Қазақстанда жаңа Экологиялық кодекстің қабылдануына байланысты ауаға тиісті нормадан артық ластаушы заттар шығаратын автокөліктерге салынатын айыппұл мөлшері артады. Бұл туралы KAZUS.KZ хабарлайды. Бұл Кодекстің «ластаушы төлейді» принципіне сәйкес келеді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (334 бап) енгізілген өзгерістерге сәйкес, шығарындылардағы ластаушы заттардың мөлшері белгiленген нормативтерден асса, жеке көлік иесі 10 айлық, заңды тұлғалар 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Ал бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса – жеке тұлғаларға 20, заңды тұлғаларға 200 АЕК айыппұл салынады. Жаңа норма шілде айында күшіне енеді. Ал әзірге қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке тұлғаларға ескерту жасалады немесе 2, қайталанған жағдайда 5 АЕК қана айыппұл…
Автор: Сайт әкімшілігі
Журналист, блогер, қоғамдық белсенді Дәулет Мұқаев өзінің инстаграм парақшасына 16 жыл бұрын қайтыс болған ағасының «Нұр Отанға» дауыс бергендер тізімінде жүргені жайлы хатты жариялады. «Дүниеден өткеніне 16 жыл болған көкеміз бүгін нұр отанға дауыс берген списокада тұр, масқара. Түркістан облысы, Шорнақ елді мекенінде болған жағдай» делінген хатта.
Ақтауда ер адам жерде жатқан азаматты аямай соққыға жықты. Әлеуметтік желіде ер адамның екінші бір адамны ұрып жатқан сәтінде түсірілген видео тарады. Видеодан ер адамның жұдырықпен бірнеше рет ұрғанын көруге болады. Сондай-ақ, ол ұрып жатып «Мен адаймын!» деп айқайлайды. Оқиғаға Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. «Қоғамдық орында төбелес ашқаны үшін шара қолданылады. Ер адамдар жауапкершілікке тартылады», — деді ведомстводағылар.
Конгодан шыққан неміс шабуылшысы, екінші Бундеслигадағы «Парерборн» клубының ойыншысы Стрели Мамба қазақстандық «Қайрат» клубына өтуі мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. Басылымның мәліметінше, «Падерборн» ойыншысы үшін түрлі бонус қосып, миллион еуроға жуық талап етуді көздеп отыр. Себебі ол неміс командасымен 2022 жылға дейін шарт жасасқан. Transfermarkt сайты 26 жастағы ойыншының нарықтағы бағасын 1,2 миллион еуроға бағалады. Мамба шабуыл ортасында да, қапталда да жақсы ойнайды. Стрели Мамба отанында жастар командасында — «Штутгартта» ойнады. Сондай-ақ «Энерги» және басқа клубтардың құрамында болды. Күзде бірінші Бундеслигадағы «Кельн» оны 1,5 миллион еуроға сатып алуға дайын болған. Бірақ трансфер жасалмай қалды.
3 қаңтарда Youtube желісінде «жаңа» несие рақымшылығы туралы видео тарады. Онда 5 миллион қазақстандықтың кепілсіз тұтынушылық қарыздары, төлемдердің мерзімін кешіктіргені үшін өсімпұлдар мен айыппұлдар шығынға жазылатыны айтылған. Роликте 2019 жылы Қазақстанда өткен несиелік рақымшылық туралы кейбір деректер пайдаланылғаны деп жазады. Бұл туралы alashainashy.kz хабарлайды. Stopfake.kz мәліметінше, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ресми түрде роликтегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаған. «Видеоның 2021 жылғы қаңтарда жарияланғанына қарамастан, онда ұсынылған ақпарат Қазақстанда 2019 жылы өткізілген рақымшылық туралы. Сонымен қатар, Қазақстан президенті бұл акцияның бір реттік екенін және кейіннен өткізілмейтінін атап өтті. Осылайша, бейнероликтегі Қазақстанда жоспарланған кредиттік рақымшылық туралы деректер шындыққа жанаспайды», &ndash делінген хабарламада.…
Атырау қаласының тұрғыны Зинел Каиров учаскелік полиция қызметкері болып жұмыс істеу үшін әкім қызметінен бас тартқан. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Зинел Каиров университетті «тарих мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп, Мақат ауданындағы мектепте жұмыс істеген. Содан кейін ол осы ауданның Байгетөбе ауылдық округінің әкімі болып тағайындалған. Бірақ екі жыл бұрын ол өзінің бала кездегі арманы — полиция қызметкері болу үшін қызметінен кетуге шешім қабылдады. Ал қазір ол аға лейтенант. Экс-әкім ішкі істер органдарына қызметке орналасып, Атырау ауылдық округінің Жаңаталап ауылының учаскелік полиция инспекторы болды. «Қызметтік міндеттерін орындау кезінде түрлі жағдайларға тап боламыз. Ұрлық, төбелес, ішімдік ішу және басқа да көптеген қылмыс пен…
Үсті-үстіне несие алу, қарызға белшесінен бату, ақшаны дұрыс жұмсамау — үлкен проблема. Қаржы істері жөніндегі заңгер Гүлмира Қарасайдың айтуынша, мұндай жағдайға жол бермеу үшін адамды бала кезден қаржылай сауатты болуға үйрету керек. Маман INSTA Live эфирінде Tengrinews.kz тілшісіне қаржы сауатының маңызын, сауатты арттыру үшін жасалатын алғашқы қадамдар мен тәсілдерін, ақша үнемдеу туралы және өзінің сүйікті кітаптарын айтып берді. Гүлмира Қарасай қазіргі таңда үш қазақтың екеуінде 2-3 миллион аралығында несиесі бар деген статистика келтірді. Кредиттің не екенін білмей алатындар да кездеседі екен. «Осыны саралай келе адамдарың қаржы сауаты дүкеннен тауар сатып алып, оған төлеген ақшасының қайтарымын алумен шектеліп отыр. Оны мойындау керек, себебі…
Ақтөбе облысы Бестамақ ауылының тұрғындары шошқа фермасының маңына тағы жиналды. Олар кәсіпорын айғақтарды жасыруға тырысып отыр деп санайды. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлайды. Шаруашылық кешенінде жаппай тексеру жүргізуге қол жеткізген ауыл тұрғындарының тергеуге көңілі толмай отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 13 желтоқсанда жергілікті тұрғындар кәсіпорынға келіп, наразылық білдірді.»Бізге ферманы тексеру үшін Алматы және Ақтаудан экологтар келетінін айтты. Оларды күттік. Ал ферма қызметкерлері айғақтарды жасыруға тырысып отыр екен. Табылған қалдықтың бәрін тиегішпен көміп жатыр. Сол себепті осы жерге жиналдық», — деп түсіндірді ауыл тұрғыны Самат Сағынбаев. Ал «дәлелдерді жойып жатқан» видео бұған дейін әлеуметтік желіде жарияланды. Шенеуніктер видеоны зерттеп, кәсіпкер заңбұзушылықтарды жоймай, жұмыс…
«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы баспасөз хатшылығының сайт редакциясына ұсынған хабарламасына сәйкес, VII шақырылған Атырау облыстық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары бойынша Атырау облысы сайлаушыларының 78,71%-і «Nur Otan» партиясына дауыс берген екен. «Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Nur Otan» партиясы қайта жаңғыру, жаңару процесін өткерді. Соның алғашқы қадамы ретінде 2020 жылы «Nur Otan» партиясы партияішілік іріктеу – праймеризін өткізді. Праймериз қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясынан Атырау облыстық мәслихат депутаттығына үміткер 47 адамның партиялық тізімі жасақталды. Партиялық тізімде 30 пайыз әйелдер және 35 жасқа дейінгі 20 пайыз жастардың үлесі сақталған», делінген хабарламада. «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Атырау облыстық…
Қызылорда облысында Құмкөл-Қызылорда тасжолында болған апат салдарынан бес адам қайтыс болды, тағы бесеуі ауруханада жатыр. Бұл туралы Sputnik.kz хабарлайды. «Сәрсенбі күні Құмкөл-Қызылорда тасжолының 69 шақырымында Toyota Hilux және Mercedes-Benz Sprinter көліктері соқтығысты», — деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігі. Апат салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен бір жолаушы көз жұмды. Кейін ауруханада тағы екі адам жан тапсырды. Жол апатынан соң тағы бес адам ауруханада жатыр. «Оқиға орнында полиция және төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Апатқа жол ережесінің бұзылуы себеп болуы мүмкін», — делінген хабарламада. Полиция қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес («жол жүру ережесін бұзу») сотқа дейінгі тексеріс бастады. Бұл бап бойынша…
