Атырау, Capian Life. Береке ықшамауданындағы №33 үйдің тұрғындары пәтер ішіне жайылған кәріз суының кесірінен әуреге түсті. Жаңа баспанаға 5 ай бұрын көшіп келген жалғысбасты ана Айдана Бағытжанова «Бақытты отбасы» бағдарламасының бақытын көрем деп біраз шығынға батқан. Айдана БАҒЫТЖАНОВА, тұрғын Кәдімгі зәр шығып жатқан су кетіп жатыр. Үйімнің ішін иіс алып кетті. Үйге су кеткенгі соншалық, үйден аққан су подьезге кетіп жатыр. Қазір тоқтады, иістің кете қоюы қиын болып тұр. Соның әсерінен, үйдегі заттарға да кесірі тиді. Маған бәрін түзеп беру керек. Толықтай барлық дәлелім бар. Тұрғындардың сөзінше, бұл алғашқы жағдай емес. Екі күн бұрын болған оқиға бүгінде қайталанып отыр.…
Автор: Сайт әкімшілігі
«Бүгін облыстық медициналық жедел-жәрдем стансасы тағы 20 медициналық көлікпен толықты. Осылайша, өңірдің медициналық жедел жәрдем стансасындағы көліктер 100 пайызға жаңартылды», деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Облыстық жедел-жәрдем стансасының директоры Бауыржан Төлегеннің айтуынша, жаңа көліктер «ҚДБ – лизинг» есебінен алынған. — Жеткізілген автокөліктердің үшеуі аудандарға жіберілетін болса, қалған 17-сі қалалық жедел-жәрдем стансасына беріледі. Бүгінде облыс көлемінде тәулігіне 700-750 шақырту келіп түсуде. Пандемия өршіген тұста қоңыраулар саны 1700-ге дейін жеткен болатын, — дейді Бауыржан Төлеген. Қазір стансада жаңадан келген 66 жедел жәрдем медициналық көлігі бар. Оның 20-сы бүгін беріліп, 46-сы өткен жылы келді. Атап айтқанда, 2020 жылдың қазан…
Суретте көзіңізге бірден түскен ағашты таңдап, өзгелерге қандай адам болып көрінетініңізді біліңіз. Сырт көз сыншы. Ішкі жан дүниеміз өзімізге ғана мәлім болса да, өзгелер бізді басқа қырымыздан тануы мүмкін. Басқа адамдардың біз туралы не ойлайтынын білгіміз келеді. Айналамыздағы адамдар арасында өзіміз жайлы жағымды пікір қалыптастырғанды ұнатамыз. Ал сіз өзгелер үшін қандай адам болып көрінесіз? Білгіңіз келе ме? Ендеше психологиялық суретке үңіліп, көзіңізге бірден түскен ағашты таңдаңыз. Өзіңізге ұнаған ағашты таңдасаңыз, сипаттамасын төменнен оқыңыз. №1 Ағаш Сізді өзгелер жұмсақ, биязы мінезді адам ретінде таниды. Жүрегіңіздің нәзіктігі, жаныңыздың мейірімділігі айналаңыздағы адамдарға ұнайды. Өзгелерге нағыз қорған бола алатын, қиын сәтте жақындарының жанынан табылатын…
Алматы қалалық Jas Otan ЖҚ-ның жетекшісі, қоғам белсендісі Мәди Ахметов 25 жасында Мәжіліс депутаттығына үміткерлер қатарына енді. Егер ол депутаттыққа тағайындалса, еліміздің тарихындағы ең жас депутат атанады. Мәди Ахметов туралы тағы не белгілі? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Бүгін Nur Otan партиясы мәжіліс депутаты болатындардың есімдерін жариялады. Партиядан 76 кандидат парламентке енетіні белгілі болды. Оның ішінде 25 жастағы Алматы қалалық Jas Otan ЖҚ-ның жетекшісі Мәди Ахметов те бар. Ол Қазақстан тарихындағы ең жас депутат атанды. Қоғам белсендісінің бұл жетістігі желіде қызу талқыланып, түрлі пікір туғызуда. Сондай-ақ ол небәрі 23 жасында деканның орынбасары қызметіне тағайындалған еді. Ал 2020 жылы өткен праймеризге қатысып, партияішілік сайлау нәтижесінде ең көп…
Жаңаөзендік кәсіпкер тендер тәлкегіне душар болды. «Өзенмұнайгаз» компаниясына сервистік қызмет көрсету тендерін үш жылға жеңіп алған ол алғашқы жылын тәмәмдаған еді. Бірақ жаңа жылдан бастап қалған екі жыл мерзімдік қызметті уақытынан бұрын қысқарту туралы хат алған. Келісім шарттың тоқтатылғанын өндірістік база жұмысшылары жаңа жыл тақағанда біледі. Тендерді жеңіп, үш жыл тұрақты жұмыс істейміз деп алаңсыз жүрген оларға бұл мүлдем күтпеген жағдай болғанын айтады. Ерболат СҮЛЕЙМЕНОВ , мердігер мекеме директоры Осыдан бір ай бұрын тендерде құжаттардағы қателікті анықтаған біздің заңгерлер «Самұрық-Қазынаға» арыз жазған. Содан «Өзенмұнайгазға» нұсқау келген. Содан кейін қудалау басталып отыр. Біздер, жеке кәсіпкерлер мұндайда кімге жүгінеді? Кім қорғайды? Соны…
Нұр-Сұлтанда Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтындағы науқастың өліміне қатысты іс тергеліп жатыр. Артриттен жоспар бойынша емделу үшін Петропавл қаласының тұрғыны Нұр-Сұлтандағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына ат арылтып келеді. Оған екпе жасалған, содан кейін қыз анафилактикалық шокқа ұшырады. Раушан Сауытова комаға түсіп, сол күйі есін жимастан қайтыс болды. Марқұмның туыстары дәрігерлер қателесіп оған басқа дәрі салып, өлтіріп алғанына сенімді. Марқұм Раушанның анасы медицина саласында 43 жыл жұмыс істеген білікті адам, ол бұл арада медициналық қателік кеткеніне сенімді. Қызды аллергияға тексерген жоқ немесе шатастырып, мүлде басқа дәрі салған деп ойлайды қыз анасы. Не медбике бірнәрсені шатастырды немесе дәрігер балама мүлде басқа…
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әлеуметтік сала қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 50% артты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім еткендей, әлеуметтік сала мамандарының еңбекақысы бұдан әрі де өсі бермек. Мәселен, 2022 жылы — 25%, 2023 жылы тағы 25% артады. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен алдағы үш жылға 95 млрд теңге бөлінді. ҚР Үкіметінің биылғы 12 қаңтарда өткен отырысында «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы қабылданды. Оған сәйкес, — стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде…
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов колледж студенттері жасаған тауарларды заңды түрде сатуға болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. «Енді, колледждер ақылы негізде қызмет көрсетіп, оқу-өндірістік шеберханаларда, шаруашылықтарда, оқу полигондарында дайындаған тауарларын сата алады», – деп жазды Аймағамбетов Facebook парақшасында. Министрдің айтуынша, бүгінде «дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша оқитын колледж студенттері практика кезінде темірден сапалы конструкциялар жасайды. Ал жас кондитерлер керемет өнімдер пісіреді, қолөнер бағытындағы мамандар киізден, керамикадан, ағаштан және былғарыдан сан алуан авторлық бұйымдар дайындайды. Бірақ оның бәрін сата алмай келген. «Бұдан былай олар өз қолымен дайындаған өнімдерін (жұмыстарын, қызметтерін) сата алады және түскен табыс есебінен шеберханалар үшін қосымша шығын материалдарын…
Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерсінің құны алдыңғы сауда-саттыққа қарағанда 0,42%-ға өсіп, барреліне 57,07 долларға жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Бұған аталмыш биржаның деректері дәлел. Brent маркалы мұнай 2020 жылдың 24 ақпанынан бастап алғаш рет барреліне 57 доллардан асты. WTI маркалы мұнай 0,83% -ға қымбаттап, барреліне 53,68 долларға жетті. Ал Brent маркалы мұнай барреліне 57,08 доллар (+0,88%) деңгейінде саудалануда. WTI мұнайы барреліне 53,66 доллар (+0,79%) деңгейінде сатылуда.
Американың Сан-Диего қаласындағы хайуанаттар бағында алғаш рет гориллалардың коронавирус жұқтыру жағдайлары тіркелді. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады. — Сан-Диегодағы хайуанаттар бағында Сафари паркіндегі гориллалардан SARS-CoV-2 вирусы анықталды. 6 қаңтарда екі горилла жөтеле бастаған. 11 қаңтарда ветеринарлық қызметкерлер оң нәтижені растады, — делінген хабарламада. Болжам бойынша жануарлар коронавирусты парк қызметкерінен жұқтыруы мүмкін.
