Автор: Сайт әкімшілігі

2020 жылы инфляцияның жоғары болатынын түрлі ұйымдар болжаған еді. Қазақстанда бір жылдың ішінде азық-түлік бағасы 20-40 пайыз арасында өсіп, қымбатшылық кезеңін бастан кешірді. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың желтоқсан айына дейін қарақұмық 40%, өсімдік майы 33%, қант 33%, ұн 20%, қияр 36% қымбаттаған. Алкогольсіз ішімдіктер 11% қымбаттаса, алкогольді ішімдік 10%, аяқ киім мен киім-кешек 5% өскен. Ал 2020 жылдың инфляциясы 7,5%-ды құрап отыр. Денсаулық сақтау саласында инфляция 7,4%, мейрамхана мен қонақ үй 7%, транспорт 4%-ға жетті. 2020 жылы инфляцияның жоғары болатынын түрлі ұйымдар болжаған еді. Мәселен, AERC сарапшылары 7,9%-ға, Еуропа мен ТМД елдері бойынша S&P ұйымы 7,7%-ға жетеді деп…

Read More

Германия билігі елдегі қатаң карантин режимін 31 қаңтарға дейін сақтайтын болды. Сонымен қатар, канцлер Меркель коронавирустың одан әрі таралмауы үшін қосымша шаралардың да енгізілетінін мәлімдеген. Германия халқынан барынша арақашықтықты сақтауды, көп адам жүретін орындарға бармауды сұрады. Бұған дейін елдегі карантин режимі 10 қаңтарға дейін созылуы керек болған. Алайда жағдай мүшкіл. Германия билігі коронавирус пандемиясы кесірінен 16 желтоқсаннан бастап тарихтағы ең қатал карантиндік режим енгізген болатын. Президент Франк-Вальтер Штайнаймер туыстардың тіпті Рождество кезінде жолығуына тыйым салған. Құттықтаулар мен сыйлықтардың ешқайда қашпайтынын, алайда коронавирусты жоюға болатынын баса айтқан.

Read More

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі бойынша қылмыстық іске қатысы бар сотталушы бостандыққа шықты. Жанар Толыбаеваның жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Бұл туралы   Tengrinews.kz хабарлайды. Сотталушы Жанар Толыбаеваның қаңтарда Қылмыстық кодекстің 73-бабы негізінде жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтініш бергені белгілі болды. «Алматы облысы Іле аудандық сотының 2020 жылғы 6 қаңтардағы қаулысы бойынша бұл өтініш қанағаттандырылды. Жазаны өтеуді бақылау процесі пробация қызметіне жүктелді», — делінген хабарламада. Айта кетейік, Жанар Толыбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Үкім екі жыл бұрын 2019 жылдың 17 қаңтарында шығарылған еді. Сол жылдың наурыз айында ол Алматы колониясында босанған болатын.…

Read More

Сайлау жақындаған сайын, партия үміткерлерінің үгіт-насихат жұмыстары қыза түсуде.  Бүгін Zoom платформасын арқылы облыстық мәслихатқа үміткерлер жастармен, қала белсенділерімен кездесіп, «Nur Otan» партиясының облыс тұрғындарын әлеуметтік қолдау бағытындағы жоспарымен бөлісті. 2025 жылға дейін: — 10 ірі кәсіпорын және 103 мың жаңа жұмыс орнын ашып, халықты жұмыспен қамтамасыз ету; — экологияны жақсарту үшін кәсіпорындарды жаңғыртып, ластаушы заттардың көлемін 12% қысқартамыз және 25 мың ағаш отырғызу; — 3,5 млн. шыршы метр тұрғын үй салып, 7 мың әлеуметтік тұрмысы төмен азаматты баспанамен қамтамасыз ету; — 10 медициналық нысан салып, 53 жедел жәрдем көлігін жеткізіп денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру; — 11…

Read More

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті жалға алу құны 10-20% қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан ұлттық арнасы хабарлайды.  Елде жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу айналымы былтыр 2,4 есеге өскенмен, арадағы делдалға түсетін пайда азайған. Алайда пәтерін жалға беретіндер 2020 жылы 600 млн теңгеден аса, ғимаратты жалға беретіндер 200 млн теңгеден аса табыс тапқан. Сауда нарығындағы жағдай керісінше. Мұнда кіріс 28,3%-ке дейін төмендеп, небәрі 16,2 млрд теңгеге жеткен. Жалпы өткен жылы тұрғын үй саудасы 2,5 есеге өсті. Мамандар биыл импорттық заттарға бағаның өсуіне байланысты баспана бағасы да қымбаттайтынын айтады. Ал наурыздан бастап жылжымайтын мүлікті жалға алу құны 10-20% -ке дейін қымбаттауы мүмкін.

Read More

Ресейлік «Коммерсант» басылымы металпрокат құнының күрт артып, машина жасаушылардың шағымданып жатқанын жазды. Бұл туралы  kolesa.kz хабарлайды. Трактор мен комбайн өндірушілер үшін баға өсімі 35-50%-ды құраған. Автокөлік құрастыратын кәсіпорындарды да осындай жағдай күтіп тұр. Ақырғы өнім қымбаттап кетпес үшін машина жасаушылар билікке жүгініп, металл жабдықтардың шығынын азайтуға мүмкіндік беретін ішкі тұтынушыларға арналған құбылмалы экспорт салығын енгізуді сұрамақ. Шикізат бүкіл әлемде қымбаттап жатыр. Мысалы, желтоқсанда Қытайдағы CFR темір кенін өндіретін базисте өнім бағасы 70 %-ға, ал Түркияда 73 %-ға өскен. Егер билік дұрыс шешім қабылдамаса, өнеркәсіп компаниялары табыстан қағылмас үшін өнім бағасын көтеруге мәжбүр болады. Бұл жағдайда автокөлік екі есе қымбаттайды деп айту…

Read More

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Руслан Сариев (12-0) Eagle Fighting Championship ұйымымен келісімшарт жасасты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.  Бұл промоушеннің иесі — жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов. Сариев EFC ұйымымен төрт кездесуге келісімшарт жасапты. Айта кетейік, Сариев келесі кездесуін 22 ақпанда Мәскеуде өткізеді. Оның қарсыласы — Мансур Малачиев (8-0). Бұл жекпе-жекте жеңіл салмақта EFC ұйымының чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. Еске салайық, бұған дейін EFC лигасымен Жасұлан Әкімжан (5-2) деген отандасымыз келісімшарт жасасқан еді.

Read More

Қазақстанда құжат алу үшін мемлекеттік баж төлеу керек, ал мемлекеттік баж жыл сайын өзгеретін айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне (АЕК) байланысты. 2021 жылы айлық есептік көрсеткіш 2 917 теңгеге дейін өсті. Бұл туралы nege.kz хабарлайды. Паспорт пен жеке куәлік алу қанша тұрады Паспорт алуға мемлекеттік баж салығы 8 АЕК немесе 23 336 теңге. Жеке куәлік 0,2 АЕК немесе 583,4 теңге. Әдетте құжаттарды алу мерзімі  — 15 күн. Бірақ қосымша ақы төлеп, құжаттарды жедел алуға болады. Туу туралы куәлік Қазақстанда туу туралы куәлік баланы тіркеу кезінде тегін беріледі. Акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру 0,5 АЕК немесе 1 458,5…

Read More

Үй жануарларының кескіні егжей-тегжейлі дәл суреттелген. Маңғыстау облысының тас жолдарында түйелер мен жылқылар бейнеленген муляждар орнатылып жатыр. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Маңғыстау облысының Полиция департаменті өңірдегі жол-көлік оқиғалары бойынша статистиканы зерделеп, олардың туындауының негізгі себептері көлік жүргізушілерінің белгіленген жылдамдықты асыруы және малдардың тас жолдардың бойында қараусыз жайылуы деген қорытындыға келді. Нәтижесінде республикалық және жергілікті маңызы бар тас жолдардың ең қауіпті учаскелерінде үй жануарларының муляждарын орнату туралы шешім қабылданды. – Үй жануарларының кескіні егжей-тегжейлі дәл суреттелген, олар алыстан тірі үй жануарларына ұқсайды. Жүргізушілер жақындаған кезде ғана олардың қарапайым макет екенін түсінеді. Аталмыш кескіндер жылдамдық азайтылуы тиіс жолдың қауіпті учаскелеріне орнатылуда, –…

Read More

Рөлде отырған полицей әйелді байқамағанын айтып, бірнеше рет кешірім сұраған. Ал жеке көліктің мемлекеттік нөмірі – көрші елдікі  Маңғыстау облысында жеңіл көлік мінген полицей жаяу өтпе жолында тоқтамай, жолаушыны өткізбеген. Сол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Бұл туралы Lada.kz хабарлайды. Желіде жолаушының өзі түсірген видео тарап кетті. Онда әйелдің көлік мінген полицейлерді түсіріп, оқиғаның мән-жайын түсіндірген. «Маңғышлақта (қазіргі Маңғыстау ауылы ) «пешеходтан» өтіп бара жатыр едім. Мына кісі басып кете жаздады», – дейді жолаушы. Рөлде отырған полицей болса, әйелді байқамағанын айтып, бірнеше рет кешірім сұрайды. Ал жеке көліктің мемлекеттік нөмірі – көрші елдікі. Маңғыстау облыстық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, видеодағы…

Read More