Автор: Сайт әкімшілігі

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегі желтоқсан-қаңтар айында болатынын айтқан болатын Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов коронавирустың екінші толқыны туралы айтты. Бұл туралы  Sputnik Қазақстан хабарлайды. «Ауруға шалдығу көрсеткіші өссе, оны «бірінші,екінші толқын» деп бөлмейміз. Бірақ, шыны керек, қазір аурудың өскені байқалып отыр. Сондықтан эпидемиологиялық жағдай пессимистік сценариймен емес, нақты сценариймен өрбіп жатыр. Соған қарап, екінші толқынның даму кезеңінде тұрмыз деуге болады», — деді Қиясов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. Оның айтуынша, осы айдың аяғында эпидемиологиялық жағдай нашарлайды деген болжам бар. «Кейбір аймақтарда жағдай нашарлауы мүмкін», — деп атап көрсетті Қиясов. Айта…

Read More

Үшінші тоқсанда республика бойынша дәстүрлі форматта білім алып жүрген оқушылардың саны 42 процентке жетті Қауіпсіз эпидемиологиялық аймақтарға кіретін өңірлерде мектеп асханалары ашылады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтты.  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте тілшілер мектеп асханаларын ашуға қатысты сұрақ қойды. «Мектеп асханалары ашылады деген ақпарат шыға бастады. Ондай шешім қаншалықты қауіпсіз болады?Асханаларды қандай аймақтарда ашу жоспарланып отыр?», — деді тілшілер. Бас санитардың айтуынша, қазіргі кезде мәселе пысықталып жатыр. Бірқатар аймақта мектеп асханаларын ашуға қатысты ұсыныс бар. «Иә, бізде қауіпсіз эпидемиологиялық аймақтарға кіретін өңірлерде мектеп асханаларын ашуға қатысты ұсыныстар бар. Осыған байланысты нақты алгоритм…

Read More

Маңғыстау облысында сайлау учаскесіне дауыс беруге келген мас ер адам урнаның қақпағын сындырып тастады. Ұсақ құқықбұзушылық жайлы ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров айтты.  Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Заппаров дауыс беру күні қай өңірлерде қоғамдық тәртіп бұзылғанын айтты. «Мұндай фактінің біреуі Маңғыстау облысында тіркелді. Орташа дәрежеде мас болған азамат ұсақ бұзақылық жасады. Ол урнаның қақпағын сындырды», — деді ішкі істер министрінің орынбасары. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында да сайлау учаскесіне мас ер адам келген. Ал Алматыда блогерлердің бірі комиссия мүшелерінің жұмысына кедергі жасады. Бұған дейін Заппаров заңсыз митингілер кезінде ұсталған азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылмағанын мәлімдеген болатын.

Read More

Германияда карантин 8 немесе 10 аптаға созылуы мүмкін. Бұл туралы канцлер Ангела Меркель мәлімдеді. Пандемия басталғаннан бері елде екі миллионға жуық жағдай расталған. Күн сайынғы өлім саны да өте жоғары деңгейде. Мысалы, сейсенбі күні 890-нан астам өлім жағдайы тіркелген. Сонымен қатар, бір күн бұрын Германияда коронавирустың жаңа түрі анықталды. Бұл жолы ол Оңтүстік Африкадан келген. Португалиядағы статистика да көңіл көншітпейді. Кеше онда 155 адам ковидтен көз жұмған. Бұл бір жылда тіркелген ең жоғарғы көрсеткіш. Ел үкіметі бейсенбіден бастап кем дегенде бір айға созылатын карантин енгізуді жоспарлап отыр. Еуропалық вакцинация орталықтарына Еуроодақ мақұлдаған «Modern» компаниясы өндірген екінші препарат келе бастады. Жалпы,…

Read More

Еуропалық кеңестің Қытай халық республикасымен жасаған келісімі Еуроодақ пен АҚШ-та күмән тудырып отыр. Олардың арасындағы қатынас 2020 жылы жақсы аяқталды. Жеті жылға жуық келіссөздерден кейін екі тараптың бір-бірінің аумағындағы іскерлік белсенділікті жеңілдететін түбегейлі келісімге қол жеткізілді. Алайда АҚШ-тың болашақ әкімшілігі, президент Трамптан кейінгі құрам бұл мәмілеге қарсылығын білдірді. Рейнхард Бутикофер, Еуропарламенттің келіссөздер делегациясының басшысы Еуроодақ пен Қытай арасындағы инвестициялық мәміле трансатлантикалық ынтымақтастық тұрғысынан қарасақ, еш пайда әкелмейді. Байденнің жаңа командасы еуропалықтармен тілдесіп, кеңесуге үміттенетіндерін анық байқатты, бірақ біз оларға суық жауап бердік. Еуроодақ пен Қытай қазір өз келісімінің мәтінін түпкілікті пысықтаумен айналысуда. Оны ЕО Кеңесі мен Еуропалық Парламенттің бекітуіне ұсыну…

Read More

Өткен жылы Гвинея шығанағы қарақшылардың көптігіне байланысты әлемдегі мұхиттардың ең қауіпті аймағына айналды. Соңғы айларда бұл аймақта мұнай танкерлеріне жасалатын шабуыл да едәуір жиілеп кеткен. Сарапшылар Гвинея шығанағындағы қарақшылықты бөлек сала деп атап отыр. Олар қару-жарақ сату, мұнай тасымалы және ұрланған адамдар үшін төлем талап ету арқылы табыс табатын көрінеді. Бұл аймақта Нигер дельтасының географиясын жақсы танитын, кем дегенде 11 қарулы топ жұмыс істейді. Мұндағы теңіз қарақшылығын көтерілісшілердің федералды билікке және мұнай компанияларының қызметіне деген қарсылығымен байланыстырады. Өткен жылы қарақшылар экипаждың 150-ге жуық мүшесін ұрлап кеткен. Халықаралық кеме қатынасы бюросының бағалауы бойынша, әлемдегі барлық ұрлықтың шамамен 95%-ы Гвинея шығанағына тиесілі.…

Read More

Атырау, Caspian Life. Атырауда жыл басынан бері 40-тан аса заңсыз балық аулау фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалған. Соған сәйкес 100-ге жуық ау тәркіленген. Сондықтан инспекция мамандары брокеньерлердің ізін кесу үшін күні-түні қызмет етуде. Бірақ, істерін дұрысқа санағандардың арасында қорғаушыларға күш көрсетіп, жұмыстарына кедергі келтіретіндер де кездесіпті. Тіпті, тұрғындар Жайық бассейніндегі балық қорын қорғайтындардың қызметтік көліктеріне зиян келтіру мақсатында мұз бетіне арнайы шегелер орнатқан. Соның кесірінен бірнеше көліктің дөңгелегі жарамсыз болып қалған. Халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатқанмен, ескертпеге елең етіп жатқандар аз,- дейді инспекторлар. Ал кеш болса, Жайық бойын жағалайтын тұрғындар жауапкершіліктен қашу үшін қисынсыз қырық сылтау айтатын көрінеді. Сонымен қатар,…

Read More

Атырау, Caspian Life. Ашынған атыраулықтар бас көтерді. Жылу жүйесінің күрт қымбаттауы тұрғындардың наразылығын тудырды. Нақтырақ айтқанда, өткен қараша айында 1 бөлмелі үй иелері 3-4мың теңге төлесе, енді желтоқсанда ол 3 есеге дейін өскен. Жұртшылық мұны қолдан жасалған болуы мүмкін дейді. Бұл жағдайға Атыраудағы жаңадан салынған үйлердің, яғни Береке мен Нұрсая ықшамауданының тұрғындары қарсылық білдіруде. Ауа температурасының төмендеуіне байланысты жылуды пайдалану көбейген. Соған сәйкес оның күші де көбейеді-мыс. Бұл – ашынған жұртқа жылу электр орталығындағылардың берген жауабы. Осы арада ешқандай адами фактордың қатысы жоқ. Егер тұрғындар бұл бағамен келіспесе, жеке-жеке арыздана алады,- дейді әкімдіктегілер. Жұмабек ҚАРАЖАНОВ, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Атырау…

Read More

Алматы облысында тағы бір адам итті көлігімен сүйреп, жануарға қорлық көрсетті.  Бұл туралы Inalmaty.kz сайты хабарлайды.  Оқиғаға куә болғандар ит қатты қиналғаннан аузынан көбік аққанын айтты. Көлікке байланған иттің фотосуреттері желіде тез тарап кетті. Жүргізуші жіпті көлікке байлап, итті сүйреген. Бұл оқиға Бәйтерек ауылында болуы мүмкін деген болжамдар бар. «Ең қорқыныштысы, иттік аузынан көбік ағып жатыр. Жанына барып сұраған кезде, иттік басқа жерге апару үшін көліктің артына байлағанын айтты», — делінген хабарламада. Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылының 52 жастағы тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады. «Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, оның іс-әрекетіне құқықтық баға…

Read More

Атырау, Caspian Life. Биыл Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарна құны өсті.  Енді  жалдамалы жұмысшылардың жалақысынан екі пайыз, жұмыс берушінің жалақы қорынан да екі пайыз ұсталатын болады. Ал жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары  үшін еш өзгеріс жоқ. Олар бұрынғыша ең төменгі жалақының 5%-ы мөлшерінде  төлем жасайды. Сондай-ақ,  өзін-өзі қамтитын азаматтарға арналған бірыңғай жиынтық төлем 300 теңгеге өскен. Мұны қалалықтар бірайлық көрсеткішпен, ауылдағылар  жарты айлық көрсеткішпен төлейді. Сәбит ҚҰРАЛБЕК, «МӘМС» КЕАҚ АОФ директоры   Былайша айтқанда жалдамалы жұмысшылар үшін және бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер үшін жарна көлемдері өсті деп айтуға болады.  Qoldau 24/7, телеграм бот сияқты қосымша құрылғылар пайда болды. Осылар былтырғы…

Read More