Автор: Сайт әкімшілігі

Министр балаларды спорт секциялары арқылы қосымша сабақтарға тарту врқылы олардың денсаулығын нығайту үшін маңызды екенін атап өтті Осы жылдың қаңтарынан бастап дене шынықтыру мұғалімдеріне ай сайын 17 697 теңге үстемақы төленеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады. «2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақшалар, мектептер мен колледждердегі дене шынықтыру мұғалімдерінің айлығына жаңа қосымша ақы тағайындалды. Енді дене шынықтыру мұғалімдерінің еңбекақысына ай сайын қосымша 17 697 теңге төленеді», – деп жазды министр Facebook-те. Ол дене шынықтыру мұғалімдерінің функционалы кеңейіп отырғанын айтты. Мұғалімдер әдетте өткізетін дене шынықтыру сабақтарынан бөлек, қосымша спорттық-сауықтыру сабақтарын, яғни секциялар өткізеді. «Әр мұғалім қосымша секциялық сабақтар өткізеді,…

Read More

Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен ер адам Атыраудан табылды. Бұл туралы  ҚазАқпарат  хабарлайды. Бәйтерек ауданы Дариян ауылында тұратын 34 жастағы, көз жанарынан екінші топтағы мүгедек Леонид Богомолов үйінен 14 қаңтар күні шығып кеткен. Содан бері үйіне оралмаған ер адамды полиция қызметкерлері іздестірген болатын. Бәйтерек ауданы Приурал полиция бөлімі 14 күннен кейін Л.Богомоловтың кеше Атыраудан табылғанын жеткізді. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, өткен жылы облыста жоғалған азаматтарды іздестіру жөнінде 145 арыз түсіп, 96 адамның қайда жүргені қысқа мерзімде анықталған. Биыл іздестіру барысында Оралда бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 38 жастағы ер адамның қайда жүргені белгілі болды. Ол 5…

Read More

Алмалы аудандық соты аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовқа қатысты сот үкімін шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Процесс онлайн режимде өтті. «Қуат Хамитовты ҚР ҚК 272-бабының 3-бөлімімен айыпты деп тауып, 6 айға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарылды», — деді судья. Айыпталушы сот үкіміне 15 күн ішінде апелляциялық шағым түсіре алады. Оның алдында спортшы соңғы сөзін айтқан болатын. Ол шетелге шығуға тыйым салмауын өтінген еді. Қуат Хамитов ҚР ҚК 272 бабының 3-бөлімі бойынша (билік өкіліне бағынбауға шақыру, жаппай құқықбұзушылыққа тарту, арандату, азаматтарға күш қолдануға шақыру) қозғалған іс Алмалы аудандық сотында қаралып жатыр. Айта кету керек, былтыр қыркүйекте қазақстандық аралас жекпе-жек…

Read More

Халықтың қалған контингентіне COVID-19 вирусына қарсы вакцина мамырдан бастап салынады. Дәрігерлер, мұғалімдер және күш құрылымдары қызметкерлерінен бөлек, халықтың қалған контингентіне қашаннан бастап коронавирусқа қарсы вакцина салатыны белгілі болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов мәлімдеді. «Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, әсіресе жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, сондай-ақ басқа да бейіндегі қызметкерлерге ақпаннан бастап екпе салынса, педагогтар мен күш құрылымдарының қызметкерлері наурыз айында; студенттер сәуірден бастап, мамыр айында вакцина көлемінің жеткілікті болуына қарай халықтың қалған контингенті қамтылады», — деді Марат Шоранов. Вице-министр вакцинация жүргізер алдында дене температурасын, сатурацияны, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесін…

Read More

«Аэрофлот» әуекомпаниясы пандемияға байланысты тұрақты халықаралық рейстердің ұшу бағдарламасына өзгерістер енгізді. Бұл туралы әуекомпания сайтындағы хабарламада айтылған.  28 наурыз бен 30 сәуір аралығында Мәскеуден Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларына рейстер тоқтатылды. «Әуекомпания сайты немесе байланыс орталығы арқылы аталған бағыттарға билет сатып алған жолаушыларға билет ақысы төлеу нысаны және қолданыстағы қағидаларға сәйкес автоматты түрде қайтарылады. Әуе билеттерін «Аэрофлот» сату кеңсесінен немесе агенттіктен сатып алған жолаушылар ақшасын қайтару мәселесі бойынша сатып алған орнына хабарласуы қажет», — деп хабарлады компания.

Read More

Коронавирусқа қарсы вакцинаны 18 жасқа толған, жазбаша түрде келісім берген және екпеге қарсы реакциялары жоқ азаматтар ғана салдырта алады. Кімге вакцина салдыруға болмайтыны туралы Алматы қаласы №4 қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Зарина Алтынбекова айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Маман Алматы емханаларында «Спутник V» вакцинасымен иммундауды жүргізу алгоритмдері туралы айтып, коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін салдыра алатынын және кез келген адам вакцинадан жазбаша түрде бас тартуға құқылы екенін атап өтті. «Вакцина екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші компонентте 0,1 медициналық дозада, содан кейін 21 күнде 0,5 медициналық дозада салынады» деді дәрігер ӨКҚ онлайн-брифингте. Сондай-ақ маманның айтуынша, коронавирусқа қарсы екпе вакцинацияға қарсы көрсетілімі жоқ,…

Read More

Қазақстан парламенті мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитеті сенсациялық заң жобасын кері қайтарып алу және оны палатаның талқылауына шығармау туралы шешім қабылдады. Заң жобасы депутаттардың бастамасымен 2019 жылы президенттің елдегі отбасылық-тұрмыстық жанжалдар санының артуы туралы айтқан жолдауынан кейін көтерілді. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Sputnik Қазақстанға бұл заң жобасы парламентте 10 айдан астам уақыт талқыланып жатқанын айтты. «Жұмыс топтары тоқтамастан заң жобасымен жұмыс істеуді жалғастырды. Парламенттен басқа, 55 ұйым заң жобасымен жұмыс істеп жатыр. Қазір көпшілігі депутаттарға жала жауып жатыр», — деді депутат. Ирина Смирнова мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмилә Нұрманбетованың құжатты қайтарып алуға және оның мазмұны бойынша одан әрі жұмыс істеуге шешім қабылдағанын айтты.…

Read More

«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, Атырау облысының аумағында 27 қаңтар 20.00 сағаттан бастап 28 қаңтар сағат 20.00-ге дейін желдің екпіні  15-20 м/с. болуы күтілуде. Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: – егерде сізкөшеде қатты желге тап болсаңыз, ғимараттар мен құрылыстарды паналау кажет. – қатты желден үйлердің қабырғаларына жақын тығылмаңыз, өйткені шифер және басқа да шатыр материалдары шатырлардан құлап кетуі мүмкін. – жоғарғы қабаттың терезелерінен құлаған әйнек, сондай-ақ желмен жыртылған шатыр элементтері қауіпті болуы мүмкін. -үзілген сымдарға жақындау қауіпті. – сонымен қатар билбордтардан, маңдайшалардан, жол белгілерінен, электр желілерінен аулақ болуыңыз керек. – үлкен ағаштардың жанында болу қауіпті, сондай-ақ…

Read More

Бүгін Атырауда «Халық арнаның» аймақтағы филиалы ашылып, жұмысын бастады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төл арнасының филиалы тұңғыш рет Атырау облысында ашылып отыр. Бұл туралы Орталық мешіттің баспасөз қызметі хабарлайды. Орталық «Иманғали» мешіті​ жанынан жұмысын бастаған каналдың ашылу рәсімі қасиетті Құран аяттарын оқылуымен басталды. Бұдан соң Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау хаты оқылды. «Қазіргі уақытта имамдар алдында ақпарат алаңына иелік ету міндеті тұр. Қоғамға қажетті, ізгілікті ту етіп көтеретін, адамгершілікке шақырып, ой салатын тақырыптарды көтеріп, сүбелі сұхбаттар ұйымдастырып, әсерлі уағыз-насихат жүргізу қажет. Жаңа студия құнды ақпарат пен құнарлы уағыздың алаңы болсын деп тілеймін» делінген құттықтауда. Филиалдың ашылу рәсіміне арнайы қатысқан Ақпарат және қоғаммен…

Read More

Атырау облысы – экономикалық даму бойынша кенже қалған өңірлердің қатарында. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мәмин Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндады. Ол отандық өндірушілерді қолдау үшін ең қарапайым жұмыстардан бастап бақылауды күшейту керектігін атап өтті. Үкімет басшысы өз баяндамасында өңірлер арасында жобалардың әлдеқайда жүзеге асуы Алматы қаласында, Жамбыл, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында байқалғанын айтты. Ал тізімнен Батыс Қазақстан, Павлодар және Атырау өңірлері төбе көрсетпеді. Яғни бұл осы аймақтардың артта қалғанын білдірді

Read More