2020 жылдың желтоқсанында электр қуаты қазақстандықтарға бір жыл бұрынғыға қарағанда 6,5% -ға қымбаттады, деп хабарлайды zakon.kz. Energyprom.kz хабарлағандай, елорда, сондай-ақ Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары тұрғындарының қалтасын жыл сайынғы электр тарифінің өсімі көбірек қақты. Маңғыстау мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы тарифтер өзгеріссіз қалды. Өткен жылы Қазақстан 107,9 миллиард кВт / сағ электр қуатын өндірді — бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9% артық. Электр энергиясын тұтыну 107,1 млрд кВтсағ құрады, бұл бір жыл ішінде 2% артты. Өндірістің ең көп көлемі Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі, тұтынудың үлкен көлемі — Павлодар, Қарағанды және Алматы облыстары.
Автор: Сайт әкімшілігі
Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында арнаулы тиегіш техниканың тізгіненде отырған балалардың бейнежазбасы жарияланды. Бұл туралы Lada.kz хабарлайды. Маңғыстау облысының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл видео өткен жылдың қазан айында түсірілген. Осы жағдай бойынша жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылған. 26 қаңтарда әлеуметтік желіде тиегіштің тізгінінде кәмелет жасыфна толмаған балалар отырған бейнежазба жарияланды. — Аталған факті бойынша Жаңаөзен патрульдік полиция ротасының қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 5-бөлігі бойынша хаттама толтырды. Сондай — ақ, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қызметкерлер 127-бап (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) және 128-бап (Кәмелетке…
Келесі сот отырысы 1 ақпанға қалдырылды Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Каюпов үйінен табылған конверт толы ақшаның сыйлық екенін айтып ақталған еді. Онлайн режимде өткізілген сот кезінде экс-шенеунік бұл конвертті ұжымдастарының туған күніне сыйға тартқанын айтты. Тіпті, осы сыйлықты алған кезде өзінің мас болғанын да жасырмады. Айтуынша, конвертте қанша ақша салынғанын қарайтын жағдайы болмаған. Бұл туралы AstanaTV хабарлайды. Ал, тендерге қатысқан компания өкілі мұны теріске шығарып берді. Оның айтуынша, Болатбек Каюпов тендерде көрсетілген соманың 10 пайызын сұратқан. Кәсіпкер басқарма басшысының талабын орындауға мәжбүр болғанын айтады. Яғни, даулы конверттегі ақша — осы қаржының бір бөлігі. Бір қызығы, пара ретінде…
Батыс Қазақстан облысында бақташы 36 дана киік мүйізімен ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, өңірде 18 қаңтар – 1 ақпан аралығында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары мен Жәнібек ауданы полиция бөлімі бірлесіп жүргізген рейдтік іс-шаралар кезінде Борсы ауылдық округіндегі қыстақ маңында шаруа қожалықтарының бірінде малшы болып жұмыс істейтін 27 жастағы тұрғын қолға түсті. Одан 36 дана киік мүйізі тәркіленіп, сот-биологиялық сараптамаға жіберілді. Осындай оқиға көршілес Бөкей ордасы ауданында да болды. «Құрманғазы» қыстағы маңында қос мүйізі бар киіктің басын заңсыз тасымалдаған 1990 жылғы тұрғын ұсталды. Қазіргі кезде екі оқиға бойынша…
Нұр-Сұлтан қаласында тұратын ауған соғысының ардагерлері президенттен көмек сұрайды. Айтуларынша 2010 жылы Иманғали Тасмағамбетовтың өзі табыстаған пәтерлерін әкімдік аттарына тегін аударып алуларына рұқсат бермей отыр. Жиналғандар елге еңбегіміз сіңді сондықтан тегін үй талап етеміз дейді, деп хабарлайды Oinet.kz «Информбюро» жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
22 300 адам БЖЗҚ-нан біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға мақұлдама алды. Бұл туралы Отбасы банкінің желідегі парақшасында жазылды. «Дәл қазіргі уақытта 22 300 адам БЖЗҚ-нан біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға мақұлдама алды!», — делінген Банктің хабарламасында. Еске салсақ, 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды. Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі. 23 қаңтардан Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталды. Арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы үш сағаттың ішінде 4 мыңнан астам адам өтініш берді.
Коронавирусқа қарсы вакцинаны 18 жасқа толған, жазбаша түрде келісім берген және екпеге қарсы реакциялары жоқ азаматтар ғана салдырта алады. Кімге вакцина салдыруға болмайтыны туралы Алматы қаласы №4 қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Зарина Алтынбекова айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Маман Алматы емханаларында «Спутник V» вакцинасымен иммундауды жүргізу алгоритмдері туралы айтып, коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін салдыра алатынын және кез келген адам вакцинадан жазбаша түрде бас тартуға құқылы екенін атап өтті. «Вакцина екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші компонентте 0,1 медициналық дозада, содан кейін 21 күнде 0,5 медициналық дозада салынады» деді дәрігер ӨКҚ онлайн-брифингте. Сондай-ақ маманның айтуынша, коронавирусқа қарсы екпе вакцинацияға қарсы көрсетілімі жоқ, келісім…
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі елдің құзыретті органы ретінде көмірсутектерге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша электрондық аукцион өткізетіндігі туралы хабарлайды. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша аукцион электрондық аукциондар операторының www.gosreestr.kz веб-сайтында өткізіледі. ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аукционды өткізу күні 23 сәуірге белгіленген. Бұл ретте аукцион Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі және аукцион астана уақыты бойынша сағат 11:00-ден кешіктірілмей басталады. Аукционға қатысуға өтініштерді беру мерзімі 25 наурызға дейін, электрондық аукциондар операторының www.gosreestr.kz сайтында жүргізіледі. Аукционға қатысу үшін жарна мөлшері 100 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) немесе құзыретті органның аукцион өткізу туралы хабарламаны жариялау сәтіне белгіленген 291 700 теңгеге (2021 ж. 1 АЕК — 2…
Сот жабық режимде өтті Маңғыстау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кішкентай қызды зорлау ісіне қатысты үкім шығарды. Бұл туралы sputnik.kz. хабарлайды. Сот жабық режимде өтті. Мемлекеттік айыптаушы, зардап шегушінің заңды өкілі, сотталушы және қорғаушысы қатысты. 2020 жылдың 28 мамырында түнде таныс әйелдің үйіне барған. Ол үйінде болмады. Пәтерде кішкентай қызы ғана болды. Сотталушы баланы беті мен басынан бірнеше рет ұрып, зорлады. Айыпталушының қорғаушысы кінәсі дәлелденбегендіктен, қылмыстық істі тоқтатып, сотталушыны босатуды сұрады. Алайда сот өмір бойына соттауды сұраған мемлекеттік айыптаушының талабын толықтай орындады. Еске сала кетсек, өткен жылдың желтоқсан айында Байқоңырда педофил өмір бойына түрмеге қамалды. Ол 2013 жылы…
Атырау, Caspian Life. Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бүгін Қайрат Нұрлыбаев Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісілген жаңа орынбасарын жергілікті активке таныстырып, жұмысына табыс тіледі. Қайрат Есқабылұлы Нұрлыбаев 1973 жылы 2 мамырда Атырау облысы Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатында аға референт ретінде бастаған. 1996-1997 жылдары Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы «Мұқыр» акционерлік қоғамында жөндеуші-техник болып жұмыс істеген. 1999 жылы Қызылқоға ауданының Мұқыр селолық округі әкімінің аппаратына…
