Қазақстанда 10 жыл бұрын мұздатылған эмбрионнан сәби дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға берген жауабында айтылады. Ведомство мәліметінше, бұл процесс криоконсервация деп аталады. Қазақстанда фертиль жастағы әйелдерді қайта ұрықтандыру мүмкіндігі үшін эмбриондарды криоконсервациялау және сақтау жүзеге асырылады. Процесс Қазақстан денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 30 қазандағы № 624 «Донорлықты жүргізу және жыныстық жасушаларды сақтау ережесін бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі. Сондай-ақ, Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментіндегілер мұндай процедура міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында өткізілетінін айтты. Жұптарға экстракорпоралдық ұрықтандыруды жүргізуге квота берілуі мүмкін.
Автор: Сайт әкімшілігі
Атырау облысы тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне 11 айдың ішінде сауда-саттық қызметіне байланысты 500-ден астам өтініш түскен. Бұған қоса көлік қызметі саласына қатысты 253 шағым қаралған. Оның ішінде, 96 өтініш жазбаша, телеграм-бот арқылы 117, ал 27 шағымды тұтынушылар аяқтай келіп айтса, шұғыл желі көмегіне 13 тұрғын жүгінген. Мамандардың сөзінше, көбінде карантинге байланысты әуекомпаниялардың қызметіне шағым түседі. Гүлбаршын СҰЛТАНОВА, Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Каратинге, төтенше жағдайларға және авиакомпанияларға қатысты өтініштер түсіп жатыр. + Сауда саласын да қараймыз. Дүкендерге байланысты өтініштер түсіп жатыр. 2023 жылға дейін шағын бизнеске байланысты монитория жарияланған. Өтініштер қаралып, ескертіліп жатыр. «Жеке және заңды…
Киіктердің Атырауға қоныс аудару кезеңі басталды. Осыған орай жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңірде «Ақбөкен» рейдтік жұмыстары жүргізілуде. Басты мақсат – бөкендермен бірге жылжып, Атырауға аяқ басқан браконьерлердің жолын кесу. Шаралар жыл соңына дейін жалғаспақ. Іске білек сыбанып кіріскендердің арасында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары ғана емес, полицейлер, шекара қызметкерлері мен Ақжайық резерватының мамандары да бар. Азамат ӘБІҒАЛИЕВ, Индер ауданы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы бөлімінің бас маманы Желтоқсанның онынан бастап, киіктердің шағылысуы басталады. Киіктердің шағылысуынан рейдтік шараларды күшейтеміз. Өйткені шағылысқаннан бастап, киіктердің көшіп-қонуы басталып, осы Батыс Қазақстан облысынан Индер ауданына өтеді. Жоғалып кету қаупі бар ақбөкендерді…
Атырау облысындағы балық кооперативінің бірі жұмысшыларға 25 млн.теңге берешек. Қызметінен қысқарған жүз адам жалақысын ала алмай жүр. Екі айда тапқан табысы қолына тимеген балықшылар мекеме табалдырығын үш аптадан бері тоздырыпты. Бірақ басшылықтың берер жауабы біреу – компанияда ақша жоқ. Мейрамбек ҚҰСАЙЫНОВ, жұмысшы Екі айлық жалақымызды әлі ала алмай жүрміз. Бізге жұмысқа кірген кезде келісімшарт береміз деді, бірақ берген жоқ. Кеңседен кадр бөлімінің маманы келіп жүрді. Жұмыстан босатар кезде бізге ескерткен жоқ. Жұмыс қалай аяқталды, барлығымыздың жұмыстан қысқартылғанымызды айтты. Күндізгі бөлімдегі жиырма адам кетіп қалды. «Амангелді» ЖШС әр жұмысшысына 250 мың теңгедей қарыз. Әбден ашуланған жұртты көрген мекеме директоры мән-жайды ашық…
АҚШ федералды сауда комиссиясы және 48 штаттың бас прокуроры фейсбукқа қарсы сотқа арыз түсірді. Әлеуметтік желіні монополияға қарсы заңнаманы және бәсекелестік ережелерін бұзды деп айыптауда. Талап-арызда фейсбук мамандары бәсекелестерді сатып алу немесе шағын нарық қатысушыларын жою арқылы құқыққа қарсы әрекет етіп отыр деп көрсетілген. Летиции Джеймс, Нью-Йорк штатының бас прокуроры Фейсбукта үлкен ақша қоры бар, сол қаражатты пайдалана отырып әлеуметтік желі көрсеткішіне қауіп төндіретіндердің бәрін жойып отырған. Сондай-ақ әр америкалықтың жеке деректерін қорғау мәселесі де әлсіреген. Осыдан бір жарым ай бұрын Гуглға қатысты дәл осындай талап-арыз түсірілген. Ол кезде сотқа жолданған құжатқа 11 штат қол қойған.
Әскери қызметтен босату үшін онлайн өтініш беруге болады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәліметіне сенсек, Еlicense.kz электрондық лицензиялау порталында әскери қызметтен босату және әскерге шақыруды кейінге қалдыру қызметтер і қолжетімді болды. Енді әскерге шақырылушыларға әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ, олар да бұл қызметтерді онлайн режимінде ал уға мүмкіндік бар . «Бұрын осы қызметтерді алу үшін әскери комиссариатқа бару керек еді. Әскерге шақырылушылар үйден шықпай-ақ, онлайн режимінде әскерден босатуды немесе әскерге шақыруды кейінге қалдыруды алуы үшін біз ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесіп осы процесті оңтайландырдық. Қызметті 5 жұмыс күні ішінде тегін алуға болады», — деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық…
Биыл Маңғыстау облысында автомобиль жолдарын салу, қайта құрылымдау және орташа жөндеу жұмыстарына жалпы 23 млрд 335 млн теңге бөлінген. Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Адайбек Қалиев мәлімдеді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Оның айтуынша, жергілікті желі жолдарын жөндеу және қайта құрылымдау үшін республикалық бюджеттен 8 млрд 999 млн теңгеге қолдау көрсетілді және жергілікті бюджеттен 2 млрд 694 млн теңге қарастырылды. Сонымен қатар «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында көлік инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 7 млрд 764 млн теңге бөлінді. Жоба аясында 30 жоба іске асты, 1 382 адам жұмыспен қамтылды. Биыл…
Өз үйімізде тұруға қорқамыз. Бұл Балықшы ықшамауданындағы тұрғындарының жанайқайы. Олардың сөзінше, бірнеше жылдан бері апатты деп танылған үйдің жағдайы адам үркерлік. Мәдина Алмашеваның мұнда тұрақтағанына 20 жылдан асқан. Баспанасының содан бері жөндеу жұмысын көрмегенін алға тартқан ол шағымымен талай әкімге кіріп-шыққанын айтады. Мәдина АЛМАШЕВА, апатты үйдің тұрғыны Шапкенов Серік мырза өз кісілерін жіберіп, үй жаққа келіп, әр пәтерді қарады. Соңында контейнер жақтан үй береміз деп қабылдауына шақырды. Есігіміз жабылмайды. Машина жүргенде мына көше жақтан үйіміз секілдеп тұрады. Бір күні үстімізге түсіп кете ме деп қорқамыз. Үй қабырғасындағы жарық саны күн сайын артып келеді. Жертөлені лас судан тазарту да тұрғындардың өз…
Атыраулық құтқарушылар ерекше рейд ұйымдастырды. Каскадер жұқа мұздың үстімен келе жатып, суға түсіп кеткен жағдайда қандай шаралар қолдану керегін көрсетті. Бастысы – үрейге берілмеу қажет. Қос қолды шығарып, жақын маңайдағыларды көмекке шақырған абзал. Жақында Жайыққа түсіп кеткен шетелдіктің оқиғасы балықшыларға сабақ бола қоймаған сыңайлы. Қалалықтар қыстың қытымыр аязына қарамастан іске кірісіп кеткен. Биыл балық аз,- дейді олар. Құтқарушылардың сөзінше, көп жағдайда балық аулаушылар қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Тіпті, жаднамалар таратылып жатқан кезде де тыңдауға құлықсыздық танытып қалып жатты. Дегенмен алғыс білдіргендер де жоқ емес. Арман СӘРСЕНБАЕВ, облыстық ТЖД құтқарушысы Тұрғындарға ескертіп жатырмыз. Сонда да бізге құлақ аспайды. Шамамыз келгенше түсіндірме жұмыстарын…
Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев «Караванға» берген эксклюзивті сұқбатында «Арланды» пайдаланудағы министрліктің ұстанымы жөнінде жауап берді. – Жалпы, заңнама талаптарына сәйкес, Қорғаныс Министрлігі сатып алатын техниканың түрлерін, санын тек уәкілетті мемлекеттік органдармен талқылайды. Мұндай ақпарат мемлекеттік құпияларға жатады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қорғаныс өнеркәсіп кешені кәсіпорындарымен коммерциялық мәселелер бойынша жұмыс істейді, ал біз қару-жарақ пен әскери техникалардың тактикалық-техникалық сипаттамаларын және олардың санын ғана талқылай аламыз. Сондықтан, мен барлық мәліметтерді ашпай, жұртшылыққа мәлім ақпаратты қайталаймын. Бүгінгі таңда, Қорғаныс министрлігі “Қазақстан Парамаунт Инжиниринг” ЖШС-дан 90 бірлік «Арлан” бронды көлігін сатып алды. Ағымдағы жылдың соңына дейін әскерлерге 30 бірлік және…
