Автор: Сайт әкімшілігі

Алдағы уақытта ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады. Бұл туралы 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Тағы бір маңызды қадам – ауыл әкімдерін сайлау. Биыл жекелеген ауылдық округтерде сайлау өтеді. Біз жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ең төменнен бастап нығайтуды көздеп отырмыз. Бұл өте маңызды мәселе. Сондықтан алдағы уақытта ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады», – деді Мемлекет басшысы. ҚР Президенті мұнынмен де шектеліп қалмауымыз керектігін, саяси жүйені орнықтырып, шешімдер қабылдау үдерісіне азаматтардың ықпал етуін күшейте түсу үшін тың серпін қажеттігін баса айтты. «Бұл бағытта реформалардың екінші бөлігін…

Read More

Енді түлектер тек мемлекеттік мекемелерде ғана емес, жекеменшік ұйымдарда да жұмыс істеп, гранттарын өтей алады. Басты шарт – дайындық бағыты (мамандығы) бойынша жұмыс істеу қажет. Осылайша түлектер жиі көтеретін мәселе оң шешімін тапқанын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды. «Заңға енгізілген жаңа норма түрлі ұйымдардағы кадр мәселесін шешуге септігін тигізеді әрі түлектердің жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады. Мысалы, студент ауылдық квота арқылы фармацевтика бағыты бойынша оқуын аяқтады делік. Кейін ол ауылға барып, өз мамандығы бойынша мемлекеттік ұйымда жұмыс істеуге міндетті болатын. Ал, ауылда мемлекеттік дәріхана жоқ болса ше? Түлектің қиын жағдайға тап болатыны анық. Сондықтан бұл…

Read More

Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру бойынша БЖЗҚ-ның жаңа қызметі іске қосылды. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.   Салымшыларға ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алуға болатын жаңа қосымша сервисті іске қосты. Ол үшін cabinet.enpf.kz/porog порталына өтіп, mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы келіп түсетін бір реттік пароль арқылы авторлану қажет. Бір реттік пароль арқылы авторлану үшін бар-жоғы бірнеше қадам жасау керек: · өзіңіздің ЖСН және ұялы телефон нөміріңізді енгізіңіз; · дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге өз келісіміңізді беріңіз; · «Кодты…

Read More

Қазақстан президенті барлық күш-жігерді тиімді мемлекет пен әділетті қоғам құруға жұмылдыру қажет деп санайды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылған парламенттің алғашқы сессиясында мемлекеттің басты міндетін белгіледі. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. «Бір  сәтке де босаңсуға болмайды. Жыл басында сайлау өткізу арқылы қиындықтармен күресіп қана қоймай, жаңғыруға жол ашып, жаңа серпінге ие болдық. Осы қарқынды сақтап, бағдарымыздан жаңылмау өте маңызды. Сондықтан Тәуелсіздіктің 30-жылдығында кешенді реформалар жүргізіледі. Барлық күш-жігерімізді тиімді мемлекет пен әділетті қоғам құруға жұмылдыруымыз қажет», — деді Тоқаев. Президент басты басымдықты да атады. Ол – халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыру. «Жұрт жасанды жетістіктерді емес, көзбен көріп, қолмен ұстайтын…

Read More

Президент мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасайды. Содан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысады  Нұр-Сұлтанда жетінші шақырылған парламенттің алғашқы сессиясы басталды. Жиынға президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр. Бұл туралы  Sputnik Қазақстан хабарлады. Президент мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасайды. Содан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысады. Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтарда парламентте үндеу жасайтынын мәлімдеді. Ол мәжіліс сайлауында дауыс бергеннен кейін реформалар әзірленіп жатқанын айтты. Еске сала кетейік, Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. Қорытындысына сәйкес, парламент төменгі палатасына үш партия өтті – Nur Otan, «Ақ жол» және Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистік партия). Сондай-ақ, мәжіліс…

Read More

Грачевскийдің досы оның коронавирус індетімен күрескенін хабарлады. «Ералаштың» көркемдік жетекшісі 71 жаста еді  «Ералаш» балалар бағдарламасының көркемдік жетекшісі Борис Грачевский 71 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды РИА Новости. Ақын Симон Осиашвили досы Борис Грачевскийдің COVID-19 індетіне шалдыққанын хабарлады. Бұған дейін Грачевский коронавирус диагнозымен Мәскеудегі №52 қалалық ауруханаға жатқызылған, оның жағдайы ауыр деп бағаланды. Кейінірек денсаулық жағдайы жақсарды. Бейсенбі күні оның досы, актер Владимир Долинский Грачевский дәрі-дәрмекпен ұйықтап жатқанын, оның жағдайы ауыр екенін хабарлады. Борис Грачевский 1949 жылы 18 наурызда дүниеге келген. Кинорежиссер, сценарист, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген қайраткері. «Крыша», «Между нот, или Тантрическая симфония» фильмдерінің режиссері ретінде танымал. Грачевский коронавирус…

Read More

АТЫРАУ, CASPIAN LIFE. Жел тұрғанда шөптің басы қимылдамақ түгіл, шырқай көкке шатырлар ұшатынына атыраулықтар үйренген. Осындайда нысандар құрылысы сапасыз екені байқалып қалып жатады. Таңертеңгілік ТЖД-не Нұрсая ықшамауданындағы 84 үйде 72 шаршы метр аумақты қамтитын шатырдың ұшуы туралы ақпарат түскен. Кейін Азаттық даңғылындағы 77 тұрғын үйдің 16 шаршы метр бөлігіндегі жабынды ұшып, жерге құлаған. Ілешала жедел-құтқару жасағы сынған конструкцияларды нығайтып, аймақты қоршап, тұрғындардың өміріне төнген қауіпті жойды. Екі жағдайда қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.  Жантөре ДЕМЕШОВ, Атырау облыстық ТЖД бөлім бастығы Жедел құтқару жасағының арқасында, Азаттық даңғылындағы қауіп сейілді. Ал Нұрсаядағы 5 қатарлы үйдің төбе жабындысы бойынша әкімдікпен жұмыстар…

Read More

Атырау, Caspian Life. Құрыққа қос-қосымен ілінетін сала. Атырау облыстық полиция департаменті туралы осылай демеске амал қалмады. Себебі, онда тағы да ұйымдасқан жемқорлық фактісі анықталды. Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы мен оның орынбасары лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған. Былтыр қыркүйекте қарамағындағы қызметкерлерінің сыйақысынан 2,5 млн теңге көлемінде қаражатты қалтасына басқаны туралы ақпарат желіде желдей есуде. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына тоғытылған. Ақпаратты растау үшін облыстық полиция департаментімен байланысқанымызда бұл іс тікелей ІІМ-не қарайтынын айтты. Ал өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне хабарласқанымызда ресми мәлімдемеге рұқсаттың жоқтығын айтты. Еске салайық, былтыр осындай іс-әрекетпен облыстық полиция департаментінің патрульдік-полиция ротасының командирі мен оның орынбасары…

Read More

Атырау, Caspian Life. Ақтауда  «ҚазАзот» зауыты жауапкершілікке тартылды. Өндіріс  орны қоршаған ортаға зиян келтіргені  үшін экология департаменті  оған  250 мың  теңге  айыппұл салған. Көпшілік алпауыт зауыттың ауаны нитрозды газбен ластауына экологтар неге осыншама аз сома қарастырған деп күдікпен қарайды. Ал мамандардың айтуынша, олар әкімшілік кодекске сай жауапқа тартылыпты. Осыған дейін экологтар «ҚазАзотқа» жоспардан тыс тексеру жүргізген. Оған әлеуметтік желілерге «Түлкі құйрығы» деп аталып кеткен видеоның тарауы себеп болды. Зауыттан шыққан сары түсті түтін елді елеңдетіп қойған еді. Нәтижесінде, экологиялық талаптарды бұзғаны үшін  «ҚазАзот» мекемесіне әкімшілік кодекске сай, айыппұл салынды. Заң аясында өндірілген қаражат мемлекеттік бюджетке түсті дейді ведмоство басшысы.

Read More

Комиссия төрағасы әрбір депутаттың куәлігі мен белгісін өзі тапсырды. Берік Имашев қолғаппен болды, ешкіммен қол алысқан жоқ Орталық сайлау комиссияның төрағасы Берік Имашев жаңадан сайланған депутаттардың куәліктерін тапсырды. Мәжілісменнің омырауға тағатын белгісін Дариға Назарбаева да алды. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлайды. Бүгінгі шараға біраз адам жиналды. Жаңадан сайланған депутаттар мен комиссия мүшелерінен бөлек бұқаралық ақпарат өкілдері де болды. Осыған байланысты қатаң сақтық шаралары қолға алынды. Сенаттың экс-төрағасы Дариға Назарбаева да барлық санитарлық талапты сақтады. Ал қара түсті бетпердесінде «Spread Love Not Virus» (Вирус емес — махаббат таратыңыз») деген жазу бар. Комиссия төрағасы әрбір депутаттың куәлігі мен белгісін өзі тапсырды. Берік Имашев…

Read More