Автор: Сайт әкімшілігі

Жаңа жылдан бастап жүргізуші куәлігін алып жүрмегені үшін айыппұл салынбауы мүмкін. Көлікті тіркеу туралы құжаттың жоқтығы да жауапкершілік жүктемейді. Жаңашылдық жол қозғалысы саласындағы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған. Заң жүзеге асса, тәртіп сақшылары жүргізушіні тоқтатқан жағдайда жеке куәлікті көрсету жеткілікті. Ал қалған мәліметтер ішікі істер органдарының деректер базасында сақталған. Осылайша, кей құжаттарды қалтаға салып жүрудің қажеттілігі жоғалмақ. ІІМ өкілдерінің хабарлауынша, республика бойынша жауапты органдар бұл өзгеріске толықтай дайын. Дегенмен Атырау облысындағы жағдай беймәлім болып қалмақ. Себебі өңір полицейлері белгісіз себептермен жауап бере алмай отыр.

Read More

Альпинистердің арманы болған Эверест шыңы шамамен 1 метрге биіктеген. Қытай мен Непал билігі әлемнің ең биік нүктесі 8 848 метр, 86 сантиметр болатынын жариялады. Соңғы рет 1954 жылы өлшенген биіктік 86 сантиметрге төмен болған. Тау Непал мен Қытайдың автономиялық ауданы шекарасында орналасқандықтан, екі елдің билігі бірлескен зерттеу жүргізу туралы шешім қабылдаған. Нәтижесінде, 2019 жылдың мамыр айында шыңға бірінші болып непалдық геодезистер шыққан. Олардан кейін көп ұзамай қытайлық мамандар да жеткен. Екі елдің алған деректерін біріктіре отырып ғалымдар біртұтас тұжырымға келіпті.

Read More

Атырауда тергеу изоляторына тыйым салынған затты өткізбек болған азамат ұсталды. 8 желтоқсан күні сәлемдемелерді тексеру барысында ыстық тамақ салынған ыдыстардың ішінен төрт ұялы телефон шықты. Мұны қызметкерлер рентген аппараты арқылы анықтаған. Мейірбек УРАЗҒАЛИЕВ, УГ-157/1 мекемесінің бастығы Мекеме қызметкерлерінің қырағылының нәтижесінде рентген апараты арқылы сәлемдемелерді тексеру кезінде ыстық тамақ ішінен 4 ұялы телефон тәркіленді. Сәлемдемені әкелген азаматқа ҚР-ның әкімшілік кодексінің 481-бабының 1-бөлімі бойынша хаттама толтырылып, Атырау қалалық әкімшілік сотына жолданды. Басшының сөзінше, тұрғындар көбінде ұялы телефон мен психотроптық дәрі-дәрмекті кіргізуге тырысады. Еске салсақ, өткен аптада изоляторға жіберілген сәлемдемелердің бірінен де күдікті зат табылған еді. 25 жастағы азамат йогурттың ішіне белгісіз шөп пен…

Read More

Атырау облысында өткен тәулікте ПТР арқылы 34 адамнан коронавирус анықталды. Ал Маңғыстау облысында қауіпті дертті 3 тұрғын жұқтырған. 34 адамның ішінде 9-ы Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 20, Жылыой ауданынан 2, Құрманғазы ауданынан 3 науқас шығып отыр. Covid-19 инфекциясын жұқтырғандардың 10-ында ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, Атырауда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан емделіп шыққандар тіркелмеді. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, дәл қазір Атырау облыстық инфекциялық стационарда 42 науқас жатыр. Ал аудандардағы инфекциялық стационарда 8 (Индер, Қызылқоға, Құрманғазы аудандары), Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 188 адам ем қабылдауда.

Read More

Алты жыл бұрын Париждегі террорлық шабуылдарға қатысты істе айыптаушы жақ сотталушылардың көбіне қатаң жаза сұрады. Соның ішінде екі адамды өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап еткен. Эли Коршия, қорғаушы Али Рыза Полатты өмір бойы бас бостандығынан айыру талабын қоғам болып күтті. Айыптаушы жақ та өз арызында ашық көрсетті. Енді 16 желтоқсан күні болатын сот шешімін күту ғана қалды. 2015 жылдың қаңтарында ағайынды Куаши «Шарли Эбдо» сатиралық журнал редакциясына шабуыл жасап, 12 адамның өмірін қиған. Шабуыл жасаған 3 қылмыскер де полиция қолынан қаза тапқан еді. Қазіргі таңда террористерге көмектескен адамдарға қатысты сот өтуде.

Read More

Вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер жалған ПТР-сынаманың нәтижесімен Теңіз кен орнына кіруге тырысқан. Бұл туралы «Теңізшверойл» компаниясының өкілі арнайы брифингте мәлімдеді. Оның сөзінше, вирус жұқтырғандардан ауру белгілері байқалмайды. Соған байланысты карантиндік шаралар қатаң сақталуда. Санитарлық бекеттер қойылып, науқастар оқшауланып, кен орнына кіру кезінде жұмысшылар міндетті түрде ПТР-сынама тапсырады. Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ, «Теңізшевройл» ЖШС үкімет және жұртшылықпен байланыс бөлімнің бас менеджері Жақында Теңіздегілердің денсаулығына қауіп төндіретіндей жағдайлар анықталды.  Кей ұйымдардың қызметкерлері санитариялық посттардан ПТР сынаманың жалған анықтамасымен өтпек болған. Тиісті мемлекеттік органдарға дер кезінде хабарлама жіберілді, ресми түрде тергеу жүргізілуі тиіс. Бүгінде кен орнында вирус жұқтырғандар үшін 315 орын дайын тұр. Қазір…

Read More

«Юниверсал» дыбыс жазу корпорациясы Боб Диланның барлық әнінің авторлық құқығын сатып алды. Америкалық баспасөз беттерінің хабарлауынша, 60 жыл ішінде жарыққа шыққан 600 музыкалық шығармасы бар жинақ құны 200-ден 450 миллион долларға дейін бағаланған болуы мүмкін. Бірақ «Юниверсал» корпорациясы да, Диланның өзі де нақты соманы ашып айтпаған. Бұл сатып алу музыкалық құқық саудасының тарихындағы ең үлкен мәміле болуы да ғажап емес. Келісімде америкалық орындаушының болашақта жазатын әндеріне қатысы болмау керектігі бекітілген. Боб Дилан 80-ге келсе де, өнер көрсетуді, гастрольдік сапарға шығуды және жинақ шығаруды әлі жалғастыруда. Оны ел тарихтағы ең танымал музыканттардың бірі ретінде таниды. Дилан – Путицер сыйлығының лауреаты, АҚШ-тың…

Read More

Атыраулық дәрігерлер тірі сәбиді тоңазытқышта өлтірді деп айыпталған әріптестерін қызғыштай қорғап отыр. Облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев пен оның қол астындағы төртеуге қатысты сот ісі аяқталуға жақын. Күдіктілердің әріптестері істі біржақты деп есептейді. Меруерт АЙДАРХАНОВА, қалалық перзентхананың акушер-гинекологы Егер әр дәрігерді 20 жылға темір торға қамай берсек, жаңа білікті дәрігер дайындап шығару үшін 10 жыл уақыт керек. Ол тағы 6-7 жыл біліктілігін арттырады. Сонда 20 жыл уақытты текке кетіреміз. Қамай берсек, дәрігерлеріміз жұмыстан кетіп қалу да мүмкін. Жұлдыз АХМЕТОВА, қалалық №4 емхананың акушер-гинекологы Мен оларға әділ жаза тағайындалғанын қалаймын. Олардың осыншама уақыт жасаған еңбектері еленбей, БАҚ пен…

Read More

«Сергек» камералары жол ережесінің бұзылғанын автоматты түрде тіркейді. Алайда автокөлік жүргізушілерінің тәртіпті амалсыз бұзатын сәттері де болады. Мысалы, жедел жәрдем көлігін өткізуі мүмкін, жол көлік апаты болып, темір тұлпардың бұзылып қалатын кездері болады. Сондай-ақ, жолақтар ауа райына байланысты көрінбей қалып та жатады. Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ, Атырау облыстық ПД ӘПБ басшысы Қыс мезгілі келді. Жол таңбасы көрінбей қалған жағдайда құқықбұзушылықтар қысқартылатын болады. Жолдағы тазалау жұмыстарына және апатты жағдайларға байланысты еріксіз түрде жол қозғалысы бұзылып, сызықты басып кету мүмкін. Ондай жағдайда бейнежазба қарастырылып, ұйғарымдар қысқартылады. 3 айдың ішінде осындай 100 шақты дерек тіркеліп отыр. Жол ережесін бұзбағаныңызға сенімді болсаңыз, Нұрсая ықшамауданындағы әкімшілік полициялық…

Read More

Облыста вирусты 61 адам жұқтырған. Бұл – өткен тәулікпен салыстырғанда екі есе артық әрі соңғы үш айдағы ең жоғары көрсеткіш. Теңізде 42 жағдай тіркелген, ал қалған 17 адам вахталық әдіспен жұмыс істейді. Кен орнындағы аурудың ошағы – Сүлеймен вахталық қалашығы, ал 17 науқас Maten Petroleum компаниясының қызметкерлері. Бас санитариялық дәрігердің сөзінше, алаңдауға негіз жоқ. Өйткені, жұмысшылар арасында тұрақты түрде ПТР-тестілеу жүргізіліп тұрады. Сондай-ақ, облыс пен қала бойынша карантиндік шаралар әзірге күшейтілмейді. Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ, Атырау облысының бас санитариялық дәрігері Аурудың 80-90 проценті Теңіз кен орнынан анықталып отыр. Оның 95 пайызы симптомсыз, сондықтан өз тарапымыздан Теңіз кен орнына күшейтілген карантин шараларын енгіздік.…

Read More