Автор: Сайт әкімшілігі

Маңғыстауда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар бағыттағы жол жабылды. Бұл туралы МаңғыстауМедиа хабарлады. Маңғыстау облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері республикалық маңызы бар Ақтау–Құрық, Ақтау–Жетібай, Жетібай–Жаңаөзен, Жетібай–Шетпе, Форт-Шевченкоға дейінгі 43 шақырым жолды жабады. Жанарбек БАҚТЫБАЕВ, полиция генерал-майоры Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін сақтаңыздар. Ауа райының қиын жағдайларында өте мұқият және сақ болыңыздар. Жылдамдық режимін, қашықтықты сақтауға, жол белгілерінің талаптарын орындауға және күрт маневрлерді болдырмауға, қысқы кезеңде тозған және жазғы резеңкеде жүруге жол бермеуге ерекше назар аудару қажет.

Read More

Испания археологтары Сарагоса провинциясындағы Таус қаласында орналасқан 8 ғасырдағы үлкен Ислам қорымынан 400-ге жуық қабір тапқан. Сарапшылардың пікірінше, бұл зиратта шамамен 5 000-ға жуық адам жерленген болуы мүмкін. Бұл ғалымдардың халифаттар дәуіріндегі мұсылман қауымдастығының тарихы туралы түсініктерін өзгертеді, дейді олар. Археологиялық қазба жұмыстары 2010 жылы басталды. Табылған қалдықтар ДНК талдауы мен зерттеулер жүргізу үшін зертханаға жіберіледі. Сарагоса првинциясын қамтитын Арагон автономды қоғамдастығының билігі бұл жерге инфрақұрылым жүргізетіндіктен аумақты қабірлерден тазарту туралы шешім қабылдаған. Қазіргі таңда оларды қайта жерлеу мәселесі қарастырылып жатыр.

Read More

Облыстық перинаталдық орталықтың экс-басшысын айыптаушы тарап дәл қазір соттан 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Атырауда тоңазытқышта жан тапсырған шақалақтың өліміне күдікті Қуаныш Нысанбаев пен оның төрт қызметкері турасындағы іс бойынша жарыссөз басталды. Прокурорлар сәби өліміне қатысы барларды 20 және 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Нұржан ЖӘҢГЕРЕЕВ, прокурор Жазаларды ішінара қосу арқылы Қуаныш Нысанбаевты 20 жыл бас бостандығынан айыруыңызды сұраймын. Қайыржан Асқар мен Жәмила Құлбатыроваға қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлімі бойынша 7, 14 қылмыстар бойынша кіналі деп танып, олардың әрқайсысын 17 жыл бас бостандығынан айыруды сұраймын. Айыптаушы тарап қылмысты хабарламағаны үшін неонатолог-дәрігерге үш жыл беруін, сондай-ақ, жәбірленушінің моральдық шығынын…

Read More

Өңірде соңғы тәулікте 25 адам Covid-19 жұқтырған. Оның 8-і қаладан анықталса, 16-сы Теңіз кен орнынан және 1 адам Индер ауданынан тіркелді. Дертке шалдыққандардың бесеуінде ауру белгілері бар. Бұған дейін эпидемиологтар бір тәуліктегі көрсеткіш отыздан асса, облыс «жасыл» аймақтан шығуы мүмкін деген еді. Денсаулық сақтау басқармасындағылардың хабарлауынша, қазір 120 адам үй жағдайында ем қабылдауда. Ал облыстық инфекциялық стационарда 34 науқас, аудандағы инфекциялық стационарда 7 және Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 86 адам емделіп жатыр.

Read More

22 жыл бұрын салынған Атырау бекіре өсіру зауыты күрделі жөндеуге сұранып тұр. Қазақстанда аты дүркіреген өндірістің ширек ғасырға жуық уақыттан бері техникалық базасы әлі бірде-бір рет жаңартылмаған. Жайыққа жылына 3,5 миллион шабақ жіберетін кешеннің қазіргі күйі мәз емес. Рашиден ҚАЛИДУЛЛИН, Атырау бекіре балық өсіру зауытының директоры Бұл зауыт кезінде асығыстау салынған. Жалпы, Атыраудағы екі зауыт жылына жеті миллион шабақ жіберіп отыр. Екі зауытқа да жөндеу жүргізу керек. Қазақстан үшін жеті миллион аз деп есептейміз. 13,15 миллионға жеткізуіміз керек жылына. Cу айдайтын қондырғымыз бар, трансформатор – бәрін қайтадан жөндеу керек. Бүгінге дейін су айдынына жүз миллионнан астам шабақ жіберілген. Зауытта 200-ден астам…

Read More

Италиялық монополияға қарсы реттеуші мекеме америкалық «Apple» компаниясына 10 миллион еуро айыппұл салды. Бәсекелестік және нарықты қорғау басқармасы «Айфон» смартфондарының суға төзімділігі туралы шындыққа жанаспайтын хабарлама таратқандарын айтты. Яғни, «Apple» гаджеттердің күнделікті пайдалануда емес, белгілі бір жағдайда, атап айтқанда арнайы және бақыланатын зертханалық зерттеулер кезінде ғана су өткізбейтінін түсіндірмеген. Сондай-ақ,  «Айфон» телефондары сұйықтықтың әсерінен зақымдалған кезде компания кепілдік беруден бас тартқан.

Read More

Пандемия кезінде халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы өз-өзіне қызмет көрсету секторлары жабылған еді. Алайда бұл шара коммерциялық ұйымдардың пайда болуына әкеп соқтырды. Тұрғындар әдетте тегін алатын мемлекеттік қызметтер, мәселен, электрондық цифрлық қолтаңбаға қол жеткізу немесе e-gov базасына тіркелу белгілі бір төлем арқылы жүзеге асты. Одан бөлек, санитария талаптары дұрыс сақталмағандықтан вирус жұқтыру қаупі де артты. Сондықтан өз-өзіне қызмет көрсету бұрышының жұмысы қайта жандандырылмақ. Рауан РЫСҚАЛИЕВ, Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау басқармасының басшысы Министрдің тапсырмасына сай, барлық облыста өз-өзіне қызмет көрсету секторлары ашылды. Коммерциялық негіздегі қызметтер бірен-саран болғанмен, қазір олар жоқтың қасы. Арақашықтықты сақтап, қызмет көрсетіп жатырмыз. Барлық санитарлық талаптар сақталған. Қазір…

Read More

Жылыойда ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы – елдің тірегі» атты концерттік бағдарлама өтті. Ұлт көшбасшысына айналған кемеңгер тұлғаның елі үшін сіңірген еңбегі осы мерекелік кеште айқын көрініс тапты.  Шараға аудан әкімі арнайы қатысып, жылыойлықтарға жүрекжарды құттықтау тілегін жеткізді. Мерекелік іс-шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ардагер-ұстаздар, аурухана қызметкерлері және мемлекеттік қызмет саласының озық мамандары аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Үміт КЕНЖИНА, марапат иегері Еліміздің отыз елдің қатарына енуіне әр қазақстандық өз үлесін қосуда. Бүгінгі салтанатты жиында көп марапат болды. Жастардың Қазақстанға сіңірген еңбегі деп білеміз. Алғысымызды білдеріміз. Әрдайым Қазақстан гүлдене берсін, өрлей берсін. Еліміз тыныш, отбастарымыз аман, жақсылықпенен…

Read More

Армяндар тастап кеткен Таулы Қарабаққа жақын орналасқан Лачин ауданына Әзербайжан әскерлері оралды. Бұл – атысты тоқтату туралы үшжақты келісім аясында Әлиев басқаратын мемлекеттің бақылауына өткен соңғы аймақ. Әскерилермен бірге үш он жыл бұрын осы аумақтан кетуге мәжбүр болған қарапайым халық та оралды. Армения халқының көпшілігі Лачин ауданынан кеткенде үйлерін өртеп кеткен. Басқа жерге көшпей осы жерде қаламыз деп шешім қабылдаған армяндықтар да жоқ емес. Олар осы ауданда да тыныш өмір сүре аламыз деп үміттенеді. Ал бұл жағдайларды ресейлік бітімгерлер өз бақылауында ұстап отыр. Әсіресе, Лачин ауданы ерекше назарда. Себебі, Таулы Қарабақты Армениямен байланыстыратын жол дәл осы аудан арқылы өтеді. Келісімге сәйкес,…

Read More

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті өз қармағындағы нысанның 1 подъезін республиканың әр өңірінен ат терлетіп келген жас мамандарға арнап, күрделі жөндеуден өткізген. Қонақүй нақышында қайта жасақталған 24 орынның 8-і отбасылы жандарға арналған. Қазірдің өзінде мұнда сырттан келген 10 шақты ғалым мен оқытушы бар.  Солардың бірі – Дархан Құралханов. Дархан ҚҰРАЛХАНОВ, С.Өтебаев атындағы АтМГУ басқарма аппаратының жетекшісі Жергілікті университетте білім беру мемлекет үшін құнды іс қылумен пара-пар. Мұнда кадрға деген сұраныс та, жасалуы қажет жұмыс та жетерлік. Менің бұл облысқа, елге деген көмегім өзімнің шетелде, өзге қалаларда жүріп жинақтаған біліміммен бөлісу деп санаймын. Жоғарғы оқу орнының мәртебесін арттырып,…

Read More