Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында арнаулы тиегіш техниканың тізгіненде отырған балалардың бейнежазбасы жарияланды. Бұл туралы Lada.kz хабарлайды.
Маңғыстау облысының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл видео өткен жылдың қазан айында түсірілген. Осы жағдай бойынша жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылған.
26 қаңтарда әлеуметтік желіде тиегіштің тізгінінде кәмелет жасыфна толмаған балалар отырған бейнежазба жарияланды.
— Аталған факті бойынша Жаңаөзен патрульдік полиция ротасының қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 5-бөлігі бойынша хаттама толтырды. Сондай — ақ, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қызметкерлер 127-бап (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) және 128-бап (Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту) бойынша хаттамалар жасады, — деп хабарлады өңір полициясы.
Іс материалдары Жаңаөзен әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бөліміне тапсырылды.