Облыстық мәслихаттың алғашқы сессиясы өтті — CaspianLife ақпараттық порталы
Четверг, 28 сентября, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Облыстық мәслихаттың алғашқы сессиясы өтті

18.01.2021
Жаңалықтар
0
Облыстық мәслихаттың алғашқы сессиясы өтті

Атырау, Caspian Life. Облыстық мәслихаттың алғашқы сессиясы сайланған депутаттарға мандат тапсырумен ашылды. Жалпы, облыстық мәслихат депутаттарының саны 27-ден 31-ге артқан. Биыл он азамат мәслихаттағы орнын сақтап қалып, олардың қатары жиырма бір әріптеспен толықты.

Оқи отырыңыз...

Қарақияда полицей тұрғыннан 200 мың теңге алған

Қарақияда полицей тұрғыннан 200 мың теңге алған

27.09.2023
Атырауда әуежайдан 28 ителгі сұңқарды заңсыз алып өтпек болған

Атырауда әуежайдан 28 ителгі сұңқарды заңсыз алып өтпек болған

27.09.2023

25-і «Нұр Отан» партиясының мүшесі болса, 3 депутат «Ауыл» партиясынан, қалған үшеуі – ақжолдық. Жиында алтыншы шақырылымдағы Атырау облыстық мәслихатының  депутаттары марапатталып, кейін залда тек жетінші шақырылымдағы жаңа құраммен күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

 Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысының әкімі

   Құрметті, депутаттар! Cіздерді болашақта бағамдай білетін, ел үшін қадамдарға баратын, жауапкерші лікті терең түсінетін біртұтас команда ретінде қабылдаймын. Алдарыңызда сайлауалды бағдарламаны орындау мен жаңа реформаларды жүзеге асыру міндеттері тұр. Халықты толғандыратын мәселелерді  шешудің жүйелі жоспарын жасап, тиімді жолдарын табу қажет. Өзекті мәселелерді шешіп, ел игілігі үшін бірлесе қызмет етуге шақырамын.

 Облысқа оң өзгеріс әкелуге үмітті ақжағалылардың басым бөлігі – ірі  серіктестік басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер. Оған қоса, білім мен БАҚ саласында еңбек ететін депутаттар да бар.  Олардың 30 пайызы қыз-келіншіктер  болса, жастардың үлесі 20 процентке жеткен. Гүлсім Хамитова – Жылыой ауданында кәсібін дөңгелетіп отырған бизнесмен. Алғаш рет мандатқа ие болған ол  енді өңір экономикасын дамыту бағытында қызмет етеді.

Гүлсім ХАМИТОВА, Атырау облыстық мәслихатының депутаты

    Алға қойған үлкен мақсатым – жастарды жұмысқа тарту, жұмыссыздықты жою. Қазір білім алу саласы жастар жағына кішкене қиынға түсіп жатыр. Бірақ, бизнес бастау жағынан үлкен жол ашқым келеді. Бірлесіп үлкен белестерге жетеміз деген ойдамыз.

 Отырыста облыстық мәслихат хатшылығына Әлібек Нәутиев, одан өзге мәслихат жанындағы тұрақты 4 комиссия төрағасы мен мүшелері сайланды. Сонымен қатар, жиында 2025 жылға дейін мемлекеттік бюжет есебінен 95 тұрғын үй мен 51 инфрақұрылымдық нысан тұрғызу туралы сөз болды.

Еске салсақ, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде халықтың басым  бөлігі  әлеуметтік мәселелерді ортаға салып, шешімін табуды сұраған еді. Енді күрмеленген түйінді шешу үшін депутаттарға қарқынды қызмет ету ғана қалды.

Тегтер: Caspian
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.