Автор: Сайт әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустың таралауына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайды хабарлады. Бірінші ақпандағы жағдай бойынша Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұр. «Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облысы бар. Ал қалған өңірлер «жасыл» аймақта тұр. Қазақстан Республикасы инфекцияның таралуы бойынша «сары» аймақта. Бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті.

Read More

Нью-Йоркте қазақ радиосы іске қосылды. Нақты айтқанда, «Freedom FM» радиосы күнделікті 2 сағатты қазақ тіліндегі жаңалық пен музыкаға арнайды. АҚШ-та «Qazaq time» радиосы қалай пайда болғаны туралы ҚазАқпарат хабарлады. Жерлесіміз Данияр Қожан – Алматының тумасы. Ол қаладағы Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Нью-Йоркте тұрып, жұмыс істеп жатқанына 3 жылдан асқан. Онда Данияр адвокаттың PR менеджері болып қызмет етеді. Сондай-ақ, отандасымыз АҚШ-та қазақ мәдениетінің өркендеуіне үлес қосып жүр. Нью-Йорктегі «Qazaq time» радиосы санаулы күн бұрын ғана алғаш эфирге шықты. Қазақстанның Нью-Йорктегі бас консулы Алмат Айдарбеков, «Жұлдыз ФМ» радиосындағы әріптестер және Нью-Йорктегі қазақ полицейі Димаш Ниязов оның бағдарламасына қонақ болған. «Қазіргі…

Read More

Атырау облысының бас санитар дәрігері өзінің қаулысына жеңілдік енгізді. Атыраудың оқушылары мен студенттерінің бір бөлігі 1 ақпаннан бастап дәртүрлі оқу форматына көшеді. «300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін, білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаған кезде дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етілсін; жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін қоса алғанда ата-аналардың өтініші бойынша 15 баладан аспайтын сыныптардың жинақталуын сақтай отырып, оқытуға рұқсат етілсін; білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат етілсін; бітіруші сыныптар үшін (9,…

Read More

1 минуттық тест мінезіңіздің құпиясын ашады Ғалымдар адамның телефон ұстауына қарап мінезін тануға болатынын айтады. Қалта телефонын қолға ұстаудың төрт негізгі әдісі бар және олардың әрқайсысы адамның жеке басына сәйкес келеді. Өзіңіз туралы қызықты деректерді біліңіз! А. Телефонды бір қолға ұстап, бас бармақпен терсеңіз: Телефонды бір ғана қолмен ұстау адамның көп тапсырмаға қабілетті екенін білдіреді. Сіз ұйымшыл және тәртіптісіз, сіз әрқашан өзіңізге ненің жақсы, ненің жаман екенін түсінесіз, яғни ақ пен қараны бірден ажыратасыз. Сіз тыңдаудан гөрі көп сөйлегенді ұнатасыз, бірақ сіз ешкімге зияны жоқ жансыз. Сіз нағыз махаббатты қалай ажыратуға болатынын білесіз. Сіздің сүйіктіңіз үшін сіз бәріне дайынсыз. B. Телефонды екі…

Read More

 Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында елдің жағасын ұстатқан оқиға болды: 35 жастағы әйел өзінің жүкті екенін жасырып, ал босанған соң сәбиді қоқыс жәшігіне тастаған. Бұл оқиғаны облыстық Денсаулық сақтау басқармасы растады.  Аудандық дәрігерлердің айтуынша, әйел амбулаторлық есепке тұрмаған және айы-күні жеткенше ешкімге тіс жармаған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Құдаманова әйелдің жағдайы нашарлаған соң ғана жедел жәрдем шақырғанын айтты. 35 жастағы әйел әуелі босанғанын мойындамаған, ол аборт жасағанын, сондықтан қан кетіп   жатыр деп түсіндірген. «Жүкті әйел амбулаторлық есепке тұрмаған. Ол өзінің аяғы ауыр екенін жасырып, учаскелік дәрігерге көрінбеген. Аудандық медициналық ұйымдардың акушер-гинекологтары пандемияға байланысты жүкті әйелдермен онлайн…

Read More

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов вакцина салдырды және егуден кейінгі хал-жағдайын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «Ешқандай қолайсыздық сезіп тұрған жоқпын. Ең алдымен вакцина алатын адамды дәрігер тексереді, анамнез алынады. Дене қызуы, қан қысымы, жұтқыншақ тексеріледі. Содан кейін дәрігер ол адамға вакцина салуға рұқсат береді. Пациент ерікті түрде вакцина алатыны туралы ақпараттық келісімге қол қояды. Егер ол барлық процедуралармен келіссе, 21 күннен кейін вакцинаның екінші кезеңіне де келуі керек», — деді Ерлан Қиясов №6 қалалық емханада тілшілерге берген сұхбатында. Оның айтуынша, барлық кезеңде барлық жауапкершілік емдеу мекемелеріне жүктеледі. «Барлық жауапкершілік ортақ болады. Әрине, денсаулық…

Read More

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады. Сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысына дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін рұқсат етіледі, бірақ жексенбі күндері тыйым салынады. Сондай-ақ, қаулыда былай делінген: азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарларға жұмыс және демалыс күндері штаттық режимде, ал азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарларға, жексенбі күндерін қоспағанда, толымдығы 30 пайыздан аспайтын және бір келушіге кемінде төрт шаршы метр сақталған жағдайда, әлеуметтік қашықтықты, бетперде тағу режимін, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып штаттық режимде жұмысына рұқсат етілсін; қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (мекемелерде),…

Read More

Атырау, Caspian Life. Облыста браконьерлік іс азаймай тұр. Былтыр балық қорғау заңнамасын бұзған 2,5 мыңнан астам факті тіркелді. Оның 10%-і бойынша дайындалған материалдар әкімшілік сотқа жолданды. Ал 17 істе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар. Мәселен өткен жылдың қазан айында Құрманғазы ауданында қайық ұсталып,, одан 300 келіге жуық аулауға қатаң тыйым салынған бекіре тұқымдас балық табылды. Рүстем ҚОРҚЫТОВ, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының баспасөз хатшысы  Өткен жылы инспекциядағы істермен Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы айналысты. Оның негізгі міндеттерінің бірі  — Жайық-Каспий бассейнінде балық ресурстарын сақтау үшін заңдылықты қадағалау және құқық қорғау. Сондай-ақ, табиғат  қорғау органдары мен…

Read More

 Маңғыстау музыкалық драма театрының бұрынғы басшысына 14 миллион теңге айыппұл салынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, Нұрнияз Мұханов 2 жыл бойы жұмыс істемейтін қызметкерге жалақы төлеген. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады. Екі жыл ішінде оның шотына 1,5 миллион теңге аударған. Ер адамға қызмет бабын қолдана отырып, сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу бойынша айып тағылды. «Театрдың бұрынғы директорына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Осы бап бойынша жаза түрі он есе мөлшерде айыппұл салуға өзгертілді», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің тергеушісі Аслан Атшыбаев. Драма театрды 17 жыл…

Read More

Депутат Айдос Сарым Мәжілістегі жалақы туралы айтты. Оның айтуынша, мәжілісмендер 500-ден 800 мың теңгеге дейін айлық алады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. «Мен әлі білмеймін, алған жоқпын. Шынымды айтсам, тұрмыстық мәселелерге жоқпын. Бүгін тұрмыстық мәселелер бойынша отырыс болады. Жалақы қызықтырады, әрине. Бірақ әлі уақыт болған жоқ. Менің әкем ауырып қалды, Алматыда ұзақ уақыт болдым, сондықтан тұрмыстық мәселелермен айналысуға уақыт болмады, үлгермедім. Шамамен қанша болатыны айтылды. Менің ойымша, 500 мыңнан 800 мың теңгеге дейін. Бұл еңбек өтіліне, ғылыми дәрежесіне байланысты. Шамамен солай, ол үшін профессор болу керек (шамамен 800 мың теңге алу үшін. — ескерту). Мемлекеттік қызметте 30 жыл жұмыс істеу, генерал болу, атаққа ие…

Read More