Автор: Сайт әкімшілігі

Серік Шәпкенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Бұл туралы  Ақордаға хабарлады. «Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі», — делінген Ақорданың хабарламасында. Ол осы ведомствоның вице-министр қызметіне былтыр маусымда тағайындалған болатын. Серік Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-математик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді. 2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2015-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік…

Read More

Атырау облыстық перинаталдық орталығының бұрынғы басшысы Қуаныш Нысанбаев жаңа туған нәрестені өлтірді деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Еске салайық, 2019 жылдың қыркүйегінде Атырауда жаңа туған нәрестені мұздатқышқа тірідей салуға бұйырды деген күдікке ілінген бас дәрігер мен оның қарамағындағы 4 қызметкер, яғни акушер-гинеколог Асқар Қайыржан және акушер-медбике Жамиля Құлбатырова кәмелетке толмаған баланы қастандықпен өлтірді деп айыпталса, неонатолог дәрігерлер Руслан Нұрмұханбетов пен Дариға Жұмабаеваға қылмыс туралы хабарламағаны үшін жаза тағайындалды. Тергеу барысында жаңа туған нәрестенің денесінен өмір сүру белгілері байқалса да, дәрігерлер оны өлі туған деп есепке алған. Сәйкесінше, ақхалаттылар тиісті құжаттарды қайта рәсімдемеген. Сот үкіміне сәйкес, акушер-гинеколог Асқар Қайыржан…

Read More

Атырау, Caspian Life. Атырауда жұмысшылар бас көтерді. Оған себеп, «Gruppo RF Kazakhstan» мекемесі 90-ға жуық азаматқа 25 миллион теңге шамасында бережақ. Наразы топтың сөзінше, шетелдік компания қараша айынан бастап 10-желтоқсанға дейінгі жалақыны беруден жалтарып жүр. Оған қоса, мекеме басшылығы азаматтарға еш себепсіз жұмыстан қысқартылғанын жеткізген. Серіктестік тек жекелеген жандарға ғана емес, кәсіпкерлерге де шамамен 17 миллион теңге қарыз. Барлық зардап шеккен жұрттың алдына  басшылықтың өзі шығып, жағдайды түсіндіріп бақты. Италиялық компанияның Атыраудағы өкілдері Стефано Антими мен Светлана Мұратованың айтуынша, өздері де еңбекақыны күн санап күтіп жүр. Светлана МҰРАТОВА, «Gruppo RF Kazakhstan» компаниясы менеждерінің орынбасары Олар жалақымен қамтамасыз ету керек болған.…

Read More

Алматыда аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитовтің соты өтіп жатыр. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды. «Алмалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қ.Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр», — делінген сот хабарламасында. Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігі — «Билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру» санкциясы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Еске салайық, өткен жылдың қыркүйек айында спортшы тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға шақырған болатын.

Read More

ҚазАқпарат – Қазақстанда наурыздан бастап теміржол билеттері қымбаттайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми сайты хабарлайды. «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билеттерінің құны 7% — ға артады», — делінген хабарламада. «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсартуға, оның ішінде жылжымалы құрам паркін жаңартуға және қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізуге бағытталған шараларды жүргізіп жатқанын еске салды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдан 2020 жылға дейін 159 вагон сатып алғанын хабарлаймыз. Аталмыш вагондар келесі…

Read More

Атырау, Caspian Life. Маңғыстаулық кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалардың тигізген шарапаты мол. Бір ғана «Бастау» бағдарламасымен жұмыссыздарды кәсіпке оқыту бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасы республика бойынша алдыңғы қатарға шықты. 990 жұмыссыз тұрғын білім алып, 632 жоба іске асқан. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы іске асқалы облыста жеңілдікпен несие алған 107 жобаға барлығы 87 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде, 750 жұмыс орны ашылды. Оның дені туризм, тамақ өнеркәсібі, денсаулық сақтау және тағы басқада  салалар бойынша. Жобаның ең көбі Ақтау қаласы мен Мұнайлы және Түпқараған аудандарында жүзеге асуда. Әлия АКИНОВА, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы «Бизнес-мектеп» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне 469 адам оқытылды. Сондай-ақ, «Бизнестің жол…

Read More

Атырау, Caspian Life. Облыстық мәслихаттың алғашқы сессиясы сайланған депутаттарға мандат тапсырумен ашылды. Жалпы, облыстық мәслихат депутаттарының саны 27-ден 31-ге артқан. Биыл он азамат мәслихаттағы орнын сақтап қалып, олардың қатары жиырма бір әріптеспен толықты. 25-і «Нұр Отан» партиясының мүшесі болса, 3 депутат «Ауыл» партиясынан, қалған үшеуі – ақжолдық. Жиында алтыншы шақырылымдағы Атырау облыстық мәслихатының  депутаттары марапатталып, кейін залда тек жетінші шақырылымдағы жаңа құраммен күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.  Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысының әкімі    Құрметті, депутаттар! Cіздерді болашақта бағамдай білетін, ел үшін қадамдарға баратын, жауапкерші лікті терең түсінетін біртұтас команда ретінде қабылдаймын. Алдарыңызда сайлауалды бағдарламаны орындау мен жаңа реформаларды жүзеге асыру міндеттері…

Read More

Атырау облысы бойынша  Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты пробация қызметінің иснпекторына қызыл балықты пара ретінде бермек болған азамат түрмеге қамалды. Бұл жөнінде Департаменттің баспасөз-қызметі хабарлады. — Алаяқтығы үшін сотталған пробация қызметінің есебінде тұратын ер адам түнгі уақытта тексеру кезінде үйінде болмаған. Бұл құқық бұзушылық оның жеке ісіне тіркелетін болғандықтан, сотталған азамат пробация инспекторына қызыл балық бермекші болған.  Бұл жөнінде инспектор тиісті органдарға хабарласып, нәтижесінде күдікті адам ұсталып, оған қатысты ҚР ҚК  367-бабының 1-бөлігімен (Пара беру) қылмыстық іс қозғалған болатын.  Атырау қалалық №2 сотының қаулысымен, күдікті азамат жазасының қалған бөлігін қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады,-деп хабарлайды Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз-қызметі. Айта…

Read More

Бүгіннен бастап 8 аймақта тозығы жеткен ауылшаруашылық техникасын қайта өңдеуге қабылдау бағдарламасы басталды.  Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. Ресми мәліметке сәйкес, 18 қаңтарда Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Талдықорған мен Шымкенттің қабылдау бекеттері ашылса, 1 ақпанда Павлодар, Алматы мен Таразда ескі агротехниканы қабылдау басталады. Биылғы осы санаттағы 2 380 техниканы қабылдау жоспарланып отыр. Соның ішінде 1 900 трактор мен 480 комбайн бар. Ал жеңілдік сертификатының құны тапсырылатын техниканың түрі мен жиынтығына байланысты. Мәселен, толық жиынтықтағы комбайнға 2 миллион теңгенің сертификаты беріледі. Ал толық емес жиынтық үшін 1,5 миллион теңге қарастырылған. Сол сияқты толық жиынтықтағы тракторға – 1 миллион теңге, ал…

Read More

Халықаралық ғарыш станциясы Қазақстан аумағының ғарыштан түсірілген суреттерін жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «Қазақстанның үстінен 264 миль қашықтықтан астам биіктікте айналатын Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген көрініс», — делінген фотосуреттің сипаттамасында. Айта кетейік, Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) — көп мақсатты ғарыштық зерттеу кешені ретінде пайдаланылатын басқарылатын орбиталық станция; 1998 жылдың аяғынан бастап қазіргі уақытқа дейін қолданылуда. ХҒС-14 ел Ресей, АҚШ, Жапония, Канада және Еуропалық ғарыш агенттігіне кіретін Бельгия, Германия, Дания, Испания, Италия, Нидерланды, Норвегия, Франция, Швейцария, Швеция қатысатын бірлескен халықаралық жоба.

Read More