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Болат Жүгінісов, Бержан Кенжебаев, Нұрлан Хұсайнов, Амангелді Рахметденов Жаңаталап ауылдық округіндегі сайлаушылармен жүздесті. Бұдан бөлек, канвассингтер өткізіп, әрбір үміткер ауылдағы қариялардың үйіне кіріп, олардың хал-жағдайын біліп, ұсыныс-пікірлерін жазып алып кетті. Ақкөл округінде де кандидаттар тұрғындарға партияның басымдылығы туралы айтылып, ауыл тұрғындарын «Nur Otan»…

Read More

Атырауда сушидан уланғандар саны 43 адамға дейін өсті. Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (ДСЭҚ) мәліметтері бойынша, 28-30 желтоқсан аралығында Жылыой аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне 43 адам тамақтан уланып жеткізілді. Олардың ішінде 38 науқас ауруханада, жағдайлары орташа дәрежеде. Қалған 5 адамның жағдайы тұрақты болғандықтан, амбулаториялық ем алуда. Науқастардың бәрінде іш өту, жоғары температура, жүрек айнуы, құсу және жалпы әлсіздік улану белгілері байқалған. Қазір осы фактіге қатысты құқық қорғау органдары мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары тексеру жүргізіп жатыр.

Read More