Автор: Сайт әкімшілігі

Атырауда полиция қызметкерлері көлікпен мұз үстіне шыққан 4 жүргізушіні анықтады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Атырау қаласы аумағында Жайық өзенінің бетіне мұз қатып тұрғалы, қауіпсіздік шараларын сақтамай, мұз үстімен автокөлікті жүргізгені үшін 4 жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабымен «Жол жүрісіне  қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін» әкімшілік хаттамалар  жасақталып, ескертулер берілді. Мысалы, 10 қаңтар күні сағат 15:40 шамасында Атырау қаласы Полиция басқарасының Жедел басқару орталығының бейнекамера испекторларымен Жұмыскер поселкесіндегі көпір тұсынан 36 жастағы азаматтың басқаруындағы «Лада Гранта» маркалы автокөлігі мұз үстімен жүргендігі анықталды. Жүргізушіге әкімшілік хаттама жасақталып, ескерту берілді.

Read More

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елорда атауын ауыстыруға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. «Президент қызметінде болғанымда мен бұған әрқашан қарсы болып, түбегейлі тыйым салғанмын. Тәуелсіздіктің әр күні немесе менің туған күнімде менің атымды көшеге, мектепке бергісі келгендер болды. Мен тәмамдаған Абай мектебін менің атыма қалай ауыстыруға болады? Бұл сөзсіз қате ғой. Бұған тыйым салдым. Мұны білесіздер. Келісім бергенім – университет атауы. Бұл маңызды, әлемге қарасаңыздар, барлық университет сол оқу орнын кім қаласа соның атымен аталады. Идеясын айтып, Назарбаев университетін құрдым. Біріншіден, сол жаққа тарту үшін келістім, екіншіден жастар оқуға қызықсын дедім. Мен келісім берген жалғыз нысан осы. Қате жасаған болсам, айыптымын,…

Read More

Білім және ғылым министрлігі Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте еліміздің жоғары оқу орындарында көктемгі семестрдің қалай өтетінін айтты. Кейбір студенттерге ЖОО-ға барып оқуға рұқсат етілеттін болады. «2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап 15 ақпанына дейінгі аралықта университеттерде көктемгі семестр, ал С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-да 5 қаңтардан бастап екінші триместр басталады. Білім сапасын қамтамасыз ету мақсатында біз университеттерде дәстүрлі білім беруге кезең-кезеңмен көшу мәселесін пысықтап жатырмыз. Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша 1 курс студенттерін бейімдеу үшін оқу процесі аралас форматта ұйымдастырылады. Дәрістер – онлайн, семинарлар, зертханалық және практикалық сабақтар – күндізгі форматта», – дейді вице-министр Мирас Дәуленов. Сонымен қатар студент медициналық көрсетілімдер бойынша немесе…

Read More

Өткен жылы мектеп оқушылары үшінші тоқсанда соңына дейін оқымады. Коронавирус пандемиясына байланысты барлығы уақытынан бұрын демалысқа шыққан болатын Білім және ғылым министрлігі үшінші тоқсандағы оқуға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы  Sputnik Қазақстан хабарлайды. «Қазақстандық мектептерде үшінші тоқсан кеше, 11 қаңтар күні жоспарлы түрде басталды. Үшінші тоқсан 20 наурызға дейін жалғасатын болады. Бұл тоқсанда екінші тоқсандағыдай жалпы білім беретін мектептерде 1-5 кезекші сыныптарда және халықаралық мектептерде 1-7 сыныптарда дәстүрлі форматта оқыту қарастырылған», — деді вице-министр Шолпан Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. Бұдан бөлек, 300-ге дейін оқушысы бар мектептерде оффлайн сабақтар жалғасады. «Осы тоқсанның ерекшелігі, жалпы білім беретін мектептерде 9-11…

Read More

Белгілі математик, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Асқар Жұмаділдаев өзі жасырған есептің жауабын тапқандарға 1400 доллар (бүгінгі бағаммен – шамамен 590 мың теңге) береді. Бұл туралы ол  «Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Tańsholpan» бағдарламасында айтты. Академиктің есебі – х!+1=у2. Айтуынша, бұл теңдеуді елу жасқа толғанда жасырған. Ол кезде сыйақы құны 100 доллар еді. «Бұл есепті мен 50 жасымда бергенмін. х!+1=у2 деген есеп. Қазір оның бағасы 1400 доллар болды. Жыл сайын 100 долларға көбейеді. Мен өлгенше 100 долларға өсіп тұрады», — деді 64 жастағы профессор. Бұл өте қиын есеп, оны шығару мүмкін емес, деп жалғастырды математик. «Мен өзім де шығара алмаймын. Шығара алмайтын есептер…

Read More

АҚШ президенті Дональд Трамп Джозеф Байденнің инаугурациясы қарсаңындағы қауіпсіздік шараларына байланысты төтенше жағдай жариялап, Вашингтонға федералды көмек жіберді. Бұл туралы qazaqtimes.com хабарлайды. Бұл шешім федералды билікке жеделдетілген түрде қалаға көмек ретінде қаражат бөлуге мүмкіндік береді. Әдетте, мемлекет басшылары табиғи апаттардың салдарын жоюға көмектесу үшін осындай төтенше жағдай енгізеді. Бұған дейін Американың 44-ші президенті Барак Обама Трамп инаугурациясының алдында мұндай құжатқа қол қоймаған. 11 қаңтарда АҚШ астанасында Байденнің инаугурациясына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді мерзімінен алты күн бұрын бастау туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты Ақ үй мен Конгресс маңында орналасқан әкімшілік кешендер, дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы уақытша тоқтайды. 7 қаңтар…

Read More

Орал-Атырау тасжолында екі көлік соқтығысып, жолаушы мен зейнеткер көз жұмды. Бұл туралы kznews.kz хабарлайды. 11.01.21 ж шамамен 12:15 сағат уақытында Ақжайық ауданында, «Орал-Атырау» тас жолында, Самал ауылына жақын жерде «Лексус ЕS-330» маркалы автокөлігін тізгіндеген 1986 ж.т басып озып, «Лада Ларгус» маркалы автокөлігін тізгіндеген 1981ж.т көлік жүргізушісімен соқтығысты. Жол-көлік апаты салдарынан 1948 ж.т, «Лада Ларгус» жолаушысы, зейнеткер апат орнында қаза тапты. «Лада Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушы түрлі жарақаттармен Ақжайық ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. (Чапаево ауылыв)

Read More

Атырауда түрмеде отырғандар үшін онлайн-дүкен ашылды. Тергеу изоляторы орналасқан УГ-157/1 мекемесі арнайы контигент арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің бастығы Қаламқас Әшірханның айтуынша, енді тергеу изоляторындағы азаматтар үшін туыстары онлайн-дүкеннен тапсырыс бере алады. «Мекемеде сотқа дейін уақытша ұсталып отырған, сондай-ақ жазасын өтеу үшін шаруашылық қызметіне қалдырылған тұлғалардың туыстары үйден шықпай-ақ, тауарларды таңдай алады. Содан соң таңдаған тауарларының тізімін мекемеге жібереді. Мекемемен келісімшартқа отырған жеке кәсіпкер берілген тапсырысты орындап, тауар бірнеше сағаттың ішінде сотталған немесе күдікті ретінде отырған азаматтың қолына жетеді», – дейді Қаламқас Әшірхан.

Read More

Қазнетте 2021 жылы зейнетақы мөлшері екі есеге өседі деген жаңалық тарады. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды stopfake.kz. Сайттың мәліметінше, биыл Қазақстанда зейнетақы шынымен өсті, бірақ 50%-ке емес. Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 қаңтардан жасына байланысты зейнетақы мөлшері 7%-ке, базалық зейнетақы 5%-ке ұлғаятынын хабарлаған еді. Осылайша, жасына байланысты және еңбек жылдары үшін төленетін зейнетақының ең төменгі мөлшері 43 272 теңгені құрады. Ал базалық зейнетақы 5%-ке артып, ең төменгі мөлшері 18 524 теңгеге жетті. Нәтижесінде базалық зейнетақыны ескеріп, ең төменгі зейнетақы мөлшері 1 қаңтардан бастап 61 796 теңгені құрайды. Барлығы 2,2 миллион адамның зейнетақысы өседі. Құзырлы…

Read More

Ерлан Бөтембаев көкшетаулық футбол клубын 2018 жылдың ақпанынан бері басқарды, бұған дейін басқа спорт ұйымдарында қызмет еткен Көкшетаулық «Оқжетпес» футбол клубының директоры Ерлан Бөтембаев 47 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды sports.kz. Ерлан Бөтембаев көкшетаулық футбол клубын 2018 жылдың ақпанынан бері басқарды. Бұған дейін бірқатар басқа спорт ұйымында еңбек еткен. Ол еркін күрестен спорт шебері, жауынгерлік джиу-джитсудан қара белбеу «сенсей» бірінші дан иегері еді. «Оқжетпісті» Ерлан Бөтембаев басқарған жылдары клуб Бірінші лигадан ҚПЛ-ға оралды. Ал 2019 жылы елдің футбол чемпионаты дивизионында 7-орын алды. Бұл көкшетаулық клуб үшін тарихтағы үздік нәтиже еді.

Read More