CaapianLife, 24 қыркүйек. ҚР Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысында өткен Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде төтенше жағдай орын алғанын ресми түрде хабарлады.
24 қыркүйек күні жағалауда оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты әскери қызметшілерді теңізге алып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, толқын әкеткен 19 әскери қызметшінің 9-ы қаза тапты. 3 әскери қызметші құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалған әскерилерді іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Оқиға орнына құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Әскери-теңіз күштері, ТЖМ бөлімшелері, авиация және басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылды. Жағдайды анықтау үшін оқиға орнына Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың басшылығымен арнайы комиссия шұғыл аттанды.

