2022-2026 жылдарға арналған «Еңбек» ұлттық жобасы әзірленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті дамыту үшін микроқаржы ұйымдарының халыққа кредит беруге қатысуын жандандыру және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы тетіктерін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша жұмысқа орналастырылғандар туралы ақпаратты автоматты түрде тексеруді енгізуді тапсырған болатын», — деді ол. Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында 2021 жылдың наурыз айының соңына дейін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына мемлекеттің және «Атамекен» ҰКП-ның қатысуымен микроқаржы ұйымдар құру бөлігіне өзгерістер енгізіледі және соңғы қарыз алушыға 6…
Автор: Сайт әкімшілігі
Атырауда «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күнінде заң бұзған 25 иммигрант анықталды. Бұл шетелдіктердің Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасына пысқырмайтынын көрсетеді. Жедел іс-шара барысында Өзбекстанның 24 азаматы және Ресейдің 1 азаматы елден шығарылды. Олар бұған дейін де тәртіп сақшыларына тұтылғандар, сол кезде сот шешімін орындамай, уақытылы елден кетпегендер. Профилактикалық шара 5 ақпанға дейін жүргізіледі. Мақсаты – Республика аумағында жүрген шетелдіктерді бақылауда ұстау және Қазақстан заңнамасын бұзған жағдайда елден шығарып жіберу.
Ақтөбе облысында «КМК Мұнай» мен «АМК Мұнайдың» жұмысшыларына жалақыны көтерді. Енді, Маңғыстау облысының мұнайшылары еңбекақыны көтеруді талап етіп отыр, деп хабарлайды «Диапазон» хабарлайды. Бұған дейін Ақтөбе облысындағы Темір ауданында жұмыс істеп жүрген мұнайшылар ереуілге шыққан болатын. 25 қаңтарда Көкжиде кен орнында «КМК Мұнайдың» 100-ге жуық жұмысшысы бас көтерсе, төрт күннен кейін Башенкөлде «АМК Мұнайдың» 62 мұнайшысы көшеге шықты. Барлығы жалақыны көтеруді талап етті. Себебі орташа жалақы 60-150 мың теңгеден аспайды. Мұнайшылар президентке бейнеүндеу де жариялады. Облыстық еңбек инспекциясының басшысы Саламат Аманбаевтың айтуынша, «КМК Мұнайда» жұмысшылардың жалақысын 20 процентке көтеруге шешім қабылданды. Оған қоса, тарифтік разрядтарды көтереді. Осылайша, еңбек дауы шешіліп, мұнайшылар…
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді. – Жеке иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR-кодтарды енгізу үшін EgovMobile отандық мобильдік қосымшасын қосу жоспарланған, ол «Ашық» медициналық қосымшасымен біріктірілген. Онда медициналық ақпараттық жүйелердегі азаматтар бойынша, оның ішінде QR-код құралдары бойынша тексеруге ұсыну үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өту туралы деректер жинақталады, – деді Алексей Цой.
«Атырау облысы бойынша вакцинацияның бірінші күні 135 адам COVID-19-ға қарсы екпе алды»,- деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 55 адам № 3 қалалық емханада, 70 адам Геолог емханасында және 10 адам № 2 облыстық ауруханада екпе салдырды. Екпе алғандардың бәрі өздерін жақсы сезінді. Денсаулықтары қалыпты. Жанама ешқандай әсері байқалған жоқ. Айта кетейік, облыс бойынша барлығы 24 алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарында халықты вакцинациялау үшін орындар жабдықталған. Оның 15 мемлекеттік ұйымдар, қалғаны — жеке меншік медициналық мекемелер.
Ақтаулық полицейлер марихуана тасымалдаған жергілікті азаматты қолға түсірді. Күдіктінің автокөлігін тінтіп, тексеру кезінде отырғыш астынан бір бума табылған. Оның ішінен өзіндік иісі бар сіріңке қорабына салынған 80 дана есірткі заты шықты. Жалпы салмағы 776 грамм дейді сақшылар. Сараптама қорытындысы марихуана екенін көрсетіпті. Қазіргі таңда күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Айғаным РАХМЕТОВА, Маңғыстау облыстық ПД өкілі Аталған дерек сотқа дейінгі біріңғай тізіліміне енгізілді. ҚР ҚК 297 бабы 1 бөліміне сәйкес тіркелді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Атырау, Caspian Life. Басқаларға қарағанда атыраулықтардың табысы көбірек. Статистика департаменті берген мәліметтерге сүйенсек, өңірдегі орташа айлық жалақы — 377 446 теңге. Ал сала бойынша алып қарасақ, ең жоғары жалақы — мұнай-газ қызметкерлерінде. Олар 970 мың теңгені қалтаға басады. Ең төменгі жалақы – ауыл, орман және балық шаруашылығы жұмысшыларының еншісіне тиген, яғни — 97 829 теңге. Байқағанымыздай табыстағы айырмашылық жер мен көктей. Дәл осы мағлұмат туралы көпшіліктің пікірін білдік.
Атырау, Caspian Life. Мектеп пен өзге оқу орындары шәкірттермен толыға бастады. Бұл Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы негізінде жүзеге асты. Нақтырақ айтқанда, 5 сынып пен 9-11 бітіруші кластар енді білімді офлайн алады. Сонымен қатар, халықаралық мектепте тәлім алатын 7 сынып оқушылары да негізгі пәндерді білім ордасында оқиды. Оған қоса, сабақтан тыс уақытта 5 оқушыдан аспайтын топтарда қосымша сабақ өткізуге рұқсат етілді. Түсірілім тобы табан тіреген №30 мектеп-гимназиясының оқушыларының жүзінен ерекше қуаныш байқалады. Себебі, шәкірттер өз сыныптастарымен қоса, ұстаздарымен қауышқанына дән риза. Әбдірахман ТӨЛЕГЕН, 9-сынып оқушысы Бүгіннен бастап біз офлайн оқитын болдық. Яғни, күнде өзіміздің достарымызбен сыныптастарымызбен оқитын боламыз.Мен…
Атыраулық шенеуніктер вакцина қабылдады. Екпені бірінші болып облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова салдырды. Жалпы «Спутник-V» екпесін салу екі кезеңнен тұрады. Бүгін екпені қабылдағандар 3 аптадан кейін екінші дозасын салдыру қажет. Инфекциядан сақтанудың алғашқы қадамын облыстың бас санитары, онкологиялық диспансер мен облыстық аурухана директоры және өңірдің бас дәрігері жасады. Олар инені медициналық тексерістен өткеннен кейін салдырды. Кейін 30 минут тынығып, әсерлерімен бөлісті. Асхан БАЙДУАЛИЕВ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Соның алғашқы қатарында тұруға өзім шештім. Өйткені өз басым ойлаймын бұл вакцинация негізіндегі біздің халықтың денсаулығына ешқандай зияндылығын алып келмейді .Бізге қайта індетпен күресуге, жоюға көмектеседі. Басқарма басшысы атыраулықтардың 50 пайызы екпе…
Маңғыстау, Caspian Life. Ақтауда түнгі уақытта көпқабатты үйдің астында орналасқан автотұрақта BMW X-5 және ТОЙОТА ЛАНДКРУЗЕР көліктері өртеніп кетті. Жер асты паркингіндегі басқа да техникалар сыртқа шығарылып, қауіпсіз аумаққа көшірілді. Оқиға орнында облыстық ТЖД арнайы техникасы мен бірнеше қызметкер жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер қанша су құйып, көбік шашқанымен де, санаулы минуттардан соң қымбат қос көліктің құр қаңқасы ғана қалды. Қызыл жалын қасындағы тағы екі көлікті қатты зақымдаған. Төтеншеліктердің мәліметінше, адам шығыны жоқ, ешкім зардап шекпеген. Мұрат МҰҚАНОВ , Маңғыстау облыстық ТЖД басшысы Аталған өртке Маңғыстау облысы ТЖД 35 қызметкер және 6 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар нысан көзін қоршауға қорғау үшін…
