Автор: Сайт әкімшілігі

Халықаралық саяси сараптама институтының директоры Евгений Минченко АҚШ президенттігіне Байденнің келуі Орталық Азия елдері үшін қандай әсері мен салдары болмақ, соған болжам жасаған екен. Саясаткердің айтуынша, АҚШ мемлекетін басқаруға келген Байденнің командасы Орталық Азия елдерімен тығыз қарым-қатынас орнатуға тырысады. — Егер Трамп Орталық Азия мен Ресейге көңіл бөлмей, Қытаймен тікелей сауда соғысын жүргізіп, бәсекелес болса, Байден керісінше, Қытаймен дос, бейбіт қарым-қатынас орнатуға тырысады. Сол үшін ол Орталық Азия мемлекеттерін пайдалануы мүмкін. Бұл жерде Байден бастаған Америка билігі мен қытай билігі бірігіп, Ресейге қарсы ойын ұйымдастыруы да мүмкін екенін айта кеткен жөн, — дейді Евгений Минченко. Евгений Минченко Саясаткердің ойынша, Байденнің Ресейге қарсы күрес…

Read More

Елбасы жайлы фильмнің жаңа тизері шықты Нұрсұлтан Назарбаев жайлы деректі фильмнің жаңа тизері жарияланды. Оны Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасына салды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. «8 қаңтарда сағат 21.45-те «Хабар» телеарнасының эфиріне «Штрих к портрету» деректі фильмінің жалғасы шығады. Фильмнің үшінші сериясында саясат туралы сұрақ аз болады, сұрақтар жеке басына және бұрын белгісіз жайттарға қатысты болады», — деп жазды Айдос Үкібай Twitter желісінде. «Ұшқыш та, теңізші де болғым келді… Басшылық лауазымындағылардан, қазақстандықтардан әуестенбеуді сұраймын. Жеке өзіме бұл қажет емес. Адамдарды кешіру керек, мейірімді болу керек. Сол жиен немеремнің өліміне қатты қынжыламын «, — дейді Нұрсұлтан Назарбаев тизердің кадрында. Фильм эксклюзив интервью негізінде түсірілген.

Read More

 «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясы қазақстандықтарға 42 500 теңге төлеу туралы SMS-хабарлама неге қайта келе бастағанын түсіндірді. Бұл туралы Spunik Қазақстан хабарлайды.             Бұған дейін кейбір қазақстандықтардың ұялы телефонына «Электронды үкімет» порталының Бірыңғай байланыс орталығы нөмерінен (1414) хабарлама жолданды. SMS-те 5 шілдеден бастап табыстан айырылуына байланысты 42 500 теңге алуға келісесіз бе деген сұрақ қойылған. Келісім берген жағдайда «1», ал келіспесе «2» санын жіберу керек екені айтылған. «Түнде жүйені жаңарту бойынша стандартты жұмыстар жүргізілген еді. Сол кезде төлем тағайындау туралы ескі хабарлама кетіп қалған. SMS байланыс операторларының 400 мың абонентіне жолданды. Бұл әдеттегіден тыс жағдай және…

Read More

Блогер Дәулет Мұқаев өзін сатып кеткендерге ренжулі. Бұл туралы Bugin.kz  платформасы хабарлайды.  «Кей адамдарға өкпем қара қазандай… Өткенде ғана отырыста бір топ блогер, танымал жандар, өнер адамдарымен дастарқандас болып отырғанымда “Адал партиясына дауыс береміз”, тіпті өздері менімен суретке түсіп… Сөз сөйлегенде де “Адал алға”, — деп отыр еді. Қазір қарасам, солардың басым бөлігі мен «НұрОтанға дауыс беремін, менің таңдауым – НұрОтан» деп жүр. Бір өкініштісі, солардың арасында 1 жыл емес, 5-10 жылдан бері араласып келген жандар бар. Бәлкім, олардың жарнамасына қомақты сыйақы берген болар?! Бірақ адамдар екіжүзді болмау керек қой?! Біздің қоғамда екіжүзділер, сатқындар көп. Ақшамен көп нәрсені сатып алуға болады… Бірақ, адамгершілікті, адалдықты сатып…

Read More

Парламенттік сайлау қарсаңында «Уральская недели» журналисі қала көшелерінде сауалнама жүргізді. Билік дәстүрлі түрде «Нұр Отан» партиясын қолдайтындықтан, біз адамдардан: «Егер сіз «Нұр Отан» партиясының жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаевпен бетпе-бет кездессеңіз, одан не сұрар едіңіз?» деп сұрады. Сауалнама нәтижелерсі бейнематериалда:

Read More

«Жер шеруіне» қатысқаны үшін сотталған атыраулық белсенді Макс Боқаев жақында бостандыққа шығады. Бұл туралы  azh.kz  хабарлайды.  Бұдан басқа, 19 қаңтарда сағат 15.30-да №2 Атырау қалалық сотында Макс Боқаевқа қатысты әкімшілік қадағалауды белгілеу туралы сот отырысы жоспарланған. ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 171-бабына сәйкес, «әкімшілік қадағалау қауіпті қайталануы кезінде жасалған қылмыстары үшін, сол сияқты террористік немесе экстремистік қылмыстары, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстары үшiн жазасын өтеген адамдарға белгіленеді». Сот әкімшілік қадағалау мерзімін 6 айдан 2 жылға дейін тағайындай алады. Осы кезеңде адам пробация қызметіне ай сайын белгіленіп тұруы керек, түнде үйінен шықпауы, қаладан және елден кетпеуі керек. Сонымен қатар, бірқатар шектеулер бар,…

Read More

ҚазАқпарат — «Қазгидромет» синоптиктері 9-11 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.  Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон әсер ететін болады. Осыған байланысты еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы оң көрсеткіштерге дейін көтеріледі. Республиканың басым бөлігінде жаяу бұрқасын соғып, қар жауады. Оңтүстікте жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Read More

32 жастағы актердің жары Махаббат Түктібаева ұл бала дүниеге әкелді. Әзірге сәбидің есімі хабарланған жоқ.  Қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүсілім әке атанды. Бұл туралы актердің өнердегі әріптестері әлеуметтік желіде хабарлап, құттықтау жолдап жатыр. 32 жастағы актердің жары Махаббат Түктібаева ұл бала дүниеге әкелді. Әзірге сәбидің есімі хабарланған жоқ. Құттықтау жолдағандар арасында әнші Альбина Шардарова, спортшы Қуат Хамитов, журналист Аман Тасыған бар. Түктібаева Махаббат Қарағанды Медицина университетінде дәрігер мамандығын тәмамдаған. Оның өнер әлеміне қатысы жоқ болса да, бүгінде модель ретінде көпшілікке таныс. Айта кетейік, екі жас 2019 жылы шаңырақ көтерген еді. «Ағайын-туысқа беташар болды. Апамның алдынан өтіп, үлкендердің батасын алдық. Той…

Read More

Әне-міне өтуі тиіс сайлау жақындаған сайын науқандық үгіт-насихат жұмыстарына жан біткендей. «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Атырау сервис колледжінің педагогтарымен кездесті. Жиын барысында өңірдегі білім сапасын көтеруде жасақталған бағдарламаны таныстырып шықты. Үміткермен бетпе-бет жүздескен мұғалімдерді өздерін мазалаған сауалдың жауабын алды. Мұғалімдердің бірі қоғамдық көлік қатынасына байланысты базынасын айтса, енді бірі қала сыртындағы ауылдарды, яғни Геолог, Жұлдыз елдімекендерінде интернеттің жоқтығын жеткізді. Бұл ретте облыстық мәслихат депутаттығына үміткер мұндай мәселелерден билік басындағылардың хабардар екенін, алдағы уақытта мәселенің бір жақты болатынына сендірді. «Nur Otan» партиясы сайлауда көп дауыс жинаса, бағдарламаға енгізілген білім саласындағы біраз мәселенің түйіні шешілгелі тұр. Ол үшін…

Read More

Атырауда полиция қызметкерлері 4 күнде 616 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көлігіне ксенон, лед шамын таққан 57 жүргізуші, қауіпсіздік белдігін тақпаған – 47, көлік жүргізу құқығынан айырылған күйінде рульге отырған – 4, айыппұлын төлемеген – 15, мас күйінде көлік жүргізген 11 жүргізуші жауапкершілікке тартылған. «Мәселен, «Меrsedes-Benz 320» автокөлігін басқарған 27 жастағы жүргізушінің көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықюұзушылық туралы Кодексінің 612-бабының 3-бөлімімен (жүргізуші құқығынан айырылған күйінде көлік басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 145 850 тенге көлемінде айыппұл салынды. Ал, «Toyota Land Cruiser» автокөлігін тексеру кезінде 44 жастағы жүргізушісінің алкогольдік…

Read More