CaspianLife, 24 қыркүйек. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құрамында триэтилалюминий іздері бар полимерлі зат биг-бэгтерде сақталған.
Материал кәсіпорында жүргізіліп жатқан жоспарлы тоқтату-жөндеу жұмыстары кезінде жабдықтарды тазалау барысында жиналған.
Өрт жедел түрде сөндіріліп, жағдай кәсіпорын мамандарының бақылауына алынған. Компанияның хабарлауынша, сағат 14:00-де өндірістегі жағдай толық тұрақтанған.
Зауыттың баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жабдықтар мен мүлікке залал келмеген. Қызметкерлерге және өндірістік үдеріске қауіп төнбеген.
Қазіргі уақытта жағдай кәсіпорын мамандарының бақылауында.

