Автор: Сайт әкімшілігі

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөліміндегі сарбаздардың тамақтану тәртібі тексерілді. Ереже бойынша отан алдында борышын өтеп жүргендер күніне үш рет ауқаттанады. Таңғы асқа жарма, ет немесе балық өнімдерін тұтынса, түскі уақытта кешенді түскі ас беріледі. Ал кешкі мәзірге ет немесе балықтан пісірілген тағам ұсынылады. Қоймадағы азық-түлікті қабылдау, тамақтың дайындалуына кететін уақыт пен тазалық нормалары да тексерілді. Владимир ТОМКИН, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы азық-түлік қызметінің бастығы Күнделікті тамақтанудың орташа құны – 1400 теңге. Бақылаудың басты мақсаты асхананың жағдайын, санитариялық-гигеналық талаптарға сәйкестігін тексеру, сонымен қатар тамақ қалдықтарын анықтау. Оған қоса аспаздардың арнайы ережелерді сақтауы және өз-өзіне қызмет көрсетудің ұйымдастырылуы, тағамдардың жылдам әрі біркелкі таратылуы…

Read More

Стамбулда ұсталған ресейлік НТВ телекомпаниясының журналистеріне қатысты іс түрік сотына жіберілді. Оларға нақты қандай айып тағылғаны белгісіз. Стамбул провинциясы әкімшілігінің мәліметінше, 3 желтоқсан күні таңертең жергілікті полиция Ресейдің екі азаматын және олармен бірге жүрген Түркия азаматын ұстаған. Олар пилотсыз ұшу аппаратын жасайтын орталыққа жақын жерде рұқсатсыз түсірілім жасаған көрінеді. Ресей Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, жергілікті журналистер 3 желтоқсаннан бастап байланысқа шықпаған. Соңғы рет бейсенбі күні хабарласып, оларды белгісіз біреулер ұстап алып бір жерге алып кеткенін хабарлап үлгерген. Ресейлік дипломаттар түрік билігімен байланысып болған оқиғаның мән-жайын анықтауда. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, журналистер түрік әскери ұшақтарын шығаратын «Байкар Савунма» ғимаратының маңында ұсталған. Аталған…

Read More

Италияның солтүстік аудандарында ауа райы қаһарына мінді. Ылғал қардың салдарынан кей жерде ағаштар мен электр бағандары құлап, 7 мыңға жуық үй жарықсыз қалған. Жексенбі күні қар тазалайтын техникалар Випитено мен Бреннер арасындағы тасжолды толығымен тазалай алмады. Ал Орталық Италияда нөсер жаңбыр мен қардың еруі су тасқынына ұласты. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Жолда көлікпен жүру де мүмкін болмаған. Синоптиктердің болжауынша, бұл ауданда алдағы күндері де жаңбыр болады. Қыстың бұл қылығы Адриат теңізінің хорватиялық жағалауына да зиян келтірді. Оңтүстіктен сағатына 130 шақырым жылдамдықпен соққан жел орталық Далмациядағы Сплит және Шибеник қалаларына жеткен. Нәтижесінде, Хорватиядағы барлық кеме тасымалы тоқтады. Кастели мен Рогозница қалаларында…

Read More

«Қазтелерадио» АҚ «Ұлттық эфирлік цифрлық телехабар тарату желісі» жобасы аясында өңірдегі сегіз радиотелевизиялық стансаға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Олардың қатарында Мақат, Индербор, Құлсары, Миялы, Қаракөл, Сағыз, Зинеден, Сафоновка елдімекендері бар. Енді жергілікті телеарналар аймаққа қарасты 64 елдімекеннің 170 мың тұрғынына хабар таратады. Арон САБИРОВ, «Қазтелерадио» АҚ облыстық радиотелехабар тарату дирекциясының директоры Бұл 11 арна цифрлық сапада, еш абоненттік төлемсіз қосылады. Келер жылы тағы 9 стансаға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Қазір цифрлық эфирлік телехабар тарату арқылы тұрғындардың 80 процентін қамтысақ, алдағы жылы облыстың барлық көрерменін 100 процентке қамтамасыз етеміз. Егер үйіңіздегі теледидар 2013 жылдан бері қарай шыққан болса, қарапайым үй антеннасын…

Read More

Маңғыстау облысында алғаш рет қант зауыты ашылды. Жаңаөзен қаласында бой түзеген ірі кәсіпорын енді өңір халқын толықтай отандық өніммен қамтамасыз етпек. Озық технологиямен жарақтанып, жаңа мамандар сақадай сай отыр. Қытай мен тәжік технологтары жергілікті қызметкерлерге жұмыс істеу әдісін үйреткен. Жоба құны—280 млн тг-ге жуықтайды. Зауыт жылына 3 мың 600 тн өнім шығаруға қауқарлы. Ерболат СҮЛЕЙМЕНОВ, қант зауытының директоры Қазақстандағы үлкен зауыттардың көбі қызылшамен жұмыс жасайды. Біз қант құрағын пайдаланамыз. Себебі, біздің аймағымызда қызылша өспейді. Әдеттегі өнімнен ешқандай кем болмайды. Шикізатты карантинге байланысты Ресейден аламыз деп шештік. Шикізат қамыс тектес қант өндіретін өсімдіктен жасалған. Өндіріс ошағы 30-дан астам адамға тұрақты жұмыс…

Read More

Еуропалық «Gaia» орбиталық телескопы Құс жолының егжей-тегжейлі үш өлшемді картасын жасап шығарды. Онда бір миллиард сегіз жүз мың миллионнан астам аспан денесі аса дәлдікпен белгіленген. Телескоп орбитаға 2013 жылдың желтоқсанында жіберілген еді. Жұлдыздарды телескоп арқылы бақылау ғалымдарға аспан денелері мен жер шарының қалыптасу процесін жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Гюнтер Хазингре, ғалым Біз Құс жолының тарихын зерттеп жатырмыз. Археологтар секілді өткенге үңілеміз, бірақ біз бірнеше миллиард жыл бұрынғы уақытқа, Күн пайда болмаған кезге қарай жүреміз. Осылайша, алғашқы кезеңдегі Құс жолы туралы анықтаймыз. Ол болашақты болжауға көмектеседі. Қазіргі уақытта ғарышқа ұшу қолжетімді іске айналды. Оған қызығушылық танытып жатқан ел де көп. Бір…

Read More

Қазақ даласының данасы да, дарасы да болған ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде дәстүрлі студенттік- практикалық коонференция өтті. Ғұмырын ағартушылыққа арнап, келешек ұрпақты озық елдердің мәдениетін сіңіруге шақырған ерен тұлғаның үлгі-өнегесінің ғасырлар өтсе де өлмейтіні сөзсіз. Тағылымды іс-шара үш тілде өтті. Болат НЫҒМЕТОВ, С.Өтебаев атындағы АтМГУ доценті «Абай және қоғамның рухани дамуы» атты конференцияның тақырыбында көрсетілгендей, қоғамымыздың рухани өркениет мәселесінде студенттер өздерінің ойын білдіріп жатыр. Бұл – біздің дәстүрлі конференция. Қазір аясы кеңейіп, Абай атындағы педагогикалық университет пен Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері онлайн қатысып отыр. Шара карантиндік шектеулерге байланысты онлайн және…

Read More

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, Атырау облысы «сары» аймаққа енді. Кеше ғана облыстың бас санитариялық дәрігерінің орынбасары бұл күннің ауылы алыс деген еді. Алайда бір тәуліктен кейін-ақ дабыл қағатын жағдайға жеттік. Ал санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментіжұмған аузын ашар емес. Ал бас санитардың орынбасары  өңірдің сары аймаққа толықтай енбегенін айтып отыр. Себебі, вирустың ошағы әзірге тұтастай облысты емес, тек Теңіз кен орнында болғандықтан, карантиндік шектеулер қатаңдатылмайтын көрінеді.

Read More

Құрғақшылықтан зардап шегіп отқан Намибия өз аумағында пілдердің санын азайту үшін 170 сүтқоректіні сатылымға шығарды. Мұндай жарнаманы қоршаған ортаны қорғау, орман шаруашылығы және туризм министрлігі жариялады. Жануарларды аукцион арқылы ел ішіндегі, одан тыс елдердегі сатып алушылар да ала алады.  Сауда-саттыққа қатысушылар пілдерді ұстауға тиісті жағдайдың бар екендігін растайтын және олардың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін құралдардың болуына қатысты құжаттық кепілдіктерді ұсынуы керек. Сондай-ақ, шетелдік сатып алушылар өз елдеріне пілдерді әкелуге рұқсат беретін кедендік құжаттарды ұсынуға міндетті.

Read More

Жылыой ауданында «Жастар тәжірибесі» жобасы аясында жоғарғы және арнаулы оқу орнын тәмамдаушыларды жұмысқа орналастыру жүйелі жүзеге асуда. Жарты жыл мерзімге мекемелерге уақытша тағылымдамадан өтуге жіберілген жүзден аса түлектің көбі бүгінде тұрақты жұмысқа орналасқан. Әділхан ҚАБЫЛОВ, Жылыой аудандық Жұмыспен қамту орталығының қызметкері Жыл басынан бері орталыққа 102 жас тіркеліп, мамандықтарына сәйкес аудан көлеміндегі мекемелерге тәжірибе жинауға жолданды. Күні бүгінге дейін «Жастар тәжірибесіне» қатысушы жас мамандардың 70 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Осы бағдарлама шеңберінде жұмыстар жалғасын табады. Аяла Мәтжанова – дипломын енді ғана алған жас маман. Ол маусым айында аудандық жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, бағдарлама шеңберінде жергілікті мекемелердің біріне тәжірибеден өтуге…

Read More