ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент пен жергілікті мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлайды. Мемлекет басшысы өз таңдауын елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде жасады. «Заңнама бойынша Үкімет отставкаға кетуі керек. Мен сайлау аяқталғаннан кейін фракция жетекшілерімен, Премьер-министрдің де, Үкімет мүшелерінің де кандидатурасы бойынша депутаттардың жаңа құрамымен кеңесу үшін Парламентке барамын», — деді Президент. Айта кетерлігі, Мәжіліс сайлауына елімізде тіркелген 5 саяси партия кандидаттары қатысып жатыр. Олар: «Nur Otan» партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «ADAL» саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы және «Қазақстанның Халық партиясы».
Автор: Сайт әкімшілігі
Сайлау күні Алматы облысында 94 сәби дүние есігін ашты. Саяси науқан кезінде туған сәбилердің көбі — ұл бала. Дәрігерлердің айтуынша, өңірде бала туу көрсеткіші жоғары. Облыс орталығы Талдықорған қаласында кеше 13 сәби дүниеге келген. Олардың 7-еуі ұл болса, 6-уы қыз бала. Елдегі саяси науқанмен тұспа- тұс туған балаларға Сайлау, Сайлаугүл, Сайлаубек сынды есімдер берілген. «Мереке» күні дүние есігін ашқан шақалақ пен аналарының қазіргі жағдайы жақсы. Жаңа туған балаларға Сайлау, Сайлаубек, Сайлаугүл сынды есімдер беріліп жатыр. Айта кетсек, бүгін 10-шы қаңтарда елімізде Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. Жалпы, жыл басынан бері Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықта 6050-ден аса сәби дүниеге келді.…
Полиция оны телефон сигналы арқылы іздеп тапқан. 21 жастағы қазақстандық Арайлым Орынбаева Анталияда өлі күйінде табылды. Ол жеті ай бұрын жоғалып кеткен. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлайды. Бойжеткен ормандағы ағашта асылып тұрған күйінде табылған. Болжам бойынша, бойжеткен өзіне қол жұмсаған. Қазіргі уақытта оның денесі Анталиядағы сот медицина Институтына жеткізілді. Арайлым Орынбаева жақындарымен сөзге келіп, жеті ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен. Ол үйінен шығып, қайта оралмаған. Бойжеткеннің анасы Салтанат Орынбаеваның сөзінше, бірнеше ай бұрын ол Түркияға қызы және екі ұлымен бірге қоныс аударған. Отбасылық жанжалдан соң, 21 жастағы Арайлым не құжатын не ақша алмай үйден шығып кеткен.
«Атырау-Жарық» АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, электр қуатын өшіру жергілікті уақытпен 18:30-да басталған. Атырау қаласындағы шағынаудандар мен қала маңындағы Водников, Кеңөзек, Дамбы, Балықшы, Балауса, Лесхоз, Геолог, Бірлік, Тасқала елді мекендерінде жарық сөніп қалды. Сондай-ақ, Махамбет пен Индер аудандарында да электр қуатын беру тоқтаған. «KEGOC желісінде пайда болған ақау салдарынан Атырау қаласының кейбiр ықшамаудандары уақытша жарықтан ажыратылды. Қалыпқа келтіру жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Жарық біртіндеп қосылады», — делінген хабарламада. Облыстық аймақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау процесіне электр энергиясын өшіру әсер еткен жоқ. Сайлау учаскелеріне алдын ала генератор орнатылған. Атырау облысында электр желісіндегі апаттан Маңғыстауда да жарық сөніп қалды. Маңғыстау облысының әкімдігі апаттық…
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түнгі 00:00-ден өте мәжіліс және мәслихат сайлауының экзитпол нәтижесі жарияланды. Сауалнама жүргізуге құқылы «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының есебінше, парламентке «Нұр Отан», «Ақ жол» және «Қазақстанның халық партиясы» (бұрынғы Қазақстанның коммунистік халық партиясы) өткен. «Нұр Отан» — 71,97 пайыз; «Ақ жол» — 10,18 пайыз; Қазақстанның халық партиясы — 9,03 пайыз; «Ауыл» — 5,75 пайыз; ADAL — 3,07 пайыз. Қазақстанда заң бойынша, парламентке жеті пайыз дауыс алған партиялар өтеді. Сайлаудың нәтижесі 11 қаңтарда жариялануы тиіс. Қазақстанда сайлау алдында сауалнама жүргізуге ресми рұқсат алған жеті ұйым бар. Олар – «Қогамдык пікір» ұйымы, «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы, «Нұр Отан» партиясы, «Еуразиялық интеграция институты», «ШҚО анализ және болжау…
Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз. 10 ҚАҢТАРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР 06.00 – Қазақстан парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс беруге арналған учаскелердің ашылуы. 07.00 – Қазақстан парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берудің басталуы. 20.00 – Сайлау учаскелерінде Қазақстан парламенті мәжілісі мен мәслихат депутатын сайлауда дауыстарды санаудың басталуы және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасалады. Алматы 11.30 – «Жаңа жылдық ертегі» балалар шоуы («Жас сахна» театры, Абай даңғылы 117). 17.00 – «Золушка» операсы Дж. Россини (Абай атындағы МАОБТ, Қабанбай батыр, 110). 18.00 –…
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында төртем дүниеге келді. Бұл туралы Маңғыстаулық журналист Гүлмира Әбішева өзінің Facebook парақшасында жариялады. Әзірге анасының және нәрестелердің жағдайы қалыпты. Сәбилер күш жинағанша дәрігерлердің бақылауында болады.
Ақтауда екі жеңіл көліктің соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалды. Жол апатынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды lada.kz. Маңғыстау облысы полиция департаментінің ақпаратынша, жол-көлік оқиғасы 8 қаңтарда болды. «Шығыс-1» және «Шығыс-2″ шағын аудандары арасында Audi B4 пен Toyota 4Runner соқтығысты. Бірінші көліктің жүргізушісі екіншіге жол бермеген. Автокөліктердің соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалды.»Үш адам зардап шекті. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді», — деп мәлімдеді департаменттен. Жол апатына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды.
Ауа райының нашарлауына байланысты Орал-Атырау жолы жабылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша жергілікті сағат 14.00-ден бастап Орал-Атырау (189-372 шақырым, Чапаев-Атырау облысы шекарасы) жолында барлық көлік түрлері үшін жол қозғалысы шектелді. Қар аралас жаңбыр көктайғаққа ұласқан. Сондықтан БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, тиісті органдар мен ұйымдарға, тұрғындарға хабарламалар жіберді. Өңірде күн сайын ауа райының нашарлайтыны жөнінде ескерту жарияланып келеді.
Атырауда Грузия Республикасының азаматы 2 млн теңге айыппұлы төленбеген көлікпен жүргендігі анықталды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, патрульдік полиция қызметкерлері 1 млн және 2 млн теңгеден аса айыппұлы төленбеген екі автокөліктің иесін анықтады. «Мәселен, 6 қаңтарда полиция қызметкерлері Азербайжан Республикасында тіркелген Lexus GX470 маркалы көлікті тоқтатты. Тексеру кезінде көлік иесі Грузия Республикасының 39 жастағы азаматы екендігі анықталды. Оның 2 млн теңгені құрайтын 123 айыппұлын төлемегені белгілі болды. Ал, 7 қаңтарда Армения Республикасында тіркеуде тұрған «Toyota Ipsun» маркалы көлігі тексерілді. Бұл автомобильдің жүргізушісі де 1 млн 63 980 теңгені құрайтын 35 айыппұлын төлемеген болып шықты», -деп хабарлады департаменттің баспасөз…
